Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемАйгерим Бакитова
1 Венгрия Республикасы
2 Венгрия бүгінгі таңда өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет. Жер көлемі 93 мың км². Халқы 10,1 миллион адам. Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлар. Қалғандарын алман, серб, хорват, румын, еврей, тағы да басқа халық өкілдері құрайды. Мемлекеттік тілі – венгр тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі христиан дінінің католиктік (70%) және протестанттық (25%) тармағын ұстанады.
3 Бас қ ару формасы - Венгрия – парламенттік республика. -Елді президент басқарады. -Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. -Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әртүрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді. -Өз саяси билігі, өзіне тән басқару жүйесі бар. -Венгрия Республикасының конституциясына сай елдегі билікке халық сайлауда дауыс беру арқылы тікелей араласа алады. Яғни демократиялық принциптердің барлығына жауап бере алатындай мемлекет.
4 Экономикасы Венгрия орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың ер адамға шаққандағы орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді. Венгрия мемлекеті Варшава шартты ұйымымен экономикалық өзара көмек одағына мүше болғанын білеміз. Ал 1973 жылы кедендік тариф пен сауда жөніндегі басты құжатқа қол қойған болса, 1982 жылы Халықаралық валюта қорымен байланыс орнатты.
5 Саяси қарым-қатынастар Екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси тұрғыдан өзара түсінушілік пен сенімдік негізінде дамып келеді. Маңызды халықаралық саясат проблемалары бойынша екі елдің ұстанымы ұқсас. Венгрия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және Астанада «Экспо-2014» өткізуін қолдаған мемлекеттердің алдыңғы қатарында болды. Құқық саласындағы ынтымақтастық Терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымына және өзге де қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Венгрия үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысы 2005 жылғы ақпанда Будапешт қаласында, 2-ші отырысы 2014 жылғы мамырда Астана қаласында өтті. Қ аза қ стан мен Венгрия арасында ғ ы қ атынастар
6 Венгрия үшін Еуропалыққа Одаққа мүше болу оңайға соққан жоқ. Еуропалық Одаққа мүше болу үшін мемлекет біршама қиыншылықтарға тап болды. Себебі басқа мүше мемлекеттерге қарағанда Венгрияның экономикалық дамуы әлдеғайда төменірек болатын. Венгрия тек 2000 жылы ғана Копенгагенде болған саммитте Еуропалық Одақ тарапынан мүшелікке қабылдануы жайлы шақырту алды. Венгрия мемлекеті ЕО- қ а м ү ше
7 2004 жылы Венгрия Еуропалық Одаққа мүше мемлекет ретінде танылды. Ал 2007 жылы Шенген зонасыга кіруге келісім берді. Қазіргі таңда Венгрия Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 жылы НАТО-ға мүше болып қабылданды. Венгрия Республикасының осы аталған ұйымдарға мүше болуы елдің дамуына біршама жақсы ықпалын тигізуде. Еуропалық Одаққа мүшелігі ел экономикасына жақсы әсер етсе, НАТО-ға мүше болуы елдің қорғаныс саласынының нығаюына оң әсерін беруде.Елдегі бейбітшілікті сақтауда, терроризммен күресу шараларында НАТО-ның көмегі өте зор.
8 Бұл партия Будапешт университетінің гуманитарлық факультетінің және мемлекеттік саясатпен көңілі толмаған Ұлттық өмір және әділдік партиясының студенттерінен құрылған. Партия өзін принципиалдық, консервативтік және түбегейлі патриоттық христиан партиясы ретінде сипаттайды және оның ең басты мақсаты болып венгерлік құндылықтар мен мүдделерді сақтау болып табылады Жылғы Еуропалық парламент сайлауында Үздік Венгрия үшін партиясы 14,77% дауысты жинап, Еуропалық парламенттегі Венгрия мемлекеті үшін сақталған 22 орынның 3 орнын иеленді. Еуропалық парламенттегі Үздік Венгрия үшін партиясы
9 Назарларыңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.