Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемДИАНА ИСКАКОВА
1 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Клиникаға кіріспе курсы Тақырыбы: Жастан асқан балаларды рациональді тамақтандыру принциптері.Рационның сөткелік калориясы.Балалардың жасынабайланысты зат алмасу ерекшеліктері.Оқушылардың тамақтануы. орындаған:Жусупбекова Мадина ЖМФ Қарағанды 2016
2 Жоспар 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім: 1)1 жастан-3 жасқа дейінгі баланы тамақтандыру 2)Рационға енетін тағамдар Қорытынды
3 Дұрыс тамақтану-баланың өсуі мен жан- жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Сондықтан аналар сәбилерінің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады. Баланы кішкентай кезінде дұрыстап тамақтандырудың пайдасы немесе зияны өсе келе білінеді.Тамақтану дағдысы да маңызды саналады. Кіріспе
4 1 жастан 3 жасқа дейінгібалалар тым тез өсетіндіктен, қозғалғыш болады. Көп энергия жоғалтады. Сондықтан сәбиге түрлі тағамдар беру керек.
5 Балалы отбасы рационына мынадай тағамдар кіру тиіс: - Ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа; - Түрлі көкөністер, жемістер, жаңғақтар; - Сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран). Сәбидің порциясы 300 мл-ден аспауы тиіс (1,5 стақан). Сондай-ақ, қосымша 2 рет тамақ беру керек. Мысалы: жемістер, нан мен айран, айран, ет немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. Балаға тәтті тағамдар (кәмпит, шоколад, тәтті нан, тәтті тоқаш), оның ішінде тәтті газдалған сусындар, қуырылған картоп (фри), тым тұзды, қышқыл, ащы немесе дәмдеуіштер салынған тағамдарды бермеген жөн.
6 Сәби ойнап немесе жүгіріп жүрген кезде тамақтандыруға болмайды. Тамақ ішкен кезде бала тыныш отыруы керек. Бұл жаста баланың тәртібі жақсы болуы да, нашар болуы да, сонымен қатар, тамақ жеумен байланысты басқа да проблемалар болуы мүмкін.
7 Мұндай кезеңде балалар тамақты өздері жегісі келеді. Бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасады. Бәрін де өздері істегілері келеді. Тамақты жеп отырып, айналасын былғайды, көптеген артық қимыл жасайды. Бірақ мұның бәрі баланың дамуы үшін маңызы зор екенін ұмытпаған дұрыс.
8 Тамақ ішу процесі - балаға тек қарнын тойдыру үшін ғана емес, сондай-ақ, оған қызықты болуы тиіс. Танымдық ойын секілді тек жағымды эмоциялар қалдыруы керек.
9 Қорытынды Ата-ана бала денсаулығын басты назарда ұстау қажет.Ол үшін баланың дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Рационға енетін тағамды қадағалап отыру керек.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.