Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемБалгын Кымбатова
1 «Сүт сарысуының емдік қасиетті»
2 АҚСУ ҚАЛАСЫ АҚЖОЛ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Дайындап, зерттеген: 9 «а» сынып оқушысы Сейт Мадина «Сүт сарысуының емдік қасиетті» Зерттеу жұмыстың тақырыбы:
3 Зерттеудің мақсаты: Сүт сарысуыны құрамы мен емдік қасиетінерекшіліктерін зерттеу. Зерттеудің міндеттері: - Сүт сарысуының құрамымен танысу; - Сүт сарысуының адам өмірінде алатын орнын көрсету; - Сүт сарысуының денсаулыққа пайдасын көрсету. Зерттеу нысаны: Сүт сарысуының денсаулыққа қажетті құндылығын зерттеу Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ең алдымен сүт сарысуының құрамында оңтайлы мөлшерде ақуыз, сүт майы бар, бұл жөнінде ет өнімдерінің бәрінен артық толыққанда малдың белогы болып табылатындығын дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми жаңалығым: Сүт сарысуының адам денсаулығына пайдасын анықтадым. Көп ауруларға дауа болатынын оқып танысып, өз мектебімде оқушыларға зерттеу жұмысымды көрсеттім.
4 Зерттеу кезеңдері: 1. Дайындық кезеңі: Тақырыпты анықтап, мақсатын, айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру 2. Теориялық кезеңі: Зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау; 3. Қорытынды кезеңі: Алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау, ғылыми жоба қорғау. Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің дәрежесі: Сүт сарысуының тіршілікке қажетті құндылығын білу. Сүт арысуының денсаулыққа пайдалы емдік қасиетін барын анықтап, өмірде табиғи ем ретінде қолдану. Зерттеудің әдіс-тәсілдері: 1.Теориялық материалдарды жинақтау; 2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу; 3. Сүт сарысуын бөліп алуды үйрену; 4.Ақпарат көздерінен мәлімет алу.
5 Сүт сарысуы оның құрамы мен ерекшеліктері Сүт сарысуын өндірудің теориялық шығуы, өңделінетін шикізат мөлшерімен салыстырғанда 90% құрайды. Қазіргі кезде шығымын есептеп келгенде ірімшік сарысуының шығуы табиғи ірімшікте - 80%, сүзбе мен майлылығы төмен ірімшікте - 65%. Ірімшік сарысуын табиғи түрінде пайдаланудың негізгі бағыты мынандай: өңдеу концентрат ретінде қолдану, бағалы компоненттерін пайдалану, биологиялық өңдеу. Табиғи ірімшік сарысуын нан өнімдерін пісіруге қолданады. Нан толық ақуызбен қамтамасыз етіліп, оның биологиялық және дәмділік сапасы артады. Сарысу қосу арқылы ашытылған қамырдың да сапасы артып, нанның сақталу мерзімі ұзарады. Нанды көгеріп кетуден сақтайды. Сонымен қатар, сарысуды кондитер өнімдерін жасауда пайдаланады (вафли, печенье, пряник). Ірімшік сарысуын өңделмеген түрінде ауыл шаруашылығында, шошқа және ірі қара малдарға жем ретінде қолданады. Сарысуды жемге қосқанда жемнің биологияық бағалылығы артып, жануарларда ас жақсы қорытылады. Ірімшіктен алынатын сарысуды өнеркәсіпте сүт орнына жас бұзауларға, төлдерге майсыз сүт ретінде береді. Сарысуды сусын орнына пайдалану жөнінде бірнеше технологиялар ашылған, бірақ оларды пайдалану шектеулі.
6 Сарысудың химиялық құрамы Сарысудың құрамындағы ақуыздар, сүт майы және лактоза өнеркәсіптік масштабта қолданылады. Сүтті май сарысудың құрамында 0,5% болады, оны сепаратордан өткізіп ірімшіктің кілегейін жасайды. Ірімшіктен алынатын кілегейдің басқа кілегейлерден айырмашылығы болмайды, тек 3-4% майсыздау болады, казеин болмайды. Бұл кілегейді ірімшіктің құрамын қалпына келтіру үшін қолданады. Сарысудан ақуызды бөліп алудың жаңа тәсілі мембранамен ажырату әдісі. Лактоза – барлық көмірсулар секілді организмдегі энергияның көтеріліп, биохимиялық процестердің дұрыс жүруіне көмек береді. Организмге түскен лактоза толық сіңіп кетеді. Оның тәттілігі сахарозадан 6 есе кем. Лактозаны қолдану ағзадағы холестериннің алмасуына жәрдем береді. Сары судың құрғақ затында басты компоненттері былай орналасады (%): лактоза – 70%; ақуызды заттар – 14,5%; май – 7,5%; минералды тұздар – 8%. Сүт сары суындағы көміртектің негізі лактоза болып саналады (сүтті қант). Бұл – дисахарид, екі қалдықтан тұратын (d-глюкоза және d-галактоза) және спецификалық өнім болып табылады. Лактозадан басқа сүт сары суында аз мөлшерде бос күйде глюкоза, галактоза, арабиноза, лактулоза және полисахарид амилоид болады. Сары суда болатын азотты заттар ақуызды және ақуызды емес органикалық қосылыстар түрінде кездеседі. Сүт сары суындағы ақуызды 90 % альбумин және глубулиннен тұрады. Казеин – сүттің негізгі ақуызы, ол α-, β-, γ- фракцияларынан құралады, - олар сүт өніміне толығымен өтпейді, бұл уақытта γ-фракциясы казеиннің жалпы мөлшерінің 3 – 5 % құрайды, ол толығымен сүт сары суына өтеді.
