Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемЖансая Сауданбекова
1 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы
2 ХВҚ-ның болжамы бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің нақты өсуі 2014 жылы 5,2 %, 2015 жылы – 6,1 %, 2016 жылы – 5,8 % деңгейінде бағаланып отыр. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – ЭБЖМ) ел ЖІӨ- нің өсуін 2014 жылы – 6,2 %, 2015 жылы - 7,4 %, 2016 жылы – 6,6 % деңгейінде бағалайды. ЖІӨ өсуінің негізгі көзі орташа есеппен алғанда 6,5 %-ға өсетін ішкі сұраныс болады. Бұл ретте пайдалану бойынша ЖІӨ-нің құрылымы жақын арадағы кезеңде елеулі өзгерістерге ұшырамайды. 1. Ағымдағы жағдайды талдау Сыртқы ортаны талдау
3 Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялар өсуінің жылдық орташа қарқыны 4,6 % шегінде күтіледі. Капиталды жинақтау нормасы 2014 – 2018 жылдары ЖІӨ-ге шаққанда 21,5 % белгісінде тұрақталады, бұл дағдарысқа дейінгі кезең көрсеткіштерінен едәуір төмен және индустрияландыру саясатын іске асыру үшін жеткіліксіз болып қала береді.
4 Өнеркәсіп Бұған басым өндірістік сектордың тиімділігі айтарлықтай өскен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру ықпал етті. Тұтастай алғанда, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2013 жылы еңбек өнімділігінің деңгейі адам басына шаққанда $ 57,5 2 мыңды құрап, 2008 жылға қатысты 59 %-ға өсті. Еңбек өнімділігі өсуінің ең үлкен қарқыны машина жасауда (2,3 есе), фармацевтикада (2,1 есе), химияда (91 %-ға) және металлургияда (64 %-ға) байқалады. Сонымен бірге, өндірістік емес сала секторлары дамуының жоғары қарқыны нәтижесінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлестері бес жылда тиісінше 18,7 %-дан 11,8 %-ға және 16,9 %-дан 10,5 %-ға дейін төмендеді.
5 Шағын және орта бизнес Қазақстандағы ШОБ-тың даму деңгейі Ресей, Малайзия, Аргентина, Мексика және Түркия сияқты елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Бұдан басқа, Норвегия, Нидерланды, Бельгия, Германия, Дания сияқты елдердің ЖІӨ құрылымын талдау ШОБ кәсіпорындары ЖІӨ-нің кемінде 50 %- ын 3 қамтамасыз ететінін көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2007 жылғы 20 %-дан төмендеп, 2013 жылы 18 %- ды 4 құрады. ШОБ өнімінің ақшалай көріністегі негізгі үлесі экономиканың сауда (22 %), құрылыс (20 %) және өнеркәсіп (17 %) сияқты салаларына тиесілі, бұл ретте елеусіз үлесті ауыл шаруашылығы (12 %) мен көлік және байланыс (7 %) салалары алуда 5.
6 Инновациялық даму Бизнес, өнеркәсіп пен ғылым саласының өзара іс-қимылын үдету орын алуда. Зерттеулер және әзірлемелер бойынша бірлескен жобалардың саны 2009 жылғы 235-тен 2012 жылы 411-ге немесе 75 %-ға өсті. Бұл ретте ғылыми ұйымдармен бірлескен жобалардың саны 60-тан 98-ге дейін екі еседен артық өсті, аталған жобалардың үлесі 23,8 %-ды құрады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалардың саны да артты (15-тен 33-ке дейін), жоғары оқу орындарымен бірлескен әзірлемелердің үлес салмағы 6,4 %-дан 8 %-ға дейін өсті. Инновациялық бизнесті қолдау ұлғайтылды, айталық 2003 жылдан бастап 2009 жылдар аралығындағы кезеңінде 180-ге жуық инновациялық жобаға қолдау көрсетілсе, 2010 – 2012 жылдардағы кезеңде 400-ден астам жобаға қолдау көрсетілді.
7 Инвестициялар СА деректері бойынша соңғы бес жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 43 %-ға артты. Өсім басым түрде көлік және байланыс саласына күрделі салымдардың ұлғаюы 134 %-ға, сондай-ақ тау-кен өндіру өнеркәсібіне 80 %-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Осы салалардың үлесіне бес жыл ішінде экономикаға инвестициялардың жиынтық өсімінің 92 %-ы тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі аталған кезеңде 91 %-ға артты.
