Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемшшошошош ддооло
1 Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016
2 Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті. Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады: 1.Ойлаудың икемділігі. 2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі. 3.Ойлаудың сынилығы. 4.Ойлаудың мақсаттылығы. 5.Ойлаудың жалпылығы. 6.Ойлаудың өз бетіншелдігі. 7.Анықтылығы,дәлелдігі.
3 Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.
4 К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: "оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет
5 .Оқушыларды керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға /рационализация/ қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады.
6 Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді: 1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет; 2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады; 3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді.
7 Оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.
8 Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады: 1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан; 2.функционалды /қызметтік/ - оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан; 3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.