Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемNursaule Mugalymbekovna
2 Мақсаты: Білім алушыларда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, балалардың бос уақытын педагогикалық басқару мәселелерін зерттеу, мінез – құлықтарын диагностикалау біліктері, балалармен топтық және жеке жұмыстың әдістері мен формаларын меңгерту, машықкерлердің кәсіптік – педагогикалық білімдерін кеңейту және жаз кезіндегі балалар мен жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемесімен қаруландыру.
3 Барлығы: 111 Ауылға: 57 Қабылдау комиссиясы: 14 Қала мектептері: 53 «Жас қанат» лагері: 1
4 Біздің топ! Наш отряд! Our group!
5 Ұйымдастырушылық - педагогикалық қызмет
6 Балабақшадағы бір күндік іс-әрекет
7 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
8 Көркем шығармашылық тәрбие
9 Спорт – сауықтыру жұмыстары
10 Физическое, экологическое, трудовое воспитание
11 Игры Викторины Конкурсы
12 Тәлімгер портфолиосы
14 «Балдәурен» Жазғы сауықтыру орталығы «Балдәурен» демалыс лагерінің жалпы ережелері: 1.Үнемі лагерьге уақытында келуге тырыс,ашық құбырлар мен канализацияларға жақын барма. 2. Өз тобындағы балалармен жақсы байланыс орнатып,олардың пікірімен санасып,көпшілік орында өзіңді дұрыс ұста. 3. Тәрбиешінің айтқаның бұлжытпай орында,жол қауіпсіздік ережелерін сақта. 4. Суға түсуге немесе саяхатқа шыққанда өмір қауіпсіздік ережелерін сақта. 5. Лагерьде жалғыз топтан бөлініп қалуға болмайды, көпшілік орындарда тәртіпті бол.
15 Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелей отыра, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Міндеттері: Оқушыларға танымды тәрбие көрсетуге, қазіргі заманға сай лагерь жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасап,тәрбие бағытын жан – жақты дамытуға мүмкіндік беретін жоспарлар құрылды.
16 «Балдәурен» тобындағы балалардың тізімі 1.Айытқұл Айым 16.Қуандық Нұралы 2.Аманбек Нұршат 17.Мағза Дильназ 3.Асқар Диана 18.Мадикасимова Аяулым 4.Берік Ертуған 19.Мажитов Айбар 5.Боранбай Ақнұр 20.Медет Толғанай 6.Болатбекқызы Талшын 21.Мұхамедияр Болат 7.Ермек Назерке 22.Нұрділдә Арнұр 8.Ермек Әліби 23.Нұрділдә Елнұр 9.Ешмағанбет Сымбат 24.Нұрділдә Гүлмира 10.Жағыпар Санжар 25.Сансызбай Диас 11.Жағыпар Олжас 26.Сейполда Мейрам 12.Жақсылықбек Архат 27.Секербай Аружан 13.Қасен Ақниет 28.Сламғалы Еркежан 14.Қуандық Аида 29.Рымжан Ақбота 15.Қуандық Ералы 30.Тілеубосын Зарина
17 «Балдәурен» тобының ұраны Жаса, жайна балдырған, Гүлдей болып жайнаған, Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз.
18 Біздің ән! Біз өмірдің гүліміз. Зеңгір көктен, Нұрын төккен Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдары өскен Біз өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа Шақырады әніміз. Тыныштыққа, Нұр құштықта Бақыттымыз бәріміз.