8 Банк секторы Әлемдік қаржы дағдарысы республика экономикасына маңызды әсерін тигізіп, қаржы секторының инвестициялық және кредиттік белсенділігін айтарлықтай төмендетті. Ұлттық экономикаға инвестициялар салудың өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, экономиканы қаржыландырудың негізгі өткізушілері ретіндегі Қазақстан Республикасы қаржы институттарының рөлі күшейтілуде – 2013 жылдар кезеңінде ел банктері барлығы млрд. теңге сомасына ұзақ мерзімді (1 жылдан артық) кредиттер берді, олардың ішінде 6 %-ы ғана (898 млрд. теңге) өңдеу өнеркәсібі салаларын кредиттеуге бағытталды жылмен салыстырғанда ұзақ мерзімді кредит беру көлемдері химия өнеркәсібі кәсіпорындарына 76 %-ға және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына 37 %-ға төмендеді.
9 Қор нарығы Қазіргі уақытта Қазақстанда қор нарығының салыстырмалы түрде дамыған инфрақұрылымы жөнге келтірілді. Классикалық қаржы құралдарының негізгі жиынтығы енгізілді. Сонымен қатар, соңғы жылдары қазақстандық бағалы қағаздар нарығы дамымай, қаржы нарығының өзге секторларымен салыстырғанда өз позицияларын жоғалтып алды. ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің деректеріне сәйкес «Қазақстандық қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – Қор биржасы) мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша капиталдандыруы млн. теңгені немесе ЖІӨ-нің 31,2 %-ын құрады (2007 жылы – 86 %, 2010 жылы – 69 %). Жалпы осы көрсеткіш қор нарығының ұлттық экономикаға қатысты елеусіз мөлшерін көрсетеді. Мысалы, Ресей Федерациясында 2012 жылдың қорытындылары бойынша бұл көрсеткіш 45 %-ды, Жапонияда 75 %-ды, АҚШ-та 108 %-ды құрады. Нарық өтімділігін сипаттайтын қор биржасындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеп, 2012 жылы 528 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2013 жылдың екінші тоқсанында Қор биржасындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі 68,8 %-ға артып, 176 млрд. теңгені құрады 19.
10 Тікелей және венчурлық инвестициялар қорлары Қазақстан экономикасында Private Equity (бұдан әрі – PE) қорлары арқылы тікелей инвестициялардың үлесі ЖІӨ-нің 0,06 %-ын құрайды 21 (2008 –2012 жылдардағы орташа көрсеткіш), бұл басқа елдердегі тиісті көрсеткіштерден төмен. Мысалы, Үндістанда бұл көрсеткіш 0,23 %-ды, Бразилияда 0,17 %-ды, Ресейде 0,23 %-ды құрайды. Қазақстандағы венчурлық инвестициялар көлемі елдің ЖІӨ–нің 0,02 %-ын құрайды 22 (2008 – 2012 жылдардағы орташа көрсеткіш), бұл басқа дамушы нарықтардың тиісті көрсеткіштерінен неғұрлым төмен. Бразилияда бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 0,07 %-ын, ал Үндістанда 0,15 %-ын құрайды. Салыстыруға келетін елдер деңгейіндегі венчурлық инвестициялардың көлеміне қол жеткізу үшін венчурлық инвестициялардың жыл сайынғы көлемін ағымдағы 40 млн. АҚШ долларынан 185 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту қажет 23
11 Ипотекалық кредит беру ҚР ҰБ деректеріне сәйкес 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында ипотекалық кредиттеу нарығының көлемі 865,8 млрд. теңгеге бағаланды, бұл алдыңғы есепті кезеңдегі көрсеткіштен 7,4 %-ға артық. Бұл ретте, ұлттық валютада берілген ипотекалық кредиттердің көлемі 685,3 млрд. теңгені немесе ипотекалық кредиттеу сегментінің жалпы көлемінің 79 %-ын, шетел валютасында – жалпы көлемнің 21 %- ын немесе 180,5 млрд. теңгені құрайды жылдан бастап АҚШ долларындағы несиелік қоржын көлемінің жыл сайынғы 16 % - 17 %-ға кему үрдісі байқалады. Өңірлік бөліністе ең үлкен көлем Алматы қаласына тиесілі – мұнда барлық ипотекалық кредиттердің 31,14 %–ы шоғырланып, 269,6 млрд. теңгені құрайды. Ең аз кредиттер саны Қызылорда облысында беріледі – ипотекалық кредиттердің жалпы сомасының 1,74 %-ы немесе 15 млрд. теңге.
