Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемDana Sagitova
1 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы СРС Тақырыбы: Қартаюдың молекурярлы-генетикалық механизмдері Орындаған:Баймуратова З.Р. Тексерген: Қарағанды 2012
2 Жоспар: 2 Кіріспе Биологтар қартаю құпиясын ашты Қарт және қарттық Қазақстан халқы қартайып барады. Неге? Адам үш түрлі қартаяды Ұзақ өмір сүруде әлем бойынша бірінші орындағы халық Ұзақ жасау – екінің біріне бұйырмайтын бақыт Қиындықты екі есеге ұлғайтатын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бірден-бір емі – ораза. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
3 Биологтар қартаю құпиясын ашты Жасушаның қартаюы геномның шапшаң өзін-өзі бұзу процесімен болатынын, ДНҚ бұзылуы белсенді заттардың бөлінуімен және олардың ДНҚ- кодтағы жаңа бұзылуға әкеліп соғатынын британ және неміс биологтары Molecular Systems Biology журналында басылған мақаласында жариялады.
4 Қартаю процесі жасушаның бөліну мүмкіндігінің бұзылуы Бақылаусыз жасушалардың көбеюі митохондриялардың қызметін бұзылуы Дене ұлпаларының регенерациясы тоқтап, қызметін біртіндеп бәсеңдеуі ДНҚ бұзылуы биохимиялық реакциялардың өзгеруі
5 Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жасаған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жолын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49- 61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әрқайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшемдеріне дәлме-дәл келеді. 5
6 6 Адам үш түрлі қартаяды Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік – тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы. Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік. Рухани қартаю – тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад көмескіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану.
7 Жапондықтар ұзақ өмір сүруде әлем бойынша бірінші орында. Жыл сайынғы зерттеулерге арқа сүйесек, мұнда ерлердің жас ұзақты- ғы – 70,80 жас болса, әйелдердің жас ұзақтығы – 84,93 жас. Жапондар өздері-нің ұзақ жасайтынының себебін «Джап тудей» журналында былай деп түсіндірген: «Біздің ұзақ жасауымызда ешқандай құпия жоқ. Егер біз секілді ұзақ өмір сүріп, сергек жүргілеріңіз келсе, төмендегі кеңестерді еске сақтаңыз: 1. Аз мөлшерде болса да, жеміс-жидек пен көкөністі күнделікті жеуге тырысыңыз. Әсіресе, ашық жасыл, ашық сары түсті көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеу керек. Мысалы, сәбіз, мандарин, алма. 2. Адам ағзасында, әсі- ресе жасы ұлғайған адам-дарға май қажет. Май болғанда, зығыр майы мен күнбағыс майы. Бұлардың құрамында адам өмірін ұзартуға қажетті аса бағалы қышқыл бар. Сондықтан, күніне бір қасық зығыр немесе күнбағыс майын ішіп отырсаңыз, жетіп жатыр. Сары майға шектеу қою керек. Ет пен ірімшікті аз мөлшерде пайдаланыңыз. 3. Күнделікті ұйқыдан тұрғанда немесе уақытыңыз болғанда жаттығу жасап, дене еңбегімен көп айналы- суға тырысыңыз. Демалыс күндері қала сыртына серуен құрып, таза ауамен тыныстауға ұмтылыңыз. 4. Әрнәрсені ойлап, қайғыра беру тек басыңызды ғана ауыртып қоймай, ағзаңыздың физиологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, кез келген жағдайда оқыс оқиғаға шыдамдылықпен, сабырмен қараған дұрыс. Керісінше, тез ашуланып, қайғыра беретін адамдардың иммундық жүйесі адам ағзасына қатерлі ісікпен қатар әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтандыратын жасушаларды бөліп шығаруды тоқтатады екен. 5. Ұйқы адамның жүйке жүйесінің, ағзасының демалуына мүмкіндік беріп қана қоймай, жүрек соғысын реттеп, қан қысымын түсіреді. Гармонды сұйықтар жүйесін қалыпқа келтіреді. Тіпті денедегі зақымданған жаралар ұйықтаған кезде тез жазылады екен. Сондықтан, көп ұйықтаудың зияны жоқ. 6. Жұмыстан шаршап келгенде бірден-бір демалатын орныңыз өз бөлмеңіз болғандықтан, тазалығына, заттар мен жиһаздардың орналасуына жіті мән беріп, жиі желдетіп отырыңыз. 7. Шектен тыс тойып та-мақтанудың өзі адам өмірінің қысқа болуына әсер ететін бірден-бір фактор болып саналады. Ас ішкенде тыңқиып тойып алудың қажеті жоқ. 8. Үнемі күліп, көңілді жүруге тырысыңыз. Адам күлгенде, бет-бұлшық еттері қозғалысқа түсіп, диаграфма мен асқазанның жұмысы да жақсара түседі».
