Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемЖандаулет Ахметжанов
1 Абайдың құқықтық және саяси көзқарастары
2 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Абайдың құқықтық және саяси көзқарастары 3. Қорытынды 4. Әдебиеттер тізімі
3 . Кіріспе. Абай Құнанбаев ( ) Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. "Жиырмасыншы қара сөзінде": "Дүние бірқалыпты тұрмайды" десе, өлеңінде: "адамзат күнде өзгерер" дей келіп, патриархалды- феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды. Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың жағдайын "Осы мен өзім қазақпын" деп басталатын "Тоғызыншы қара сөзіңде" баяндайды: "Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам - ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сәзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін..." Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсізді бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарама-қайшылыққа соқтырады, - дейді.
4 Негізгі бөлім. Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлімінде «мүтәкәлимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семйеде Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішіне осындай онерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. «Заманды қай жан билемек» дем өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына кейін өкінгені «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» деген өлеңінен байқалды. Өмірінің ақырғы шағында, яғни 1903 жылда «Ойға тұстім, толғандым» деген өлеңінде өкінішін тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған тұста Абай ауыл арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді кисық деп санап, бұларды тұзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс шығара алмаған да, халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге кіріскен. Содан кейін «Көңілдін күйі тағы да, Өмірдін улап алды ішін, Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын» деп, біржола өлең жазу ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы қырықты алқымдаған кез.
5 Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-ақ ақындық үшқыны шашырағанымен, біріңғай жазу жумысымен Абай жасы 40-қа жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжиребесінің молаюы және көркем әдебиетке деген қөзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне жас өспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды. Халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл талабынан ол оншалықты нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп ойлаған істерін көркем сөзбен, әсірісе өлеңмен насихаттамақ болады.
6 Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің ең күшті жанрлары шешендік сөз бен өлең- жыр болатын. Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. «Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақыншы мал үшін тұрман зарлап» дейді ол. «Ескі бише бос мақалдап «дегенді Абай босқа айтпаған. Патриархты аулдың көне заманнан Абайға дейінгі дау істерін билер шешіп келген. Билік үстінде олар өз ара шешендік салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына қарамастан, сол жеңіп отырған. Қазақтың «Істің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі» деген мақалы содан шыққан. «Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап «деуі қазақтың өлеңді ауызша шығаратын ақындардың көбі кедей болып, өлендерін күн көрістің құралына айналдырған; тындаушыларынан, әсіресе олардың байларынан ақы тілеген. Сондықтан да Абай оларды «Жат елде қайыршылық қылып жүрып, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап» деп сөккен. Абайға дейінгі қазақтың байлары немесе атақтылары «руымыздан ақын мен бақсы шыққан жоқ» деп мақтанған. Өйткені ақындық кедейлердің күн көріс кәсібіне айналып, тілемсектік пайда болған. Содықтан Абай оларды менсінбей, «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді қылған жоқтан қармап» деген. Ел ішінде аты ауызға ілінген дара ақындар шыға бастаған кезде, Абай олардан да мін тауып: «Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Олеңі бірі жамау, бірі -құрау» деген. Халық жырларының эпикалық түрлерін айтатын жырауларды да жаңа заманға лайық көрмей, Абай «Батырды айтсам, елшауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек әңгемеге, Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап» деп, өз тұсының тыңдаушысына тигізе сойлеген.
7 Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп нәр алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі етпеді.Оның көп қолданғаны мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңіне ретін тауып қосып отырған. Мысалы, «Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» деген мақалды өлеңінде «Берерменге бесеусің, Аларманға және алтау» деген түрде алған.