12 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауда, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдер қатарына кіруіне ықпал ететін бес стратегиялық бағытты белгілеп көрсетті: 1) инновациялардың басты қозғаушы күші – адами капиталды дамыту; 2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру; 3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезең- кезеңді тәсілді қабылдау арқылы ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту; 4) ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдайтын инфрақұрылымды жеделдетіп қалыптастыру; 5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялануды тереңдету.
13 Бұл ретте, экономиканы әрі қарай дамытудың мынадай міндеттері айқындалды: 1) қаржы секторының көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту, қаржы ұйымдарында ішкі бақылаудың, тәуекел менеджменттің тиімді жүйесін енгізу және ашықтықты арттыру; 2) экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде ШОБ секторын дамыту, оның ішінде заманауи бизнес құзыреттерді дамыту арқылы (ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылы 50 %-ға дейін ұлғаяды); 3) индустрияландыру бағдарламаларының тиімділігін арттыру; 4) қосылған құны жоғары өнім экспорты үшін экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету (мұнай емес экспорттың үлесі 32 %-дан 70 %-ға дейін ұлғаяды); 5) мемлекеттік – жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетіктерін пайдалана отырып, инфрақұрылымды жаңғырту; 6) ұлттық инновациялық жүйені дамыту және тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру; 7) шетелдік капиталды тарту үшін венчурлық қаржыландыру мен тікелей шетелдік инвестицияларды дамыту (ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялардың үлесі 30 %-дан кем емес деңгейде сақталады); 8) жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту.
14 Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі өңдеуші өнеркәсіпті жеделдетіп дамыту есебінен экономиканың әртараптандыруын бастауға, өнеркәсіптік секторды әрі қарай дамытудың алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ҮИИДМБ іске асыруда. Сонымен қатар, ҮИИДМБ іске асыру барысында бірқатар жүйелік проблемалар анықталды, олар Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ-2) әзірлеу шеңберінде ескерілді.
15 Экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан кәсіпорындары өнімдерінің экспортын қолдау мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде шикізаттық емес (өңделген) экспорт үлесін арттыру жөніндегі міндеттер қойылатын «Экспорт – 2020» бағдарламасы іске асырылады. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалық құжаттар шеңберінде Холдингтің ЕҰ «ҚазЭкспортГарант» АҚ-ға сауданы қаржыландыру мен экспорттық шарттарды сақтандыру бағдарламасы бойынша қаржы операторының функциялары бекітіліп берілді. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы орындау және қазақстандық өнім экспортын қолдау бөлігінде ҮИИДМБ-2 тиімді іске асыру мақсатында экспортты қолдаудың халықаралық тәжірибесі ескеріліп, 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегия (бұдан әрі – Экспорттық стратегия) әзірленуде. Экспорттық стратегияның міндеттері экспорттық қоржынды қалыптастыру, өнімді өткізу нарықтарын айқындау, сондай-ақ экспортты қолдайтын инфрақұрылымды құру болып табылады. Даму институттары экспортты қолдаудың жаңа құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру арқылы жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.
16 «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында кредиттер жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандатылады, 2015 жылға қарай ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кем дегенде 12,5 %-ға дейін және өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кем дегенде 1,5 есеге ұлғаяды. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасыбағдарламасы
17 «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру тұрғын үйдің толыққанды теңгерімді нарығын қалыптастыруға, тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестицияларды жұмылдыруға, тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамытуға бағытталды. Осының нәтижесінде 2020 жылға дейінгі кезеңде 69 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
18 Холдинг миссиясы және пайымы Холдинг 2014 – 2023 жылдары кезеңіне арналған мынадай миссиясы мен пайымын айқындады. Миссиясы Холдинг миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру, «Стратегия – 2050» қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді шешу және мақсаттарға жету үшін экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау арқылы Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Пайымы Холдингтің 2023 жылға дейінгі пайымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, ел экономикасының әртараптандырылуын, жаңғыртылуын және орнықты дамуын және мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін холдинг.
