Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемНУРБОЛ ОРЫНБАСАР
1 Диагностикалық лапароцентез және лапароскопия ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Орынбасар Н.Т. Тексерген: к.м.н., доцент Кушекбаев М.Н. Топ: ЖМ-11, к Жалпы медицина факультеті Алматы, 2015 жил Кафедра: Жалпы хирургия кафедрасы
2 Жоспары: I Кіріспе II Негізгі бөлім Іштің жабық жарақаты кезіндегі лапароцентез. Көрсеткіштері. Техникасы. Іш шемені кезіндегі лапароцентез. Көрсеткіштері. Техникасы. Диагностикалық лапароскопия. Көрсеткіштері. Техникасы. III Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
3 Іштің жабық жарақаты кезіндегі лапароцентез Кез-келген хирург үшін қосарланған немсе үйлескен жарақаттар кезіндегі іштің жабық жарақаттарын, соның іштей қан кету белгілерін табу маңызды болып табылады. «Жедел іш» картина сын бассүйектің жарақаттары, омыртқаның, қабырғаның, жамбас сүйектерінің сынықтар симуляциялауы мүмкін, керісінше, коматозды жағдайдағы және алкогольді мастану жағдайындағы науқастарда іш жарақатының клиникасы мүлдем болмауы мүмкін.
5 Жасалу техникасы 1. Іш жарақатын алған науқастарда лапароцентез операциялық блокта жасалынады. 0,5 % новокаин ерітіндісімен теріні, тері асты шелмайин, апоневрозды, ішастар алдындағы клетчатканы, ішастарды жергілікті жансыздандырады. Кіндіктен төмен ортаңғы сызық бойында скальпель көмегімен ұзындығы 1 см болатын теріге тілік салынады. 2. Кейін, тіліктің жоғарғы қырына «ұстап тұрушы» («держалка») мақсатта лигатура салынады. 3. Лигатурамен фиксациялаған күйде троакарды айналдыра қимылдата отырып (қиғаш жоғары, сәл солға қарай) құрсақ қуысына енгіземіз. Егер, стилетті алғаннан кейін троакардан қанды бөліністер, экссудат, өт немсе ішек ішіндегілерімен аралас сұйықтық бөлініп шықса, «құрсақ ағзаларының жабық жарақаты» диагнозының расталғанын ойлауға болады.
6 4. Мұндай болмаса, троакар арқылы бүйірінде көптеген тесіктері бар иілгіш катетерді құрсақ қуысына енгіземіз. 5. Катетерді кезек-кезек келесі бағыттарда енгіземіз: оңға-жоғары (бауырға), солға-жоғары (көкбауырға), солға (сол жақ бүйір канал), төменге-солға (кіші жамбас астаны), төменге (қуыққа), төменге-оңға (соқыр ішек пен оң жақ бүйір канал). 6. Егер бөлінділер болмаса құрсақ қуысына мл физиологиялық ерітінді енгізіп, оның шайындасын бақылайды. Егер алынған мәліметтер «теріс» бокса, катетерді 4 сағатқа дейін құрсақ қуысында қалдырамыз. Бұл әдіс арқылы ең аз қан кетулерді де (50 мл) анықтауға болады. Диагностикалық дәлділігі 98% құрайды. Жасалу техникасы (2)
7 Мүмкін болатын асқынулар: қуысты мүшелердің перфорацияс; шарбы және ішек шажырқайлары тамырларының зақымдалулары.
