Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемАрдак Омарова
1 Электрлі тораптардың классификациясы: токтың түрі бойынша: айнымалы және тұрақты токтың тораптарын айырады; номиналды кернеуі бойынша: аса жоғары, жоғары, орта және төмен; орындалатын функциялары бойынша тораптар жүйе қалыптастыратын, қоректендіретін және тарататын болады; тұтынушының сипаттамасы бойынша тораптар өнеркәсіптік, қалалық жене ауылшаруашылық болып белінеді; сұлбаның конфигурациясы бойынша тораптар тұйықталған және тұйықталмаған болып белінеді.
2 Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылымы Электрмен жабдықтау - тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету. Электрмен жабдықтау жүйесі - тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған электр қондырғылардың жиынтығы.
3 Объектіні электрмен жабдықтаудың ықшамдалған құрылымы
4 Объектіні электрмен жабдықтаудың ықшамдалған сұлбасына: қоректендіру көзі (ҚК); электр энергиясын қорек көзінен кәсіпорынға тасымалдаушы - электр беріліс желілері (ЭБЖ); электр энергиясын қабылдау пункті (ЭҚП); тарту тораптары; электр энергиясын қабылдағыштар (ЭҚ) кіреді.
5 Барлық ЭҚ келесідей көрсеткіштер бойынша топтастырылады: электротехникалық көрсеткіштері бойынша; жұмыс режимі бойынша; электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша; қоршаған орта әрекеттерінен қорғалып жасалуы бойынша.
6 Электрлік қондырғы (ЭҚ) - электр энергиясын өндіру, түрлендіру, жеткізу, жинау, тарту жене оны энергияның басқа түрлеріне түрлендіруді жүзеге асыратын машиналар, аппарат тар, электр беріліс желілері, көмекші қүрылғылардың жиынтығы.
7 Электротехникалық көрсеткіштер бойынша жиілігі 50 Гц, үш фазалы ток кернеуі 1 кВ жоғары ЭҚ; жиілігі 50 Гц, үш фазалы ток кернеуі 1 кВ дейінгі ЭҚ; жиілігі 50 Гц, бір фазалы ток кернеуі 1 кВ дейінгі ЭҚ; 50 Гц жиіліктен өзге жиілікте жұмыс істейтін ЭҚ; тұрақты ток ЭҚ.
8 Жұмыс режимі бойынша Жалғасымды жұмыс режимі. Қысқа уақытты жұмыс режимі. Қайталама-қысқа уақытты жұмыс режимі.
9 Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша электр қабылдағыштар үш категорияға топтастырылады: I категориялы электрлік қабылдағыштар II категориялы электрлік қабылдағыштар III категориялы электрлік қабылдағыштар
10 Қоршаған орта әрекетінен қорғау бойынша климаттық жасалымы мен орналасу категориясы бойынша; ылғал мен қатты денелердің түсуінен қорғау дәрежесі бойынша; өртқауіпті аймақтардағы жұмысты қорғау дәрежесі бойынша; жарылыс қаупі бар аймақтарда жұмысты қорғау дәрежесі бойынша.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.