Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемАқерке Жарқымбек
1 Абайдың қарасөздері. Абайдың толық жинағында жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді: «... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
2 1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не? 2. Қарасөз деген не? 3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары? 4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар. 5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер? 6. Қандай нақыл сөздерін білесің? 7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған? 8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.