7 Сарысудың ақуызындағы аминқышқылдары құрамы алмастырылмайтын аминқышқылдардан тұрады. Сүт сарысуында біраз мөлшерде органикалық қышқылдар бар (сүт, сірке, пропионды, құмырсқа, лимон қышқылы және т.б.). Лимон қышқылынан басқа органикалық қышқылдар сүтте және сүт сарысуында өсетін микроорганизмдер үшін жақсы қорек болады. Сүт сарысуындағы органикалық (0,1-0,4%) және бейорганикалық заттар (0,6-0,7%) қышқылдар калий, натрий, магний, кальций және т.б. кездеседі. Сонымен қатар (% ) : К 2 О – 30,3; Na 2 O – 3.2; CaO – 20.1; MgO – 2.4; P 2 O 5 – 22.4; Cl – 14.0; SO 3 – 2.6. Сүт сарысуында барлығы 30 дан астам түрлі макро және микроэлементтер бар, микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орта ретінде басқа субстраттарға қарағанда құрамында көбірек.
8 Сүт құрамындағы дәрумендер мөлшері ( % ) Төменде сарысудың 100г –да кездесетін тағамдық зат. (калориялығы, ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер және минералды заттар ). Дәрумендер Витамин PР 0,1 мг Витамин B1 (тиамин) 0,03 мг Витамин B2 (рибофлавин) 0,1 мг Витамин B5 (пантотеновая) 0,3 мг Витамин B6 (пиридоксин) 0,1 мг Витамин B9 (фолиевая) 1 мкг Витамин B12 (кобаламины) 0,3 мкг Витамин C 0,5 мг Витамин E (ТЭ) 0,03 мг Витамин H (биотин) 2 мкг Витамин PP (Неоценовой эквивалент) 0,2328 мг Холин 14 мг Тағамдық құндылығы Калориясы -18,1 кКал Ақуыз мөлшері - 0,8 гр Май - 0,3 гр Көмірсулар - 3,5 гр
9 Сүт сарысуы халық медицинасында Сарысумен емдеу жолының қысқаша тарихы Сарысумен емдеу жолы грек елінде өте ерте заманда-ақ белгілі болған. Гиппократ тері, туберкулез, сары ауруларына қолдануды ұсынған. Бұл емдеу жолы әсіресе ХҮІІІ ғасырда жан-жақты кең дамыды. Дәргерлер оның құрамы мен емдік қасиеттеріне аса назар аударып зерттей бастады. Европа елдерінде сарысумен емдеуге арналған арнайы қала шеттеріне демалыс орындары ұйымдастырылды. ХІХ ғасырда Ресейде де бұл тәсілді қолданғаны туралы оқулықтарда жазылған. Кейінірек белсенді тыныштандырғыштық, иммунетті жоғарлаттың, несепқуғыш зат ретінде және әр түрлі тері ауруларына, несеп жолында тастардың пайда болуынан емдейтін, іш өту және дизентерий ауруларына емдік қасиеттерін анықтаған. Қазіргі заманғы ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде басқада жаңа қасиеттері анықталды. Стресс және жүйке жүйесі бұзылған кезде психологиялық тұрғыдан көмектесіп, көңіл-күйін реттейді. Сонымен қатар көптеген жүрек қан тамырлары ауруларына, әр түрлі улану кездерінде ем екенін анықтады. Соғыс кезінде ауыр операциядан кейінгі аурулардың иммунитетін арттыру үшін тиімді әрі арзан тағам ретінде госпиталдарда қолданды.
