Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемАлуа Ислям
1 Штепсельді вилканың құрастырмалы сызбасын әзірлеу
2 Жұмыстың мақсаты: практикалық тәжірибелерде электротехникалық бұйымдарды құрастыру сызба ережелерін өңдеу және жинақтау. Қарастырылатын сұрақтар: 1. Құрастыру сызбасы 2. Штепсельді вилка 3. Штепсельді вилканың құрастырмалы сызбасын әзірлеу
3 Менің тақырыбым штепсельді вилканың құрастыру сызбасы болғандықтан, ең алдымен құрастыру сызбасы дегеніміз не екендігіне тоқталып кеткен жөн. Құрастыру сызбалары тетік бөлшектердің сызбалары арқылы бұйымды жинауға мүмкіндік береді. Бұйымдардың кескіндері бойынша құрастыруға, оқуға керекті мәліметтерді анықтайтын конструкторлық құжат – құрастыру сызбасы деп аталады. Құрастыру сызбасында да кескіндерді теориялық байланыста орналастырады. Бұйымның құрастыру сызбасында техникалық талаптармен қатар, мына талаптар орындалуы керек: а) құрама бұйымның кескіні бұйымның тетікбөлшектердің өзара орналасуын, байланысын және құрастыру мүмкіндігін анықтайды. Сонымен қатар керекті жағдайларда құрастыру сызбаларында тетіктердің схемалары болады; б) құрастыру кезінде керекті талаптар, өлшемдер және басқа да параметрлер көрсетіледі; в) ажырамайтын біріктірулер әдістері туралы нұсқаулар жазылады; г) бұйымның габарит өлшемдері беріледі; д) қондыру және басқа да тетікбөлшектермен біріктіру өлшемдері, сонымен қатар анықтамалық өлшемдер көрсетіледі.
4 Құрастыру сызбасы – құрастыру бірлігінің сызбасы және оны жинауға, жиналған түрінде өңдеуге, сонымен қатар бақылауға қажетті берілгендері бар сызба. Сипаттізім – бұйымның құрамын анықтайтын, өндірісте бұйымды жинауға және өңдеуге, жұмыс конструкторлық құжаттарды жинақтауға арналған мәтіндік конструкторлық құжат. Сипаттізім бөлек А4 форматында орындалады және жоғарыдан төмен МЕСТ бойынша толтырылады. Бұйымның қозғалатын және қозғалмайтын бөліктерінің арасынан ауа, бу немесе сұйық бұйымның қуыстарынан сыртқа шығармау үшін түрлі нығыздамалар пайдаланғанда, жұмсақ сақина, жапқыш сомындар, түрлі төсемдер мен бұрандамалар, бұрама-сұқпаларды атап өту қажет.
5 Штепсельді қосқыш (нем. Stöpsel тығын) штепсельді вилканы штепсельді розеткаға тыққан кездегі пайда болған жиынтық. Штепсельді розетка электр энергиясы көзінен шығарылатын қосқыш бөлігі. Басқа заттармен байланысын алдын алу үшін, розетка ажыратқыш ұя ретінде жұмыс істейді. Штепсельді вилка тұтынушының электр энергиясын қабырға разеткасына қосу үшін пайдаланатын қосқыш бөлігі. Электрлік байланыс вилкасы әдетте нысаны үшкір темірден жасалған және асхана шанышқысымен біраз ұқсастығы бар, сондықтан орыс атауымен аталған. Электроприбор иілгіш кабельмен (баумен) біріктірілуі мүмкін, немесе оған қозғалмайтындай бекітіледі. Штепсельді вилкамен жұмыс жасағанда оның сырты ток өткізбейтін диэлектриктермен қапталады. Электрлі штепсельді вилка электр желісін әр түрлі электрлі аспаптармен қосып (ажырату) үшін тұрмыстық мақсатта қолданады.
6 Құрылғылары Корпустың 1 орта бөлігі арқылы сым өтіп, 3 прокладкамен қысылады және 4 штырмен 5 Гайкаға бекітіледі. 2 байланыс 5 штырды бекіту үшін арналған және де үстінен тағы бір вилканы қосуға мүмкіндік береді. Штырлар бұратылған пластмасса прокладкасына 19 мм арақашықтықта орналастырылған және байланысқан.
7 Жұмыс істеу принципі Штепсельді вилка розеткамен бірге жұмыс істейді, штырь розетка ұясына тығыз байланысады. Вилканы розеткаға орнату кезінде темірленген үшкір бөлігі серіппелі болады, осылайша электр байланысын қамтамасыз ете отырып байланыс тығыздалады. Техникалық сипаттамасы Номиналды ток – 6 А ; Номиналды кернеуі – 220/250; Максималды қуаты – 1500 Вт; Тоғының жиілігі – 50 Гц.