8 Көрсеткіштері: құрсақ қуысынан зерттеуге материал (сұйықтық) алу; лапароскопты, катетерді енгізу үшін; тыныс алудың қиындауы кезінде, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде немсе кернелген іш шемені кезіндегі іштегі айқын дискомфорт, ауыру сезімі. Қарсы көрсеткіштер: енгізетін жердегі жабыспалы үрдіс метеоризм. Іш шемені кезіндегі лапароцентез
9 Жасалу техникасы: 1. Ішті тесу жиі троакармен жергілікті анестезия жүргізілгеннен кейін жасалынады. Іш шемені кезінде ішті тесу ортаңғы сызық бойымен кіндік пен лобоктың орта нүктесінде жасалынады. Науқастың қалпы (егерь мүмкін бокса) отырған күйде. Шараны орындамас бұрын, науқас қуығын босатуы тиіс. 2. Троакарды енгізетін жерді өңдеп және жансыздандырып болғаннан кейін, дәрігер сол қолымен тесу нүктесінен жоғары ұстап теріне жоғары қарай тетрады да, оң қолымен құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын теседі (троакар оңай енуі үшін теріне скальпельмен кису керек).
10 3. Троакарды енгізгеннен кейін оны айналма қимылдармен ішке тереңдетіп «бос кеңістік» сезімі панда болғанша енгіземіз. Енгізіп болғаннан кейін троакарды бекітіп, оның стилетін шығарып тастаймыз. 4. Науқастың жағдайын бақылай отырып, сұйықтықты баяу шығару керек. Естен тануды болдырмас үшін (себебі, құрсақішілік қысымның тез төмендеуінен және қанның құрсақ тамырларына келуінен) ішті орамалмен немсе ұзын матамен сыртқы қысым түсіру мақсатында ораймыз. 5. Сұйықтықтың соңғы порция сын зерттеуге (цитологиялық, бактериологиялық, биохимиялық) аламыз. Ішті қайта тесу керек бокса, оны басқа нүктелерде жасаған жөн. Іш шемені кезінде құрсақ қуысының пункция сын катетермен де жасауға болады.
11 Диагностикалық лапароскопия Диагностикалық лапароскопия – іш қабырғасына үлкен тіліктер салмой-ақ, іш қуысы ағзаларын «қазіргі» уақытта көріп зерттейтін оперативті диагностикалық әдіс. Бірнеше (көбінесе 2), көлемі кіші тілік салынып, оған троакарлар енгізіледі. Көру алаңын кеңейту үшін құрсақ қуысына инсуффлятормен газ енгізіледі.
12 Көрсеткіштері: Іштегі ауырсыну сезімі – жедел және созылмалы ауыру сезімі. Олар: жедел іш синдромымен көрінетін барлық үрдістер, жабыспалар, кіші жамбас астанының жұқпалы аурулары, эндометриоз, қан кетулер және т.б. Құрсақ қуысындағы жаңа түзілістер – қатерлі және қатерсіз ісіктер. Іш шемені – диагностикалық лапароскопия патологиялық сұйықтықтың қандай себептерден туындағанын анықтауға көмектеседі. Бауырдың аурулары.
15 Оптикалық жүйесі 30° бұрышты оптикалық жүйелердің артықшылықтары: 1.Объектіге жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарау мүмкіндігі; 2.Операцияның әртүрлі кезеңінде бірнеше қалыпта визуальді бақылау жасау мүмкіндігі.
16 Пневмоперитонеумға арналған қауіпсіз инені ойлап шығару идеясы Veres-ке (1938) тиесілі. Жалпы профильдегі хирургия да және балалар хирургиясында пневмоперитонеумға пункция жасау үшін қауіпсіз Вереш инесі қолданылады. Пневмоперитонеум
17 Құрсақ қуысына классикалық кіру (пункциялық иненің қалпын бағалау үшін тест)
18 Құрсақ қуысының тұйық ұшты троакармен пункциялау Теріге ұзындығы 5 мм болатын тілік жасайды. Тері тілігі арқылы құрсақ қуысына енбей бұлшық ет апоневрозы москит типті үшкір қысқышпен ажыратады. Осы қалыпты тұйық ұшты Бильрот қысқышымен париетальді ішастарды пшады. Диаметрі 5,5 мм болатын тұйық ұшты троакарды енгізеді. Троакардың дұрыс орналасуына көз жеткізіп болғаннан кейін, СО2 газының инсуффляция сын жасайды.