19 Қызметтің операциялық және қаржы нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету Осы міндетті орындау тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады: 1) капитал рентабельдігінің көрсеткішін (ROE) 2014 жылы 0,2 %, 2023 жылы 2,8 % залалсыз деңгейінде сақтау; 2) активтер рентабельдігінің көрсеткішін (ROA) 2014 жылы 0,1 %, 2023 жылы 0,6 % залалсыз деңгейде сақтау; 3) несиелік қоржынға провизиялар деңгейін 2014 жылғы 10 %-дан 2023 жылы 6 %-ға дейін төмендету арқылы ұйымдардың несиелік қоржынның сапасын арттыру; 4) еңбек өнімділігін (қызметкердің жалпы табысын) 2014 жылғы 65 млн. теңгеден 2023 жылы 139 млн. теңгеге дейін ұлғайту.
20 Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру Осы міндетті орындау тиімділігінің мониторингі қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады: а) даму стратегиясы іске асырылуының бүкіл кезеңі ішінде егеменді деңгейінен төмен емес Холдингтің кредиттік рейтингісін алу және қолдау; b) 2018 жылға дейін Борыш/Капитал көрсеткішін 3,5-тен жоғары емес деңгейде ұстау жылғы Борыш/Капитал нысаналы көрсеткіші рейтингтік агенттіктердің ұсынымдарына сәйкес айқындалатын болады.
21 Холдинг қаржыландыруды тарту кезінде мынадай мақсаттарды ескереді: 1) мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру кезінде Холдингтің қажеттіліктерін қаржы ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету; 2) тартылатын қарыздың оңтайлы шарттары; 3) тартылатын қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуы; 4) Холдингтің қаржылық орнықтылығын шоғырландырылған деңгейде сақтау.
22 Холдинг түрлі кәсіпкерлік субъектілері үшін олардың қажеттілігіне қарай құрамдастырылған ұсыныстарды әзірлейді және ұсынатын болады. Стратегиялық міндетті орындау тиімділігіне мониторинг жасау қызметтің мынадай ҚБК-ні белгілеу арқылы жүзеге асырылады: 1) Холдинг активтерінің елдің ЖІӨ-не қатынасын 2014 жылғы 6 %-дан 2023 жылы 7 %-ға дейін арттыру; 2) кредит қоржынын 2014 жылғы млрд. теңгеден 2023 жылы млрд. теңгеге дейін ұлғайту; 3) инвестициялық қоржынды (қазынашылық операцияларды қоспағанда) 2014 жылғы 50 млрд. теңгеден 2023 жылы 335 млрд. теңгеге дейін ұлғайту; 4) жобаларды дамыту әсері индексінің көрсеткішін («ҚДБ» АҚ бойынша) 2014 жылғы 62-ден 2023 жылы 70-ке дейін көтеру; 5) Холдингтің жалпы активтерінің кредиттік және инвестициялық үлесін 2014 жылғы 56 %-дан 2023 жылы 77 %-ға дейін арттыру.
23 Стратегиялық бағыттың міндеттерін іске асыру тиімділігінің мониторингісі қызметтің мынадай ҚБК белгілеу арқылы жүзеге асырылады: 1) қаржы бағдарламалары бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат көлемін 2014 жылғы 328 млрд. теңгеден 2023 жылы 583 млрд. теңгеге дейін арттыру; 2) негіздеп орналастыру бағдарламасы бойынша ЕДБ тарапынан берілген кредиттер бойынша ШОКС бірлесіп қаржыландыру мультипликаторын 2023 жылы 2-ге 1 мәніне дейін арттыру; 3) бюджеттен тыс қаржы көздерінен ШОКС қаржыландыру үшін тартылған қаражат үлесін 2014 жылғы 20 %-дан 2023 жылы 40 %-ға дейін ұлғайту; 4) оқыту бағдарламаларына қатысушылардың арасынан өз бизнесін ашқандардың үлесін 2014 жылғы 10 %-дан 2023 жылы 25 %-ға дейін ұлғайту.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.