8 Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы таныстығы мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерін пір тұтып, оларға сиынады да: «Иузи раушан, көзі гауһар», «Әлифби» тағы бірнеше қысқа өлеңдерін солардың үлгісінде жазады. Кейін «Масғұт» және «Ескендір» дейтін екі Шығыс хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген Абай тәңріні тану жайындағы философиялық көзқарасын да өлең еткен. Шығыстың классикалық поэзиясының үлгілеріне үйренген. Алайда ол ислам ақындарының дінді уағыздайтын «мінажат» аталған щығармаларың үлгісінде аса көп ештеңе жазбаған. Абайдың жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенері- алдымен орыс әдебиеті, әсірісе оның 19 ғасыры болған. Ахмет Ризаның Семейдегі медресесінен кетер алдында Абай үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де, Семеймен қатынасын ұзбей, ондағы орыстардан достар тапқан, әсіресе саяси көзқарастары үшін жер аударылған орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсүге жәрдем алған. Семейде айлап жатып және ауылға алып кетіп, Гоголь атындағы кітапхананың көп кітаптарын оқыған. Абайға ерекше жәрдем берген өзінің туған інісі Халилолла (Халел) Өскенбаев. Ол орысша бастауыш білімді Семейде алған, одан кейін Омбыдағы кадет корпусында, Москваның Павлов атты әскери училищесінде оқыған. Замандастарының, әсіресе Г.Н. Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен қатар көркем әдебиетті де жақсы білген.Ол әскери қызметте жүргенде, жасы отызға жетпей қайтыс болған. Осы адамдардың ақылымен және өз ынтасымен Абай орысша кітаптарды көп оқыды. Бұлар тек орыс авторларының шығармалары ғана емес, дүние жұзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының орыс тіліне аударылған енбектері. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философия және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Сол кездін атақты данышпаны Сократты да білетіндігі шығармаларынан көрініп отырады.
9 Орыстың ойшыл ғалымдарынан Абайдың ерекше ұнатып оқығаны- В.Г.Белинскийдің енбектері. Оның эстетикалық қағидаларын өз шығармаларына таяныш қылып қолданған. Сайып келгенде, бұл қағидалардың айтары: өнер өнер үшін емес, өмір үшін; көркем шығарманың міндеті өмір шындығын қаз- қалпында сипаттау ; ақынның міндеті өз заманының жыршысы болу. Көркем Әдебиетке осындай көзбен қараған Белинский орыс әдебиетінің 19 ғасырдағы өкілдерінен А.С. Пушкинді үлгіге тартқан. Оның айтуынша, Пушкиннен бұрынғы және онымен тұстас орыс жазушыларының бәрі Россия жерінде ағатын өзендер болса, Пушкин солардың бәрін бойына жинайтын Еділ. Белинскийдін ойынша, өз ұлтын сүйген адам ғана бүкіл адамзатты сүйе алады. Белинскийдің бағасынша, орыс әдибиетін шын мағынасындағы бірінші ұлттық ақын Пушкин. Белинскийдің бұл пікірін өз творчествосына нысана тұтқан Абай қазақтын бірінші ұлттық ақыны болған. Ол жазушылыққа үлкен тәжірибемен және теориялық даярлықпен кірісті. Көркем әдебиеттің теориясына жетік, оның өркендеуіне жөн сілтейтін адамның бәрі бірдей ақын я жазушы бола алмайды. Жазушылық, яғни көркем ойлап, сол ойын ауызша айта аларлық немесе қағазға түсіре аларлық дарын адамның бойына табиғат беретін сый. Абай осындай дарын иесі. Оның ойынша, ақындық адамға «тәңірінің берген өнері», ол кез келген жерде таси бермейді, шабыт келген сәттерде ғана, яғни ақынның не қуаныш, не қайғыға батқан шақтарында ғана келеді. Абайдың өмір жолы М.Әуезовтің романдары мен зерттеулерінде толық бейнесін тапқан.
10 Абайша, ақындықтың құралы тіл, «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі», яғни көркем өнердін басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды. Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде: «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ» дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады. «Бөтен сөз» дейтіні: біріншеден, ауызша немесе жазба әдебитте белгілі бір пікірге қатысы жоқ жолдардың, сөздердің бытысып жүруі; екіншіден, қазақ тіліне ислам діні арқылы кірген, қазаққа ұғымсыз араб, парсы сөздерінің орынсыз араласып кетуі. Белинскийдің қағидасын қолданатын Абайдың да ойынша : «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жұрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы». Бұл тақырыпқа ақын жұрттың ұғымына әрі жеңіл, әрі көркем түр тапқан.