19 Позиция 0 (науқас үстелде горизонтальді жатады) Зерттеуші науқастың сол жағынан тұрады және зерттеу барлық бағытта жүргізеді Жалпы топографиялық шолу Вереш инесінен немсе троакар салдарынан болған жарақаттар Үлкен шарбы май Ішастар Жіңішке ішек Жуан ішек Коллатеральді қан тамырлар Іш шемені
20 Позиция 1 (20°-қа бас жағын көтеру және үстелді 20°-қа солға бұру) Бауырдың оң бөлігінің алдыңғы қабырғасы Өт қабы Бауырдың оң жақ орақ тәрізді байрамы Жұмыр байлам Асқазан және 12 елі ішек; Ұйқы безі.
21 Позиция 2 (позиция 1 тәрізді) Бауырдың сол бөлігінің алдыңғы қабырғасы Бауырдың сол бөлігі жағынан орақ тәрізді және жұмыр байламдар Іш қуысының алдыңғы қабырғасы мен асқазанның алдыңғы беті
22 Позиция 3 (үстелдің басын 30°-қа көтереді, үстелді оңға қарай 30-45°-қа бұрады) Бауырдың сол бөлігі Көкбауыр Асқазанның алдыңғы беті және оның вена лары Диафрагма Өңештің құрсақтық бөлігі Асқазанның кіші иілімі
23 Позиция 4 (үстелдің басы 20-30°-қа төмен, үстелді оңға немсе солға 15-40°-қа бұру) Жоғарылаған тоқ ішек Соқыр ішек Құрттәрізді өсінді Жіңішке ішек Шап аймақтары Сигматәрізді ішек Әйелдерде гениталий аймағы Қуық және несепағар
24 Диагностикалық лапароскопия кезіндегі ену нүктелері Троакарларды енгізу нүктелері: 1– троакар 5,5 мм (5 мм, 30°-лапароскоп үшін); 2 – троакар 3-5,5 мм (пальпатор немсе каспер- атравматикалық қысқышы үшін
25 Құрсақ қуысының жоғарғы қабатының ревизия си Көлденең ішектен жоғары ағзалар: бауыр, көкбауыр, көкет, жұмыр байлам, өт қабы, асқазанның кардиальді және антродуоденальді бөліктері және т.б.
26 Құрсақ қуысының орта қабатының ревизия си Құрттәрізді өсінді мен соқыр ішек, жоғарылаған, көлденең, төмендеген ішектер, үлкен шарбы майи, жіңішке ішек пен илеоцекальді бұрыштық лимфа түйіндері, Трейтц байрамынан бастап илеоцекальді бұрышқа дейінгі жіңішке ішек
27 Құрсақ қуысының төменгі қабатының ревизия си Шап аймақтары, жалпы мықын артериясының бифуркациясы аймағы, несепағарлар, сигматәрізді және тік ішектер, әйелдерде – жатыр және оның қосымшалары, ерлерде – шығарушы өзек, қуық, а. epigastrica inferior және т.б.
28 Балалардағы жедел аппендициттің лапароскопиялық диагностикасы
29 Диагностикалық лапароскопияның қорытындылары келесідей болуы мүмкін : Ешқандай патология жоқ; Құрсақ қуысының консервативті емді қажет ететін патологиясы; Лапароскопиялық операциямен емдеуге болатын құрсақ қуысының патологиясы; Лапароскопиялық операция мүмкін емс (лапаростомияны қажет ететін) патология. Мысалы, жедел деструктивті аппендицит табылды, лапароскопиялық аппендэктомия жасалынады.
30 Қорытынды Лапароцентез және лапароскопия оперативті диагностикалық әдістер қатарына жатады. Олардың диагностикалық дәлдігі кейбір жағдайларда 100%-ға дейін болады. Лапароскопия және лапароцентез – жалғыз диагностикалық мақсатта ғана емс, интраоперациялық шешімге байланысты емдік мақсатта да қолданылады.
31 Қолданылған әдебиеттер : obrazovanie.html oovarial_noe_obrazovanie oovarial_noe_obrazovanie html cija/diagnos_laparoskopija.pdf
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.