8 Ұзақ жасау – екінің біріне бұйырмайтын бақыт 8 Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан жұмбақ. Философтар ғасырлар бойы қартаюдың себептерін талқыласа, көптеген діндер кәрілікке киелі маңыз берген. Алайда қартаю үрдісінің биологиясы әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ, тіпті адамның қартаю шапшаңдығын тежеудің әдістері де табылмай келеді. Ғалымдардың толассыз зерттеулеріне қарамастан, адамзат кәрілікті жеңудің ауылынан әлі тым алыста. Қартаю – басқа да тірі ағзалардың табиғи қартаюы сияқты биологиялық үрдіс.
9 Қан айналым жүйесі Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холлестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холлестерин, май қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, еріп, қаттылығын жоғалтады. Әсіресе, түстен кейін қан қысымы біраз төмендейтіндіктен, тамырлардағы қысымның азаюы себепті рахат күй кешу, демалу байқалады. Осыдан барып сол күннің ең бір қорқынышты ауруы «артериосклероз» (жүректің қысылуы және сал болу себептері) ораза мен дәреттің ортақ әсерімен жойылады. Жыл сайын ауыз бекітіп, ылғи да дәрет алып жүретін 300-дей қарт кісіге жүргізілген зерттеуде оларда титтей де болса артериосклероз кінәраты кездеспеген әрі жас мөлшері 65-тен асса да қан қысымы 12-ден аспаған. Жүрекке келсек, жүректің үстінде оған кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді. қиындықты екі есеге ұлғайтатын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бірден-бір емі – ораза.
10 Ас қорыту жүйесі Шыр етіп дүниеге келгеннен тіршіліктегі дәм-тұзы таусылып өлгенге дейінгі аралықта дамылсыз жұмыс істейтін асқазан оразаның арқасында орташа есеппен күніне төрт сағат тынығады. Бұл оның өзіндегі кем-кетік жағын дұрыстауына мүмкіндік туғызады. Ораза бауырдың жақсаруына тікелей әсер етеді. Дененің түрлі бөлігінде бауыр жүздеген міндет атқарады. Өтке май сіңіртуден бастап, ауруларға қарсы тұратын заттарды өндіретін барлық істерді, түптеп келгенде, денедегі барлық барлық химиялық жағдаяттар бауырдың ішінде өтеді. Бауыр өте сирек ауырады, бірақ, міндеті көбейіп ауырлаған сайын өз қызметінде ақау сездіреді. Бүгінгі таңда дамыған медицина көптеген аурулардың басталу себебі, яғни дененің ауруға қарсы тұру иммунитетінің әлсіреуі негізінен бауырға күш түсу деп білуде. Ораза болса, бауырдың күн сайын үш-төрт сағат тынығуын қамтамасыз етеді.Бұл бауыр қызметін тұтастай өзгертпегенімен оған шек қоя отырып, баяу жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Осылайша басқа мүшелер секілді бауыр да ораза кезінде тынығып, бір түлеп жаңарады. Дененің қорғану, қан химиясы және ас қорыту мүшесінің қызметі жақсара түседі. Оразаның тән саулығына тигізер игі ықпалы міне осындай.
11 Қан химиясы Дененің химиялық үрдістері ең алдымен қанда өтеді. Әр түрлі қоректік заттар мен қорғану заттары, тыныстау алдымен белгілі бір қан деңгейінде қайталанып отырады. Бұл заттар қоюланған сайын дене де соған сай белсенді әрекетке көшеді. Ауыз бекіткен адамдарда бұл заттар қатары көбеймейді. Оның ең төменгі деңгейде қалуы қандағы химиялық процестердің оңай жүруін қамтамасыз етеді. Әлсіздігін алға тартып, ораза ұстамағандар өздеріндегі сол әлсіздікке ораза тұтпағандықтары себеп болып жатқанын біле бермейді. Өйткені, әлжуаз адамдардың қанындағы химиялық процестер тепе-теңдік сақтауда қауқарсыздық танытады.
12 Қорытынды: 12 Қазіргі кезде әлем халқының қартаю процесі қарқынды жүріп жатқандықтан, Қазақстан да халықтың қартаю шегі - 7 пайызды аттап кетті. Яғни қазіргі кезде елімізде қарт адамдардың қатары 7,7 пайызды құрап отырғандықтан, Қазақстан да халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына қосылып тұр. Сондықтан кәрілікке қарсы бағыттағы жасалған әрбір істің маңызы зор, - деп түйіндеді сөзін Қазақстан геронтологтар қоғамының президенті. Сондықтан да өмірді ұзарту мен жақсартуды зерттеу тек қана ғалымдардың міндеті емес, ол - әр адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы екенін есте ұстау қажет.
13 Пайданылған әдебиеттер: 13 С.Ж. Стамбеков Жалпы генетика Алматы, 1993 ж С.Абилаев Молекулалық биология және генетика Шымкент, 2008 ж С.Ж.Стамбеков, В.Л.Петухов Молекулалық биология Новосибирск, 2003 ж
14 Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.