Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемMaral Bekturar
1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті « Табиғатты пайдалану экономикасы » кафедрасы Орындаған: Қолдаңбалы ғылым мектебі, экология мамандығы бойынша 342 топ студенттері Бектұрар Марал Алматы 2016 Тақырыбы: Экологиялық аудиттің даму тұрақтылығы және тенденциясы
2 Жоспар: Аудиттің мәні Аудиттің даму кезеңдері Аудиттің принциптері мен компоненттері Қортынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3 Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс». Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Аудиттің мәні
4 Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама –қайшылыққа толы.Бір авторлардың айтуынша,есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау б.д.д.IV мыңжылдығынан басталады.Сонымен бірге,Ніл,Тигр және Ефрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып,шаруашылық қызмет жүргізілді,үкімет өнім,мүлік,салық жинау,орындалған жұмыс,қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты.Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды,оның ішінде аудит те бар. Аудиттің даму кезеңдері
5 Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.Хаммурапи заңы көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға-мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті,,ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған. Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі жж.)есептің мемлекетік жүйесі,оның ішінде барлық үкімет департаменттернің мұқиат әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асрылды.Ал,б.д.д. 700жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын бас аудиторлық қызметі болған.
6 Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды,ал 1324жылдың 24-інші наурызында король ЭдуардII үш мемлекетік аудиторды тағайындады. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд,Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға,олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді. Компанияның экологиялық қызметтерін тексеру тұжырымдамасы 1970 жылы АҚШ жасалынған. Өнеркәсіптік өндірістің дамуы кәсіпорын қуаттылығын, энергия мен ресурстарды тұтынудың жедел артуына және қоршаған ортаны ластайтын қалдықтардың көбеюіне алып келді.
7 ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдау (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC – 1973ж. негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (NHTOCAN – 1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC – 1977ж. құрылған), БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметіінң маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді.
8 Кәсіпорын экологиялық заңдылықтарға сәйкес өз қызметтерін жүргізуге міндетті. Бұл іс-әрекеттер қаржылық аудитке сәйкес, сондықтан ол экологиялық аудит деп аталды. Осыдан 15 жыл бұрын экологиялық аудит кәсіпорын іс-әрекетін бақылауды күшейту үшін ішкі әкімшілік басқару әдісі түрінде қолданыла бастады. Экологиялық аудит Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Франция секілді өндіріс дамыған елдерде кеңінен дами бастады. АҚШ қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық Агенттігі 1984 жылы бірқатар федералды агенттер жеке экоаудит бағдарламаларының негізінде аудит тұжырымдамасын жасады.
9 1985 жылы АҚШ энергетика министрлігінің заңдылығы және экоаудитті басқару өзінің негізгі нысандарына аудитті жүргізді. Ұлыбритания 1974 жылы Италия 1976 жылы ірі химиялық кәсіпорындарының жарылысынан кейін, экоаудит туралы ЕЭС директивасын 1982 жылы қабылдады. Мамандандырылған экологиялық аудит өндірілген өнімнің қауіпсіздігін бағалау, қалдықтарды төмендету, кәсіби аурулар мәселелері, өнеркәсіптік гигиена, нақты табиғи орталардың ластануын бақылау және т.б. мәселелерде жүргізіледі. Health, safety and environment audit – денсаулық, қоршаған орта және қауіпсіздік мәселелері бойынша аудит кеңінен қолданыла бастады жылдан көптеген елдерде коммерциялық банктер қарыз бойынша төленбеген төлемдерге тәуекелділікті төмендету мақсатында экоаудитті қолдана бастады.