19 Күн тәртібі! 8:00 – 8:30 балаларды қабылдау 8:30 – 9:00 ертеңгілік жаттығулар 9:00-9:30 таңғы ас 9:30 – 11:00 эстафеталық ойындар, жарыстар, серуендер 11:00-12:00 ішкі шаралар 12:00-12:30 түскі ас 12:30-13:00 түскі ұйқыға дайындық 13:00-15:00 түскі ұйқы 15:00 – 15:30 түстен кейінгі ас 15:30 – 16: 30 өнерлі он саусақ 16:30 – 17:00 үйге қайту
22 Үшінші күн: Таңғы сағат 8,30-да балаларды қабылдап алдық. Таңертеңгі жаттығуды Мұхамедияр Болат өткізді. Жаттығудан кейін балалар таңғы асқа отырды. Оқушылармен бірге дала шығып эстафеталық ойындар ойнадық. Балаларға «Өз орыныңды тап!», «Қасқыр мен қоян» ойындарын ойнаттым.Бүгінгі күн «Жас суретшілер сайысына» арналады. Оқушылар еркін тақырыпта сурет салды. Оқушылардың суреттерін қазылар алқасы бағалады. Бірінші орынды Мағза Дильназ, Екінші орынды Қасен Ақниет, Үшінші орынды Жағыпар Олжас,Ермек Әліби алды. Жеңімпаз балалар мақтау қағазын алды. Балалар түскі астарын ішіп, түскі ұйқыға кетті. Ұйқыдан тұрған соң балалар жуынып түстен кейінгі астарын ішті. Балалар қолөнер сайысында қағаздан түймедақ гүлін жасады. Оқушылар жиналып үйлеріне қайтты.
23 4 – ші күн Қалалық мұражайға саяхат Бүгін менің 2-ші отрядым мұражайға барды. Ең алдымен ойнайтын жеке бөлмеде мұражай жұмыскерлері балаларға арнап, қызықты ойындар дайындап қойыпты. Барлық бала белсенді қатысып отырды. Ертегіге байланысты сұрақтар қойылды, балалар мүдірмей барлығына жауап берді. Ойын аяқталғаннан кейін, барлығымыз ең бірініші табиғат залын көрдік. Мұражай жұмыскері барлығын өте жақсы түсіндіріп шықты, балалар сұрақтарын қойды. Адам алайша пайда болғанын қызықтап, қабырғалардағы суреттен бас алмай барлығы қарады, бұрынғы адамдардың таққан әшекей бұйымдарын, киімдерін, сызу сызған суреттерін барлығын көрсетті. Жануарлар әлемі де ұнады. Қазақтың ұлттық киімдерімен, аспаптарымен, киіз-үймен, қазан - ошақтарымен танысты. Балқаш қаласына еңбегі сіңген тұлғаларымен танысты. Балаларға өте қатты ұнады, рахметтерін айтып, мектепке қайттық.
24 Бесінші күні: Таңғы сағат 8,30-да балаларды қабылдап алдық. Таңертеңгі жаттығуды Қуандық Нұрәлі өткізді. Жаттығудан кейін балалар таңғы асқа отырды. Оқушылармен бірге дала шығып эстафеталық ойындар ойнадық. Балалар «Ақсүйек», «Сағат тілі», «Картошка» ойындарын ойнады. Көл жағасына саяхаттап қайттық.Оқушылармен бірге суретке түстік.Мектепке қайтып келіп оқушылар «Туған жер – алтын бесік» тақырыбына көл жағасына серуеннен алған әсерлерін жазды. Үздік ойтолғау иелері марапатталды. Ең үздік ойтолғауды Қуандық Аида жазды.Сағат де балалар асханаға барып, түстік астарын ішті.Одан соң жуынып, ұйықтайтын бөлмеге бет алды. Ұйқыдан тұрып, төсек орындарын жинастырып, түстен кейінгі астарын ішуге асханаға барды. Қөлөнер бөлімінді ермексаздан кірпішешен жасады. Заттарын жинап оқушылар үйлеріне қайтты.
