Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемАй 00
1 «Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған оқу жылына
2 Бүлдіршіндердің ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту Мақсаты: Міндеті: Баланың ойлау қабілетін, сөйлеу, білімділік дағдыларын дамыту
3 Мақсаты: Ойын арқылы балаларға қазақ тілін үйрету, сөздік қорын байыту. Мемлекеттік тілді меңгерте отырып жаңа материалды қабылдауға, есте сақтауға, зейінін дамытуға баулу, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.
4 Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
5 Тиімді технологиялар Тәй – тәй технологиясы Триз технологиясы Монтессори Дамыта оқыту технологиясы Зайцев технологиясы
6 ӘдістерӘдістер Инсерт Ассоциация Венн диаграммасы Салыстыру Раунд – Робин Топтау Ой толғаныс Пропп
7 Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді.Осы бейімделген бағдарламаны жүзеге асыру барысында мынадай ойындарды қолдандым: Дидактикалық ойындар Сюжетті-рөлдік ойындар Қимыл-қозғалыс ойындары Ұлттық ойындар Саусақ ойындары Үстел үсті ойындары ………
8 Дидактикалық ойындар Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Дидактикалық ойындар 3 топқа бөлінеді: Заттық дидактикалық ойындар –дидактикалық ойыншықтармен және әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырады. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - Лото, Доминот.б. Сөздік дидактикалық ойындар.
10 Ұлттық ойындар Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
11 Ойынға 5-10 балағадейінқатысабереді. Асықкөп болу керек. Көпасықтыңішіненүлкенірекбіреуінқызылтүскебояңдар. Осы асық « Хан» болады. Алдыменсанамақарқылыойынбастаушынытағайындап алыңдар. Осы бала асықтыңбәрінуысынажиыпалып, отырғанбалалардыңалдынашашыпжібереді.Сендер «ханның» қалайтүскенінбайқапотырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкітүссе, ойынбастаушы бала « ханның» түсуінеқарайжақынасықтарды бас бармақтардыңкөмегіарқылысұқсаусағыменитере- ыршытыпбіріне – біріндәлдейотырыптигізеді.Тигізгенасықтардыөзінеала ды. Осы арада «ханды» тек еңсоңғыөзісияқтыжатқанасықпенатыпалуғаболатын ынұмытпағандарыңжөн.Ойынбастаушыбасқаасықтар ғақолымен не асықпентиіпкетсе, ойындыкелесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан»алшысынантұрса, «ханды» әрқайсысыңөзқолдарыңатүсіругеәрекеттеніңдер. «Хан» кімніңқолынатүссе, сол бала жеңіскежетеді. Ойынды да солжеңген бала бастайды.
12 Түйілген орамал Алдымен кез- келгенорамалдытүйіп- түйіпдоптәріздесетіпалыңдар. Бір бала ортадатұрады, қалғандарың оны қоршаптұрасыңдар. Сырттатұрғанбіреуіңніңқолы ңдатүйілгенорамалболады, ортадағыбалағатүйілгенорама лдыбермеугетырысуларыңкере к. Орамалдыберіпқойған бала ортадажүргенбаламе.Берілген белгіденкейінортадатұрған бала осы орамалдысендердіңқолдарыңна налыпқоюғаәрекеттенеді. Ал, сендербір- біріңелақтырып, қашып н орныналмастырады.
13 Көтермек Ортаға екі бала шығыңдар. Бір- бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып қолдарыңды шынтақтастырыңдар. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп аласыңдар, ұтқан болып есептелесіңдер. Жеңіске жеткендерің ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.
14 Сюжеттік - рөлдік ойындар Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.
15 Бесік жыры. Әлди-әлди,ақ бөпем, Ақ бесікке жат,бөпем, Жылама,бөпем,жылама, Көзіңнің жасын бұлама. Құнан қойды сой,бөпем, Құйрығына той бөпем
16 Дәрігер Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
17 Үстел үсті ойындар Үстел үстіндегі театры - Сәбилер тобынан бастап - ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т.б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
18 Лото, домино,пазылдар
19 Қозғалыс ойындар Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді).
20 Санамақ ойыны Санамақ – кезкелген халықта кездесетін, жас баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы. Оны балалар тiлi еркiн шыққан сәтінен ес білгенге дейін үйрететін болған. Санамақтар әрі ойын, әрі есеп түрінде қолданылады. Оның ырғағы мен әуезділігіне көп көңіл бөлінеді. Өйткені 4-6 жасқа дейінгі балалар табиғаттан үйлесім іздеп, соны игеруге талпынады. Георгий Виноградов санамақтар туралы былай деп жазады: «Ауызша өлеңдердің ешқайсысы санамақтар сияқты бай емес. Санамақта сан есімдер түрленген сайын мазмұны да байып, құнарлана түседі. Бұл жерде сан мен зат атауы астасып, бір-біріне мағына беріп тұрады. Санамақты жақсы жаттаған баланың есепке де, ойға да жүйріктігі тегін емес».
21 Ойын Ұйымдастырушылық Шыдамдылық Белсенділік Шапшаңдық Адамгершілік Тапқырлық
22 ТҰЖЫРЫМТҰЖЫРЫМ Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді Дене күшінің жетілуіне көмектеседі Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.