10 Сүт сарысуы – біздің денсаулығымызбен сұлулығымыз үшін табиғатты берген ғажайып сыйы. Сүттің сарсуының барлық бөлімінің - 93,7%. судан құралады. Ал қалған - 6,3% сүтте кездесетін барлық дәрумендердің жиынтығы. Сүттің сарысуының құрғақ затының негізгі бөлігі - лактоза, сүт қанты. Лактоза - "үйлесімді" көмірсу, майдың бөлінуін төмендетеді. Сонымен қатар лактоза асқазан-ішек жолының қызметін реттейді. Сарысу ақуыздары – құрамы тұрақты, алмастырылмайтын аминқышқылына бай, толыққанды ақуыз. Калориясы төмен артық заттан арылтылған сүттің өнімдерінің бірі. Оның калориялығы сүттен үш есеге кем. Сарысу ақуыздары қан айналамымен бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады. Сүт сарысуының құрамында дәрумендердің толық топтамасы еріген күйде кездеседі. В және С, Е дәрумендері, холин мен биотин қосылыстары кездеседі. В -- дәруменінің болуынан жүйке жүйесін тыныштандырушы сусын ретінде пайдаланылады. Ол адам көңіл күйіне жағымды әсер етеді. Көптеген ерітінді күйіндегі дәрумендерге бай. Тіпті казіргі көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында кездеспейтін кейбір құндылығы жоғары дәрумендерді сарысудың құрамынан кездестіруге болады. Сарысу калий, кальций, магний, фосфор және де көптеген дәрумендерге бай, және өсу гормонына әсер етіп, жаңа жасушаның түзілуін қамтамасыз ететін ұсақ молекулалы ақуыздардың бар екені анықталды. Сарысу - бұл өте айырықша өнім. Өзінің қарапайымдылығына қарамай ол адам ағзасына пайдалы көптеген қасиеттерге ие.
11 Несеп жолында тас пайда болған ауыруларға күніне 1 стаканнан ішу керек Бронхите сүтсарысуы қақырық түсіруге көмектеседі. 100 мл-ден күніне 3-4 ішу немесе 1ас қасық пыреяның тамырының ұнтағын 2 стақан сарысумен қосып күніне ½ стаканнан 3-4 рет тамақтан бұрын ішу керек; Бас ауырған кезде күніне 1стақан ішуді. Көк тамырдың жарылуы (верикозе вен ) кезінде 1 ч. қасық жалбыз жапырағын 100 мл қайнатпаға қосып, 20 минуттай қойып, тұрамыз. Дәл сондай көлемде сарысуменараластырып, күніне 3-4 рет ас ішерден 30 минут бұрын ішу керек. Ішек жолдарын тазалауда 1 стакан сарысуға 2 ч.қ тұз қосып араластырып, таңертең аш қарында ішу керек. Гоморрое кезінде ашқарында мл сарысуды ауырудың асқыну деңгейіне қарай ішу керек. Дене терісі жарылса (құрғаса) күніне минуттық, жеңіл жылытылған ванна жасау. Бүйрек жұмысын жақсартып, бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады; Созылмалы асқазан ауыруына ем. Ішек жұмысын реттеп диеталық тағам ретінде колданылады. Ағзадағы артық суды қалдық және таксондық зат ретінде сыртқа шығарады. Ревматизм, гипертонии кезінде көмектесіпқан қанайналымды жақсартып атеросклерозаның ұлғайуына жол бермейді. Ісік үрдістерін қысқартады (теріде,ішекте, асқазанның ойық жарасы гастрит) Жүктілік кезінде өте пайдалы. Имунитетті нығайту үшін таңертең күн сайын бір кесе сарысу ішу керек. Ол жеңіл іш қуатын (өткізетін) әсер етеді. Тағамнан улану. Екіншілік гипертония. Пиелонефрит, созылмалы гломерулонефрит. Мидағы қан айналымының бұзылуы. Қант диабеті.
12 ПАВЛОДАР қаласы «С. Торайғыров» атындағы облыстық кітапханада материалдар жинаудағы көріністер: Іздеген жетер м ұ рат қ а. (Халы қ даналы ғ ы)
14 ҚОРЫТЫНДЫ: Қорыта келгенде, сүт сарысуының теориялық шығуы, өңделінетін шикізат мөлшерімен салыстырғанда 90% құрайды. Қазіргі кезде шығымын есептеп келгенде ірімшік сарысуының шығуы табиғи ірімшікте 80%, сүзбе мен майлылығы төмен ірімшікте -65%. Сүт сарысуы – басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы әрі қол жетімді арзан, тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені оның құрамында организмге қажетті, сүтте кездесетін дәрумендердің барлығы бар. Сондай-ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, таптырмайтын көзі. Адамзат баласы сарысуды сол күйінде де, өнеркәсіп орындарында өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де қолданады. Сондықтан құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару сүт өңдейтін орындардың төл міндеті. Тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үйлесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын арттырып, ағзазадағы иммунитетті көтереді. Сарысу табиғи таза өнім. Тағамдық, емдік, ауыл шаруашылығында қолданысқа жарамдылығы мен құнды. Әр адам осындай шикі заты мол, жасалуы қарапайым, өзіндік құны төмен болғаны мен емдік ролі жоғары, сарысуды бағалап қажеттілігімізге жаратпасақ, табиғаттың адам баласы үшін тартқан сиын бағаламағаны болар еді. Алайда сарысудың бұл қасиеттерін халық барлығы да біле бермейді. Сондықтанда осы тақырыпта көбірек іздеп, насихаттап, газет журналдарға жазу керек деп санаймын. Қолда бар табиғи таза өнімдеріміздің қасиетін біліп бағалай алсақ, денсаулығымызды сақтай алған болар едік.
15 Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.