Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемРуслан Тореханов
3 Білім беру реформасы – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі.
4 « Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматының әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады». Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан
5 Педагог кадрларды қалыптастыру және мәртебесін а рттыру мақсатында: б ілім деңгейі жоғары талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту ; педагог кәсібінің мәртебесін барынша көтеріп, тартымдылығын арттыру; Педагог мамандықтарын даярлайтын жоғары оқу орындары жанында бейіндік мектептердің ашылуы; Біліктілік санаттылығына сәйкес жалақысын тағайындаудың, кәсібіне ынталандыратын жаңа жүйе қалыптасуы.
6 Жоғары оқу орындарын сапалы дәріс оқитын, заманауи әдістемелермен машықтану, зертханалық жұмыстарын жүргізетін жоғары білікті, терең білімді ғылыми – педагогикалық кадрлармен қамтамасыздандыру сапалы мұғалімдерді даярлаудың ең бір қажетті шарттарының бірі.
7 Жоғары оқу орнында ғылыми- педагогикалық кадрлар дамыту барысында: PhD докторантура (Бұл докторанттардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін игертіп қана қоймай, ғылымы мен технологиясы озық елдермен әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.) «Болашақ» бағдарламасы (Бұл бағдарлама бойынша конкурстық негізде шет елдерде ғылыми мамандықтарына сайкесті тағылымдамадан өте бастайды.) Білімі сапалы ғылыми – педагогикалық кадрларды тарту (Бұл арқылы олардың қажетті материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешуіне жағдай жасау) Профессор – оқытушылар қауымының жалақысын көтеру ( сапалы мамандар даярлаудағы ынтасын және жауапкершілігін арттырады)
8 Педагог мамандар даярлау сапасының көтерілуіне байланысты: заманауи оқу – зертханалық кешендермен; электрондық оқыту жүйесімен ақпараттық компьютерлік технологиямен толық қамтамтамасыз ету керек. «E-learning» электрондық оқыту бойынша біліктілік арттырудың материалдық- техникалық базасының негізі бола алады
9 Жоғары оқу орнынан кейін білімді педагог кадрларды қалыптастыру, оның ішінде мұғалімдер біліктілігін арттыру мақсатында: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 ақпанындағы 232 қаулысына сәйкесті құрамына Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енген «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы құрылды
10 «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы жыл сайын 73,3 мың педагог қызметкерді біліктілік арттыру курстарынан өткізіп тұрады (еліміздегі барлық педагогтардың 20 % -ы). Қазіргі таңда облыстық филиалдарымен біріге Кембридж университетінің технологиясы бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру барысында жұмыс жасалынып жатыр.
11 Біліктілік арттыру курстары дегеніміз не? Бұл бұрын оқығанын қайталау емес, мұғалімнің біліміне қосымша соңғы жылдары пайда болған және мұғалімнің күнделікті қызметіне қажетті жаңа білімдер мен әдіс- технологияларды игеру.
12 «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы біліктілік арттыру бағытында тыңдаушыны курстан өткізді: қысқа мерзімді курстардан – айлық курстардан – 6595 e-learning курсынан – 8376
13 Қорытынды Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылауды және ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалауды тәуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктердің өткізуі сапасыз кадрлар даярлайтын және қайта даярлайтын оқу орындары мен білім мекемелерінің қысқаруына не жабылуына, олардың арасында сапалы кадрлар даярлау үшін бәсекелестіктің қарқынды дамуына әкеледі, сонымен бірге орта мектепке білімі мен біліктілігі төмен кадрлардың енуінен сақтайды.
14 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.//Егемен Қазақстан. – – 15 желтоқсан. – Б.1 2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. – Астана, Елеусінов Б., Искаков Ж. Инновациялық бағыт. // Қазақстан мұғалімі – мамыр.- Б.5
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.