11 Абай поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол поэма жанрына беріле бой ұрмаған ақын.Бірақ Абай қысқа өлеңдеріңде табиғаттың бейнесін адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа жазған өлеңінде болса да ; қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады. Мысалы, қысты ол «Ақ киімді, денелі, ақ сақлды, Соқыр, мылқау, танымас трі жанды…Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды* деп,қазақтың қатал шалдарына ұқсатады. Сонмен қатар, қазақтың сол кездегі да киіз үйде отыратын тұрмысын елестетіп, *Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды» дейді. Мезгіл тақырыбында жазған өлеңдерінен табиғат көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп отырады.»Жазғытұры»,» Жаз», «Күз», «Қан сонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Шоқпардай кекілі бар…» сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл-тек қазақ даласында кездесетін көріністер. Болыстарды, билерді, пысықтарды, тағы сондай типтерді суреттегенде, көз алдыңа тірі адамның бейнесін елестетеді. Өзінің және өзгелердің жан-жүйесін сипаттағанда да Абай өте шебер. Жастардың махаббат сырын бейнелеуде де алдына жан салмас жүйрік. Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында негізінен «қара өлең» және «жыр» аталатын екі-ақ өлең түрі болған. Абай өз шығармаларында осы екі түрде де байытып, кең пайдаланған. Бірақ ол қазақ поэзиясының өлшемімен ғана қанағаттанып қойған жоқ. Орыс және дүние жүзі поэзиясының жетістіктеріне сүйене отырып, қазақ өлеңіне тыңнан 17 түрлі өлең өлшемін қосты. Солардың ішінде «Сегіз аяқ« және 16 тармақты «Сен мені не етесің» сияқты дүние жұзіндегі поэзияға қосқан жаңа өлшемдері де бар. Абай тыңнан жасаған өлшемдерінің сауатсыз аулдың тыңдаушылары, азғана оқырмандарына түсінікті болу жайын да қарастырады.
12 Абайдің дүниеге көзқарасы 19 ғасырдың 2 жартысында Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өй пікірінің прогресшіл бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Ол дүние тану жолында орыстың прогресшіл ойшылдарының, революцияшыл демократтарының шығармаларын оқып және өз дәүірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, бұларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды.Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты философиялық мәселелер: құдай мен табиғат, адам мен кұдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай прогресшілдік тұрғыдан жауап беруге тырысты. Бірақ сол кезде үстемдік еткен патриархты-феодал коғамның діни-идеалистік козқарастарының ықпалынан толық шыға алмады. Сондықтан да Абайдың философиялық пайымдауларында ғылыми- ағартушылық, материалистік ой-пікілер діни идеалистік көзқарастармен ұштасып жатады. Абай бір жағынан құдай бар, ол жаратушы деп ұғындырса, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективтік зандылықтарын мойындайды. Сөйтіп, дүниені тұсіндіруде деистік қозқарасты жақтайды. Адамды дүниенің ең маңызды бөлегіне жатқызып, Абай басқа кұбылыстардан ерекшеліктерін, ішкі мәнін ашуға тырысады. Оның түсінуінше, қайрат, жүрек (сезімталдық), ақыл тек адамға тән қасиеттер. Ақылдылық өтірікті ақиқаттан ажыраттырады, қайрат адамды алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылдырады. Жүрек әділеттілік пен әділетсіздікті білдереді. Адамның ақылдылығы, саналалылығы, Абайдың ойынша, білімділікпен, ғылымды зерттеумен, дүние құрылыстарының ішкі сырын білумен болмақ. «Оныншы» және «Қырық үшінші» қара сөздерінде адамның ақыл-қабілеттілігін қудайдан боліп алып, оның еңбек етуіне апарып тірейді.
13 Абай деистік ұғымнан материалистік көзқарастың бағатына түседі. «Біз жанымыздын ғалым шығара алмаймыз,- дейді Абай,- жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.» Демек, Абай дүние тану процесінде екі элементтің- сезім мен логиканың, түйсік пен ақылдың қатынасатын мойындайды. Танымда ақылдың ролін көтермелеп, рационалистердің позициясына жуықтайды. Себебі Абай үшін ақиқатты анықтаушы, айтылған пікірлердің шындығын яки жалғандығын шешуші тек ақыл ғана. Сондықтанда Абай :»Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Ақылменен жеңсеңіз» дейді. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, ағартушы Абайдың түсінігі бойынша, адамға тән қасиет болуға тиісті. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» дейді. Абайдың дүние тануында стихиялы диалектикалық көзқарастың орын алғандығын шығармаларынан аңғарамыз. Айналадағы дүние құбылытсарын зерттеген от былайша тұжырымдайды : «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ » Тек табиғат қана емес, адамзат қоғамы да өзгереді, бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді.
