Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемАйгерим Акимжанова
2 Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз. Мен сендерге еліміздің тұғырлы ұрпағы, тамаша кәсіп иесі, адал патриоты болады деп үміт артамын. Сендерді мақтан ететіндей болайық, жас достар! Н.Ә.Назарбаев
3 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
4 2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1. «Жас Ұланның» мақсаты: - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 2.2.«Жас Ұланның» міндеттері: - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; - балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; - танымдық жұмыстарды ынталандыру; - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; - жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
5 3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады: - тәрбиелік; - танымдық; - коммуникативтік; - әлеуметтік; - ақпараттық; - шығармашылық «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары: - азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы; - еріктілік және қол жетімділік; - ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау; - ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі; - қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
6 4. МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ 4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға көпшілікті қабылдау жылына 3 рет өткізіледі (бұдан өзге әр өңірдің атаулы күндері де болады): 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару. 4.5.Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
7 5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары: - «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу; - «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау; - «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»); - «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге; - Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға; 5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу; - «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау; - «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау; - оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу; - салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау; - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
8 6. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ 6.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет. Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген. Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады. Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады. Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушы мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.
9 7. Құрылымы 7.1. «Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі «Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
10 Рәміздер мен атрибуттар 1. Рәміздерге: ұран, салтанатты ән(әнұран), ту, галстук, төсбелгі, эмблема, жалауша. 2. Ту балалар мен жасөспірімдер бірлестік символы. Ту республикалық ұйым мен оның барлық филиалдарында болуы тиіс (мектептік,аудандық/қалалық, облыстық). Ту ақ түсті, тікбұрышты ені 200 х 100 см ортасында ұйымның эмблемасы бар. Эмблемасы кесте, бояулар немесе мата аппликациясымен тігілген. Ағашында – ұлттық оюы, тік жолы бар.Ту шет-шетінен (жиегі) алтын түсті шашақтармен тігілген. 3. Галстук – балалар ұйымына тәуелді символы. Түсі – көгілдір. Галстуктің көлемі – 40 х 130 см. Галстуктің оң жағында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипі диаметрі 4 см шенбер түрінде жасалған. «Жас Ұлан» төсбелгілері 4. Ұран– ұйым символы. Ол ұйымның басты идеясын білдіреді. 5. «Жас Ұлан»атрибуттары анықталған заттар мен белгілер болып саналады: төсбелгілер, барабан, айыру белгілер, төсбелгілері мен айыру белгілері(шеврондар).
11 Жас ұландар әні Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева 1. Біз ұланы қазақ елінің Туған жерін, сүйген Отанын. Әке жолын, ана мейірімін, Бойға жиған қасиетін. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын! 2. Көп білуге ұмтыламыз Өнер, білім, ғылымға. Кеудемізде ар мен намыс Жетелейді бізді алға. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа ! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын! «Жас Ұлан» туының техникалық бейнесі. Матасы : атлас,екі қабатты ту. Көлемі : 1×2, (100 см х 200 см) Бейнесі : ортасында бір жағынан, диаметрі- 70 см Жақтаушалау : алтын түсті шашақтар Түсіру әдісі : жібек трафареттік басылым Бояулар : пластизоль, атмосфера әсері мен ультракүлгіндерге тұрақты, күнге күймейді. Жас ұландар әні Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева 1. Біз ұланы қазақ елінің Туған жерін, сүйген Отанын. Әке жолын, ана мейірімін, Бойға жиған қасиетін. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын! 2. Көп білуге ұмтыламыз Өнер, білім, ғылымға. Кеудемізде ар мен намыс Жетелейді бізді алға. Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа ! Қырандай қарышта. Еліміздің абройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын! «Жас Ұлан» туының техникалық бейнесі. Матасы : атлас,екі қабатты ту. Көлемі : 1×2, (100 см х 200 см) Бейнесі : ортасында бір жағынан, диаметрі- 70 см Жақтаушалау : алтын түсті шашақтар Түсіру әдісі : жібек трафареттік басылым Бояулар : пластизоль, атмосфера әсері мен ультракүлгіндерге тұрақты, күнге күймейді. «Жас Ұлан» ұйымының АНТЫ АНТЫ Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! «Жас Ұлан» ұйымының АНТЫ АНТЫ Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
