Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемAbay Kalimov
1 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы 1 тақырып. Кіріспе. «Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері. Тарихнама және деректер. Мамандығы: 5В Тарих Авторлары: Жакин М.С., т.ғ.к., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті Бөдеев Қ.Т., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының аға оқытушсы Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2015
2 Курс тақырыптары Кіріспе. «Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері. Тарихнама және деректер. XYIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. XYIII ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. XYIII-XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы. XYIII ғ. 50-ші жж. – ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер. XYIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басындағы отаршылдыққа қарсы күрес. XYIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі. Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының саясаты. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы. Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы.
3 Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуін қазақ елі үшін тек жағымды құбылыс ретінде ғана бағалады. Егер алдыңғысы қазақ халқының Ресей империясының құрамына енуі оның экономикалық және мәдени дамуына әсер етті деп қараса, соңғысы бұл игіліктерге революциялық, социалистік перспективаны (болашақты) қоса атады.
4 Басқа көзқарас, пікірге тіпті де орын қалған жоқтын. Мәселен, 1944 ж. 10 сәуірде Мәскеуде КОКП Орталық Комитетінің хатшылары Маленков пен Андреевтің басшылығымен Қазақ ССР тарихын талқылауға арналған тарихшылардың кеңесі қабылдаған тезисте: Кіші халықтарды үлкен елдердің жаулап немесе қосып алуының қай-қайсысы болмасын объективті прогресшіл факт (отарлау объективті-прогресшіл құбылыс), деп көрсетті.
5 Кеңестік тарихнама отарлау үрдісінің зорлық-зомбылықсыз жүрмейтіндігін мойындай отырып, сонымен бірге, ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерін дәріптеуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Міне, осы көзқарас тұрғысынан жазылған кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының барлық басылымында Қазақстан Ресей құрамына түрлі себептерге байланысты өз еркімен енді, ал бұл оқиға қазақ халқын отарлық тәуелділікке душар еткенімен, түптеп келгенде феодалдық мешеуліктен прогресс жолына алып шықты деген тұжырым жасалынды. Бұл тұжырымға қайшы келген тарихшылар (Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, П. Галузо, т.б.) қудаланды.
6 Бұл айтылған тұжырымды Кеңестер Одағы ауқымында орнықтыра отырып, кеңес идеологтары орыс отаршылдығына батыстық жаулап алушылықтан өзге мазмұн, яғни оған ағартушылық, өркениеттік сипат беруге тырысты. Ал тарихи шындық Ресей үкіметінің ХVІІІХХ ғғ. Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізгендігін көрсетеді.
7 Ресейлік реформаларды іске асыру әдістері бұйрық, зорлық, күштеу болды. Бұл әсіресе орыс билігінің тереңдей ену әрекетіне кезекті қарсылықтан соң анық байқалып отырды. Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық соғысынан ( ) соң жүргізілген жж. реформалардың мақсаты кез келген азаттық үшін ұмтылысқа жол бермеу, оларды бесігінде тұншықтыру болды. Мұндай мемлекеттік саясат сәл өзгерістермен кейін де қайталанып отырды. Қазақ басқарушы элитасы мен зиялыларын, қоғамның ауқатты бөлігін күшпен жою, ұлттық өмірдің дәстүрлі негіздерін әлсірету міне, бұл жж. ұлттық мемлекеттік автономия үшін азаттық қозғалысқа берілген саяси биліктің жауап реакциясы.
8 Міне, сондықтан да Ресей империясы құрамында болған кезеңдегі қазақ елінің қол жеткізген жетістіктері оған тым қымбатқа түсті. Экологиялық апат, халықтың бірнеше дүркін қырғын мен қуғын-сүргінді басынан кешіруі, мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі, ұлттық психологияның жағымсыз өзгерістерге ұшырауы міне ресейлік реформаларға халықтың берген өтемінің толық емес құны осылар еді.
9 Өзіндік бақылау үшін сұрақтар 1. Қай жылы генерал-губернатор Б.Игельстром Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтіріп, Айшуақты хан етіп қойды: A) 1797ж. B) 1793ж. C) 1787ж. D) 1799ж E) 1784ж. 2. Әбілқайыр (XVIIIғ.) кім: A) батыр B) би C) сұлтан D) хан E) рубасы.
10 Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Атабаев Қ.М. Деректану-Қазақстан қоғамдық ғылымдарының методикалық негізі. // Тарихи дерек: археография және деректану мәселелері: Республикалық галыми-теориялык конференция материалдары. -30 қазан ж. - Алматы, бб. Тәсілова Н. Щербинаның экспедициясы: тарихи алғышарттары, зерттеушілердің құрамы мен негізгі әдістемесі. // Қазақ тарихы ж бб. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы: оқу құралы / ред.басқ. Қ. С. Қаражан. - Алматы : NURPRESS, б Калиева, К. С. Тарихнама: оқулық / К. С. Калиева. - Алматы : Полиграфкомбинат, б. Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал / жауапты ред. А. З. Смагұлова. - Астана : Ұлттық тестілеу орталығы, б. Мұхатова, О. Х. Тарихнама ғылымы: теориялық - методологиялық негіздері және зерттеу үлгілері: оқу құралы / О. Х. Мұхатова ; Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, б.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.