8 Жұмыс сызбаларын орындау Алдымен негізгі бөлшек – корпусты сызып аламыз. Корпус – симметриялық бөлшек, сондықтан басты түрі фронтальды қиықтарды біріктіру, олардың осьтік сызығын бөлу. Бөліністе сатылы тесіктерді көрсетеміз, құрастыру кезінде престеу байланысы мен тереңдету болады, осыдан прокладка пайда болады. Сондай-ақ, бау астындағы пазды басты түрде көрсетеміз. Содан кейін, түрді жоғарыдан және сол жақтан сызамыз. Сондай-ақ оларды тиісті қимамен біріктіреміз. Жоғарғы көріністен симметриялы ось бойынша жазықтықтан өтпейді, сондықтан жоғарыдан көрсетілген бейнені А – А түрінде белгілейміз. Деректер мысалында байланыс көрсетілмеген. Прокладка жазық бөлшегі болып табылады, сондақтан оның тілшелер қалыңдығын бір түрде көрсете отырып сызу жеткілікті. Штырь – дөңгелек қиманың бөлшегі, диаметрі белгіленген суретті көрсетсек те жеткілікті. Штырьдың соңғы бір бөлігінде штырь контактісіне айналдыру үшін М3 оюы кесілген. Соңында бұранданы шынымен теңестіреміз. Штырьдың ұшын тесікпен көрсетеміз, ол доғаланып аяқталады. Негізгі жазуларды 1 түр бойынша жазып-толтырамыз, бөлшектердің атауын, жұмыс сызбасына сәйкес шифрдың белгіленуін КР.ИГ. – (002 және т.б.) көрсетеміз. МЕСТ бойынша жасалған материалдарды және олардан жасалған бөлшектерді көрсетеміз.
11 Штепсельді вилканың AutoCAD программасында сызылуы Бүгінгі күндере AutoCAD программасы – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез- келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызбаны біршама жеңілдетті. Draw құралдар панелінде орналасқан Line (Кесінді) вилканың сыртқы сұлбаларын сызып алдым. AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Соны пайдаланып керекті төртбұрыштарды сыздым. Вилканың штырын сызу үшін, алдымен Line (Кесінді) көмегімен оның биіктігін сыздым, оларды жалғау үшін Draw құралдар панеліндегі Arc (доға) батырмасын бастым. Штепсельді вилканың төбесінен қарағанда гайканы көріп тұрмыз. Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon (көпбұрыш) бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. Оның ортасына Draw панелінен орналасқан Circle (Шеңбер) бұйрығын басып, радиусын жазып саламыз. Олардың сыртын, яғни корпусын сызу үшін Line (Кесінді) арғылы сызып оларды Arc (доға)-мен жалғадым. AutoCAD программасы қолдануға өте жеңіл программа.
13 ПЧ күшейткішін AutoCAD программасында салу AutoCAD программасын ашып, ең алдымен Х,У координата жүйесінде ПЧ күшейткішінің сызбасын сызып алдық. Сызбаға берілген схемаларды қосамыз. Ең алдымен, 1,2,3,12,13 – Конденсатор КТ-1Е (тұрақты конденсатор) схемасын сыздық. Одан кейін 4,5,6,8,10,11 – 0,25 вольттық Резистордың схемасын сыздық. 7-ші ұяшыққа Конденсатор К50 схемасын сыздық (тұрақты конденсатор). 9 ұяшыққа Транзисторды орнаттық. Осылайша мен ПЧ күшейткішінің схемасын сыздым. ТҰРАҚТЫ КОНДЕНСАТОР АЙНЫМАЛЫ КОНДЕНСАТОР ТРАНЗИСТОР 0,25 ВОЛЬТТЫҚ РЕЗИСТОР
14 Жұмыста жобаланған ПЧ күшейткіші радиоқабылдағыштың құрылғысы ретінде жұмыс істейді. Техникалық ерекшелігі – оның микросхемаға негізделіп жасалынуы. Қабылдағыштың ПЧ күшейткішінде қолданылған элементтер оның дұрыс жұмыс істеуіне арналған, егер оларды өзгертсек, шығысында бұрмаланған сигнал пайда болуы мүмкін.
15 Курстық жұмыстың мақсаты, ол практикалық тәжірибелерде электротехникалық бұйымдарды құрастыру сызба ережелерін өңдеуге және жинақтауға негізделген. Штепсельді вилка корпустан, 2 байланыстан, прокладкадан, 2 штырьдан және 2 гайкадан тұратынын білдік. Ол күнделікті тұрмыста қолдынып жүрген электротехникалық бұйым. Сырт көзге қарапайым көрінетін ұялы телефон зарядтайтын құрылғыны мысалға алуға болады. Жұмыста қарастырылған штепсельді вилканың құрастырмалы сызбасын әзірлеуде, үшөлшемді модельдердің көрінісін түрлендіру, шамаларды енгізу, AutoCAD-та программалау және слайдтар құру сияқты тақырыптарды үйреніп, тәжірибені арттырды. Курстық жұмыстағы тәжірибелер арқылы курсанттардың білген жаңа мәліметтері келесі оқу кезеңдерінде және инженерлік кәсіпте қажет болады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.