12 Іс-шаралармерзімісыныбыжауаптыШығу формасы 1Құжаттарды реттеу А)сынып оқушыларының тізімін алу Ә) Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшлеерін түгендеу Б) жылдық жоспар құру қыркүйек5-11Акимжанова А.С. Ұйым мүшелері Ақпарат 2Жас ұлан ұйымына белсенді мүшелер сайлау Ф) балалар маслихат депутаты Ә)мектеп президенті Б)Мәдениет министрі В)спорт және денсаулық сақтау министрі Д)мектеп ғаламшарының тілші Ту ұстаушылар құрамын құру қыркүйек5-11Акимжанова А.С. Ұйым мүшелері Ақпарат Марапаттау 3СӨС бағыты бойынша спорттық ойындар қыркүйек1-11Жұматбаев Е.Д. Акимов С.Ж. Жакупов Д.С. Сынып жетекшілер Ақпарат Фото 4Отбасы күні суреттер байқауықыркүйек5-6Акимжанова А.С.Ақпарат Фото 5Ақниет қамқорлық акциясы. Қарт кісілерге көмек. қазан5-11Ұйым мүшелеріАқпарат 6«Ұлағатты ұстаздар» концерттік бағдарлама қазан5-11Акимжанова А.С. Ұйым мүшелері Әзірлеме Фото 7Алтын күз сайысықазан5-11Акимжанова А.С. Сынып жетекшілер Әзірлеме Фото 2 ЕЖОББ мектебінің Жас ұлан ұйымының жұмыс жоспары
13 8Ұланымыз ұлы елдің ту ұстаушылар тобының байқауы қараша9-11Иманжапаров М.А.Ақпарат Фотоколлаж 9Жас ұлан ұйымының салтанатты сап жиыны. Ант қабылдау желтоқсан5-11Акимжанова А.С. Штаб,бюро мүшелері Ақпарат Фото 10Жайдарлы Жас Ұлан ойынықаңтар8-10Акимжанова А.С.Әзірлеме 11Ауғанстан-жанымның жарасы атты ауған ардагерлерімен кездесу ақпан5-11Акимжанова А.С.Әзірлеме 12Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелерімен отырыс ақпан5-11Акимжанова А.С.Ақпарат 138-наурыз Аналар мерекесі қылқалам шеберлері сайысы наурыз5-11 Акимжанова А.С.Ақпарат Фото 14Қош келдің, әз Наурыз! мерекелі бағдарлама наурыз1-11Шыңғысова Ж.Т. Акимжанова А.С. Ақпарат Фото 15Жас Ұлан мүшелерінің жиналысы наурыз5-11Акимжанова А.С. Ұйымның белсенді мүшелері Фото Ақпарат 16Жол қауіпсіздігі үшін күресеміз жас жолда жүрушілер конкурсы сәуір5-11Акимжанова А.С.Әзірлеме Фото 17Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу кеші мамыр5-11Шыңғысова Ж.Т. Сынып жетекшілер Ақпарат Фото 189-мамыр жеңістің 70 жылдығы. Концерттік бағдарлама мамыр5-11Акимжанова А.С. Сынып жетекшілер Ақпарат Фото 19Қорытынды отырысмамыр5-11Акимжанова А.С.Ақпарат
14 «Сердцем единым в добром порыве» атты аудандық волонтерлық жасақтардың слетіне 5-7 сыныптар белсенді қатысты
15 6 шілде Астана күні қарсаңында мектептің белсенді оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті.
16 Ауданда мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті. Оқуда, шығармашылықта және спортта озат шыққан балаларға ел байрағы түсіндегі галстуктарды педагогикалық еңбек ардагерлері және құрметті азаматтар тақты. Олар жасұландықтарға Отанын сүюге, Қазақстанның лайықты азаматтары болуға тілектерін білдірді.
17 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігіне орай облыстық оқушылар сарайында "Болашақ" балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Жас Қыран", "Жас Ұлан" РҚҰ-ға мектептен 2 а сынып оқушысы Жастілек Мөлдір мен 5 а сынып оқушысы Ельдесова Алияға салтанатты түрде төс белгі мен галстук тағылды.
18 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіздік – тұғырым атты бастауыш сыныптар арасындағы мерекелік шара
19 ҰОС ардагері И.Г.Безруковпен кездесу.
20 28 қазаннан 12 қарашаға дейін Зорлық- зомбылықсыз отбасы атты акция жүргізілді. Еріктілер- бейбітшіліктің жас достары оқушыларға, мұғалімдерге және ата- аналарға жадынамалар таратты. Тілек ағашына ата-аналар жылы лебіздерін қалдырды.
21 Осы акция барысында Бақытты ел- бақытты отбасы тақырыбында 9 сынып оқушылары коллаж жасады.
22 11 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде мектеп ұжымы және жастар орталығы күшімен Алпыс Айбектің емделуіне арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.
23 1-4 сыныптар арасында Бақытты ел- бақытты отбасы тақырыбында сурет байқауы өтті. Акция қорытындысы бойынша бастауыш сынып оқушылары мақтау қағаздарымен және естеліктермен марапатталды.
24 Желтоқсанда еріктілер-бейбітшіліктің жас достары Есірткіге жоқ! атты акциясын өткізді.
25 Дені саудың – жаны сау тақырыбында мектепішілік флеш-моб және Денсаулық күніне көңілді эстафета өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында Біздің тату отбасымыз атты тақырыпта асфальтта сурет конкурсы өткізілді.
26 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ СТЕНД
27 Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысының нәтиже көрсеткіштері Іске асырылған бастамалар саны Балалармен өткізілген қоғамдық іс-шаралар саны Басқа мектептердің балалар ұйымының белсенділерімен белгіленген контактілер саны 392
28 2 ЕЖОББ мектебінде Жас Қыран және Жас ұлан бірыңғай балалар ұйымында өскелең жас ұрпақтың бойына патриотты, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруды жүргізілуде. Болашақта біздің балаларымыз еліміздің лайықты азаматтары мен патриоттары болады деп сенеміз, өйткені бүгінгі жасөспірімдердің қолында еліміздің болашағы. Мен аға тәлімгер ретінде балалардың өсіп, тәрбие беруіне барлық күшімді қосып отырмын.
29 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ МектепБірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарындағы оқушылар саны Жас Қыран 1-4 сынып Жас Ұлан 5-10 сынып 12 ЕЖОББМ ММ
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.