25 Алтыншы күні: Таңғы сағат 8,30-да балаларды қабылдап алдық. Таңертеңгі жаттығуды Мағза Дильназ өткізді. Жаттығудан кейін балалар таңғы асқа отырды. Оқушылармен бірге дала шығып эстафеталық ойындар ойнадық.Оқушылар үш топқа бөлініп жарысты. Балалар «Ақсүйек», «Сағат тілі», «Картошка» ойындарын ойнады. Оқушыларды ішке кіргіздік. Балалар өз орындарына отырып «Алдар көсе» мультисериалын көрді. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» ойын сайысы өткізілді.Балалар үш топқа бөлінді.Топтарғаәр түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар өлеңдер құрастырды, сөздердің мағыналарын ашты.Бірінші орынды «Тұлпар»тобы, екінші орынды «Болашақ» тобы, үшінші орынды «Сұңқар» тобы алды де балалар түскі ас ішу үшін асханаға барды. Ас ішіп болған соң түскі ұйқыға кетті. Ұйықтап тұрған соң төсектерін жинап түстен кейінгі астарын ішті. Қөлөнер бөлімінде оқушылар құмыраны безендірді. Балалар жиналып үйлеріне қайтты.
26 7 – ші күн Қалалық саябаққа саяхат Бүгін барлық отряд балалары саябаққа серуендеуге, ойнауға апардық. Саябақта көлеңкеде балалармен қызықты және әр түрлі ойындар ойнадық, мысалға: «молекула», «айдаһар», «балықшы», «картошка», «колечко», «краска», «чай-чай выручай» т.б. көптеген ойындар ойналды. Мен өз тобымды біздің саябақпен таныстырып шықтым, қай жерлерімен жүріп – тұруға болатынын айттым. Бейтаныс өсімдіктерді жұлуға болмайтының ескерттім. Біраз демалғаннан кейін, тобымызбен бірге эстафеталық ойындар ойнадық. Дене шынықтыру мұғалімі балалардың көңілін аулай алатындай сайыстар дайынап алып келген. 4-отрядты жарыстырып, ең соңында барлық бала ойнайтындай ойын ойнатты.
27 8 – ші күн Шахмат және би үйірмелері Бүгін ауа-райына байланысты лагерьде демалушы балалар ешқайда бармай, мектептің ішіндегі үйірмелерге ғана барды. Таңертенгі линейкада тазалық туралы мәлімет айтылды. Төсек орындарын, қол, аяқ орамалдарын таза ұстауға, киімдерімізді шашпауға, тәртіпті болуға шақырды. Ұл балалар шахмат пен шашки ойындарына барса, ал қыздар би үйірмесіне барды. Біраз шаршаған балалар, асханаға барып балмұздақ сатып алып, сол жерде әңгімелесіп жеді. Ойын кабинетінде әр түрлі газет журналдарды оқыды. Балалармен « змейка », « ромбик », « а ну- ка » деген көптеген ойындар ойнадық. Олар білмейтін көптеген ойындарды қызықтыра ойната білдім.
28 Тоғызыншы күні: Таңғы сағат 8,30-да балаларды қабылдап алдық. Таңертеңгі жаттығуды Қуандық Аида өткізді. Жаттығудан кейін балалар таңғы асқа отырды. Оқушылармен бірге дала шығып эстафеталық ойындар ойнадық.Оқушылар үш топқа бөлініп жарысты. Балалар «Ақсүйек», «Сағат тілі», «Картошка» ойындарын ойнады. Балаларды ішке кіргіздік. Тоғызыншы күніміз «Спорт – біздің досымыз» тақырыбына арналды. Оқушыларға сауалнама жүргіздік. Балаларға «Спорт дегеніміз не?», «Спорттың қандай түрлері бар?», «Сен қандай түрімен шұғылданасың?» секілді сұрақтар қойдық. Балаларды екі топқа бөліп, топтарға «Ақ көгершін», «Балапан» аттарын қойдық. Оқышылар «Доп тапсыру», «жалауша тапсыру», «Шеңбермен жүгіру» ойындарын ойнады де балалар түскі ас ішу үшін асханаға барды. Ас ішіп болған соң түскі ұйқыға кетті. Ұйықтап тұрған соң төсектерін жинап түстен кейінгі астарын ішті. Қөлөнер бөлімінде оқушылар қағаздан сумка жасады. Балалар жиналып үйлеріне қайтты.