14 Қорытынды. Абайдың түсінігі бойынша, мектеп ашу, бала оқыту,ғылымды білу, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеру -қазақ өмірін прогресшіл жолмен өзгертудің негізі болмақ. Қазақ елін экономика және мәдени даму жолына бағыттау үшін қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгерту қажеттігін Абай тарихи себептермен түсініп жеткен жоқ еді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси қозқарасында ағартулышықтың шеңберінде қалды. Себебі Абай дәуріндегі қазақтың патриархты-феодалдық қоғамында таптық күрес шиеленісіп жетілмеген-ді. Енбекші бұқара патриархты-рушылдық әдет-ғұрыптардан қол үзіп, таптық революция күрес жолына түсуге әзірленіп жетпеген болатын. Қазақ енбекшеілеріне бұл жолды тек Ұлы Октябрь социалистік революциясы қазақ қоғамына қандай істерді пайдалы көрді? Оның ұғымында әрбір қоғамның жақсы я жаман ел болуының тетігі бірлікшіл я бірліксіз болуында. Ол «Берекелі болса ел жағасы жайлау ол бір көл» деп, қазақ ауылының жазғы жақсы мекеніне, сонда көрген рақатына теңеді де, «Берекесі кеткен ел суы ашыған батпақ көл» деп, оны құтсыз, сияксыз мекенге балайды. Оның байқауынша, өз тұсындағы ауылдары барып тұрған берекесіздік пен ала ауыздыққа толы болған. Қазақ қауымының берекесіздікке ұшырау себебін Абай дұрыс аңғарады да, түп тамырын жеткіліксіз қазады.Ол бір өлеңінде : «Болды да партия, Ел іші жарылды»дейді.»Партия» дегені патша үкіметінің қазақ елін билеу жайында 1868 жылы шығарған заңы.Бұл заңға дейін ерте заманнан кле жатқан хандық өкімет жойылып, 1822 жылдан бастап сібір қазақтары арасында дуан (округ) аталатын әкімшілік орындары ашылған да, әр дуанның бас әкімдері (аға сұлтанда) қазақтан тағайындалған.
15 Батыс Сібірде дуандардың саны алтау болған жылы патша үкіметі бұрынғы дуандарды жояды да, сібір қазақтарын Россияның ел билеу тәртібіне түсіріп, старшындарға, болыстарға, уездерге, губернияларға бөледі. Солардан старшындар мен болыстар ғана сайланып, одан жоғарғы әкімдер патша үкіметінің чиновниктерінен ғана тағайындалады. Байлардың болыстыққа, старшындыққа таласуы, әрине, ауыл арасының үстемдігіне таласу.Осындай таласта олар әкені баладан, ағаны ініден, туысты жақыннан айырып, ел ішін быт-шыт қылған. Сол араздықтың салдарынан қазақ ауылдары жоғарыда айытылған берекесіздікке ұшырап, қиян-кескі болған, жауласқан,барымталасқан, кісі өлімі де жиі кездескен. Абай осы пәленің бәрі сайлауға таласушылардан деп ойлап, оны өршітуші ұлт пен ұлттық, ре мен руды араздастырып ұстайтын патша үкеметінің саясат екенін анғармаған. Сондықтан ол былай дейді : «Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп*. Мұндағы «орыс» деп отырғаны патша үкіметінің уездік және губерния әкімдері. Олар қазақтарға «кімді ұнатып сайласаң, деп ауызша айтқанымен, іс жүзінде параны көп берген байды сайлаған. Жоғары әкімдердің бұл қылығын кейінірек түсінген Абай «Құтырды көпті қойып азғанасы, арызшы орыс олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірле мұны, Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы» деген қорытындығы келеді. Сонымен «Біріңді,қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрібос» деп, тұған халқын береке-бірлікке, ынтымыққа келтіре алмайды да,» Көңілім қайтты достан, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда», «Дос жарың, ағайының бәрі екі ұшты, Сол себептен досынңан дұшпан күшті», «Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ, Мысқыл, өсек, айла бар» деп торығады.
16 Назарларыңызға рахмет
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.