10 Кейбір мемлекеттердегі аудиттің даму жолдарының тарихы МемлекетМерзіміТүсіндірме Қытай Біздің заманымызға дейін 700 ж. Тарихи деректерге сүйенсек, Қытайда әлемдегі ең алғашқы аудиторлық жүйе құрылған. Бұл мемлекетте «Бас аудитор» мәнсабы бекітілді ж. Жаңа конституция жарияланды. Бұл конституция негізінде мемлекеттің аудиторлық әкімшілігі құрылды. Ұлыбритания XVI-XIX ғасырларАудиттің дамуына экономикалық түрлендірілген және де кәсіпорын басқарушылары (акционерлер, меншік иелері, инвесторлар) көзқарастарының өзгеруі әсер етті ж.Акционерлік қоғам туралы заңның қабылдауына байланысты кәсіпорын басшылары жыл сайын акционерлердің алдында аудитордың тәуелсіз есебі арқылы есеп беруге міндетті болды.
11 1862 ж.Барлық акционерлік қоғамдар міндетті түрде аудиттелуге тиіс болады ж.Жыл сайынғы міндетті аудит тексеруін өткізуге енді барлық коммерциялық банктер де жұмылдырылды ж.Аудит қызметі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша 2 түрлі тәуелсіз қаржылық бақылау жүргізіледі. Олар бухгалтер-эксперттер және шоттар бойынша комиссиялар. Олардың айырмашылығы – біріншілер шақырылады, ал екіншілер тағайындалады. Комиссиялардың қызметі үкімет тарапынан бақыланады. Ал бухгалтер-эксперттер сырттан шақырылып, олар шот жоспарын, бухгалтерлік есепті, ішкі бақылауды жүргізуге көмектеседі және басқа да қызметтер көрсетеді. Франция
12 Германия1870 ж. Акционерлік қоғам туралы заңға толықтырулар енгізілді. Олар бақылайтын кеңестерге акционерлік қоғамдардың тапқан таза табыстарының болуы туралы есеп беруге, қаржы құжаттарын тексеріп, оны акционерлік қоғамның жалпы жиналысына талқыға салуға міндетті болды ж. Ішкі ревизордың жүргізген тексерулерінің нәтижесінде көпетеген акционерлік қоғамдар банкротқа ұшырағаннан кейін, Германия ішкі аудит туралы заңдарына өзгерістер енгізді. Бұл заң бойынша енді аудитті сыртқы аудиторлар жүргізетін болды. Енді аудит жүргізу барлық ірі акционерлік қоғамдарға міндетті болды.
13 АҚШ1996 ж.Заң түрінде аудитор қызметі реттелді. Бұл заң бойынша Нью-Йорктегі университетте емтихан тапсырған және аудитор қызметімен айналысуға лицензиясы бар әрбір бухгалтер аудитор бола алады ж.Бағалы қағаздардың дұрыстығы туралы акт қабылданды. Бұл акт бойынша енді акциялар мен облигациялар шығаратын жеке меншік компанияларға аудит жүргізілетін болды ж.Америкалық бухгалтерлер институты жалпы аудит стандарттарын бекітті.
14 Қазақстан Республикасы 1993 жылы 18 қазанда Республикадағы аудиторлық қызметті реттеу негізінде «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заң қабылданды жылы 20 қазанда Аудиторлық қызметтің тәуелсіздігін дәлелдейтін «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды жылы наурыз да Аудиторлардың республикалық конференциясында аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттарын ұлттық қызмет ретінде қолдану көзделді.
15 Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа алу керек адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б. Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек. Аудиттің принциптері мен компоненттері
16 Ғылымиялық принциптің мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді. Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.
17 Экономикалық обьектӨндірістік жағдаймен ақпаратАудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі Техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады Аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады Аудиторлық есеп беруді жасау Аудит компоненттері:
18 Қортынды Қорытындылай келе жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше инфляция деңгейін төмендетпейінше,өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша,шаруашылық жүргізуші субъекттіледің жабдықтаушылық,өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті онтайлы жасау мүмкін емес.
19 Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша. 2. Адамс Р. Основы аудита: Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, с. 3. Аңдреев В.Д. Практический аудит. М: Экономика, 1994г. 4.Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы. Аудит теориясы; оқу құралы – Алматы Р.Б.К 2000ж. 5. Н. Пахомова. Экологический менеджмент.(практикум) – М.; Л.Б. Залесский. Экологический менеджмент. – М.; 2004, 220с.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.