Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемNurseitvip Seitkhan
2 Ағаш өңдеу – ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жара ту жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металл мен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т. б. тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы ( көбіне ыдыс - аяқ түрлерін ), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін ( ұстын, тіреу, есік, қақпа және т. б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек ( металл ) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып ( күйдіріп ) шығады. Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін ( текстура сын ) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алиса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, об - өрнек түрлерінқарыптүсірген. Ағашбөліктерінқатарластырақари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қара түстің арасындағы реңдерді шығарған.
3 Ағаш оймыштау / об – кәделік ағаштың бетін ұңғитын, оятын аспаптардың көмегімен ағашты кертіп, қырнап, ұңғып, өрнекті бедер салу тәсілі. Ағаш шеберлері сүргілеу, өңдеу, майдалау, тесу, қашау, ұңғуырлау және т. б. жолдармен ойып, оймыштап бедерлеген. Оймыштауда ағаштың сүрегі мен жылдық сақиналарының бағыты ескеріледі : егерь оймыштау бағыты ағаш талшықтарымен бір бағытта бокса ұзын сүрек түседі. А. о - дың бірнеше түрі бар : бірі үш қырлы об. А. бетінде бірдей көлбеулікте, тігінен ойылады. Өрнектің нобайы белгіленгеннен кейін алдымен қырларының тұсынан тігінен кертіп тіледі де, өрнектің сыртқы контурының аралығы көлбеулей қырналады. Бұл тәсілмен кесеқап, сандық беттерін безендіруде көп қолданылады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.