29 Оныншы күн: Таңғы сағат 8,30-да балаларды қабылдап алдық. Таңертеңгі жаттығуды Жағыпар Санжар өткізді. Жаттығудан кейін балалар таңғы асқа отырды. Оқушылармен бірге дала шығып эстафеталық ойындар ойнадық.Оқушылар үш топқа бөлініп жарысты. Балалар «Қасқыр мен қоян», «Сағат тілі», «Паравоз» ойындарын ойнады. Балаларды ішке кіргіздік. Оныншы күніміз «Әнші балапан» тақырыбына арналды.Сайықа он бала қатысты. Ермек Әлібі «Біз бақытты баламыз», Жағыпар Олжас «Асыл ана»ғ Жағыпар Санжар «Әке», Мажитов Айбар «Жаса Қазақстан» әнін орындады. Бірінші орынды «Біз бақытты баламыз» әнін орындаған Сламғалы Еркежан алды.Екінші орынды Олжас, үшінші орынды айбар алды. Балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды де балалар түскі ас ішу үшін асханаға барды. Ас ішіп болған соң түскі ұйқыға кетті. Ұйықтап тұрған соң төсектерін жинап түстен кейінгі астарын ішті. Қөлөнер бөлімінде оқушылар қағаздан тырна жасады. Балалар жиналып үйлеріне қайтты.
30 Бүгін дүниежүзілік кітаптар күні болғандықтан, біз кітапханаға экскурсияға баруға бет бұрдық. Балаларды кітапхананың барлық залдарына алып барды, оқу залдарына кіргізіп, оқулықтарын берді. Мұрағаттарын көрсетті, балалардан тақпактар сұрады, барлығы қолдарын көтеріп жауап берді. Одан кейін «Алдар көсе» мультфилімін көрсетті.
31 12 – ші күн Саябаққа саяхат Таңертен балаларды қабылдап алғаннан кейін, таңғы жаттығуларын жасатып, астарын ішкізгеннен кейін, лагердың жабылуына байланысты дайындыққа алып кетті. Одан кейін әр бала өзі қалаған үйірмесіне барлы. Біреуі Шахматқа, біреуі биге, қалғандары шаш үлгісіне және ойын бөлмесіне барды. Біраз уақыт өткеннен кейін, балалрды қалалық саябаққа алып бардық, ол жерде балалар ойнап, секіріп, көңіл көтеріп жүрді.
32 14 – ші күн Нептун мерекесі Таңертеннен бастап балалар нептун мерекесіне сай киімдерін киіп келді, балаларды жинап мерекені бастадық, 1-ші сайыта қабырғаға шарлардың ішіне су құйып іліп қойдық, оны балалар дротикті лақтырып атқанда ішіндегі су шашырайды, одан кейін НЕПТУНДЫ шақырдық, нептун келип УКАЗ оқыды, кімнің тәртібі нашар болды соңы су толып тұрған шелекке отырғызады, одан кейін барлық балаларды көл жағасына алып бардық. Қалған сайыстар сол жерде өтті.
33 Салем, достар! (Орталықтың ашылу салтанаты)
34 Жаттығу жасау алаңында...
35 Денсаулығың мықты болса жаттығуға алғыс айт
36 Өткетану мұражайына саяхат
37 «Құмнан қалашық жасау» сайысы
38 Менің өмірімдегі ең қызықты күн!
39 Кездескенше, достар! (орталықтың жабылуы)
41 15 – інші күн Лагердың жабылуы Бүгін соңғы күн болғандықтан барлығымыз концерттік мерекеге дайындалдық, тускі астан кейін, концерттік бағдарламамызды бастадық. Жүргізушілер балалардың өздері болды. Әндер айтылды, билер де болды, әр отряд өз өнерлерін көрсетті. Менің отрядым современный танец биледі. Әр ұлттар туралы мәлімет берді, мысалы біздің лагерде қазақ, орыс ұлты да, неміс, кәріс ұлтты балаларымыз болды. Барлығы ұйымшыл болды, ең соңында флешмоб биледі және дискотека болды.
42 Ұмытылмас сәттер
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.