Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемБота Абдикарим
1 Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері
2 Экономикалық теорияда, «кәсіпкерлік» термині экономистердің еңбегінде ХҮIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастады. Бірінші болып ағылшын экономисті Р.Кантильон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» бұл табыс табу, (жеке шаруашылығы, қолөнершіремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады.
3 Кантильон Ричард
4 Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі туралы француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сэйдің еңбегінде сипатталған, Ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, Ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.
5 Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды: 1 – 1-бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады». 2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
6 3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға. 4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
7 Тұлға Кәсіпкерлік Тұлғаның нысаны
8 Тұлға Кәсіпкерлік нысандары Әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, жалгерлік ұжым кооперативтері тұлғалар бола алады. Шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар кәсіпкерлік нысандары бола алады.
9 Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының негізі. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
10 Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
11 Кәсіпкерліктің үш түрі бар: Жеке кәсіпкерлік деп, бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай- ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
12 Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т.б. кіргізуге болады.
13 Корпорация деп бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
14 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.