Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемроза Бабатаева
1 Тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту».
2 өзектілігі Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Өкішішке орай, практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Осының барлығы келешекте мектептің бастауыш сыныптарынан бастап, баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Моторика деген не? Бала дамуына қандай әсер тигізеді? Ата-аналарға балаларын мектепке дұрыс дайындап, жан-жақты дамуына қандай көмек көрсетуге болады? Аталған сұрақтардың жауабын табу осы тақырыппен жұмыс жасауға, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып мәселені шешуге мені жетелеп әкелді.
3 МАҚСАТЫ: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту
4 Міндеттері: Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту Тілдік функциясының дамуына көмектесу Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру Құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалдық жайлы жағдай жасау Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата-аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау.
5 Қолданылатын жұмыс түрлері Тәрбиешінің балалармен бірлескен іс- әрекеті Балалармен жеке жұмыс Балалардың ерікті өз бетімен іс-әрекеттері Ата-аналармен жұмыс
6 Әдіс - тәсілдер Саусақ ойындары Қолдың бұлшық еттеріне арналған массаж Сергіту жаттығулары Саусақ театры Дәстүрден тыс бейнелеу әрекеті: Дәстүрден тыс сурет салу (мөрлермен, саусақпен, алақанмен, мақта таяқшалармен, істіктермен, паролонмен, дымқыл қағазға, мыжылған қағазға сурет салу) Мүсіндеу әрекеті ( табиғи материалдарды қолданып, ермексазбен, тұзды қамырмен мүсіндеу) Құрастыру (дәстүрден тыс материалдармен жұмыс істеу, лего конструкторымен жұмыс) Әр түрлі аппликацияның түрлері (жырту тәсілі, умаждау) Айналдырып сызу, штрихтау, бояу Дидактикалық ойындар М. Монтессори баулықтары Ұсақ заттармен, ойыншықтармен ойындар Пазлы, мозайка т.б
7 Негізгі бағыттар Заттық-дамытушылық орта құру Жұмыс құралдарын жасау Балалармен жұмыс Ата-аналармен жұмыс
8 Кеңестер беру: «Тіл мүкістіктері бар балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған тіл дамыту құралы» «Саусақпен ойнаймыз – тілді дамытамыз». Семинар- практикум: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту»
9 Өз тәжірибемде қолданылатын балаларды диагностикалауға арналған тапсырмалар 3-4 жас 1. «Саусақпен мұрын амандасады» «Теңгелерді қорапқа жина» «Саусақпен дөңгелектер суретте» «Амандасайық»
10 4-5 жастағы балаларға арналған жаттығулар - доппен (жерге соғып қолмен ұстап алу, жоғары лақтырып ұстап алу, бір қолмен жүргізу) - қарындашпен (заттарды айналдырып сызу, штрихтау) - саусақтарға арналған жаттығулар (шанышқы, әтеш, қоян, жалау)
11 ІІ- сәбилер «Ботақан» тобының ұсақ қол моторикасының даму деңгейі
12 Ортаңғы «Айгөлек» тобының ұсақ қол моторикасының даму деңгейі
13 оқу жылы «Әр түрлі іс-әрекеттер, ойындар арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» деген тақырыбы бойынша «Әдістемелік бірлестікке» қатысып,баяндама оқып, көрме ұйымдастырдым. Жұмыс істейтін екінші сәбилер тобында мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған орта жасалды. Дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды.
14 оқу жылы Ашық сабақ «Күзгі орманға саяхат» 4-5 жастағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту; Тақпақтарды, саусақ ойындарын тәрбиешінің артынан қайталап айтып, есте сақтауды үйретуді жалғастыру. 4-5 жастағы балалардың белсенді сөйлеуін дамыту. Тақпақ мазмұнын түсініп эмоционалды қабылдап, мәнерлі сөйлеуін дамыту. Күз мезгілі, күзгі құбылыстар туралы білімдерін бекіту, ормандағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, «күз» тақырыбына сөздік қорын байыту, зат есімдерге сын есімдерді дұрыс табу. Қағазбен дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қызығушылықтарын дамыту – қағазды кішкентай кесегіне дейін саусақтарымен үзу, умаждау. Қазаздан жасалған кішкентай кесектерін желімдегенде ұқыптылық таныту. Жасап жатқан ісінің процессіне және нәтижесіне қызығушылық арттыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
15 оқу жылы
16 топта мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жағдай жасалды, дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды
17 Саусақ ойыны Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Бұл саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады
18 Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалр екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған сабақтарда, серуенде режимдық кезеңдерде, ояну кезінде пайдаланамын
19 Дәстүрден тыс сурет салу Берілген техника бүлдіршіндердің әрекетіне белгілі жаңалық еңгізумен бірге қалаған нәтижеге тез жетуіне мүмкіндік береді, балалардың қызығушылығын оятады оқу жылы негізгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қосымша «Сиқырлы саусақтар» үйірме жұмысы жоспарланып өткізілді.
20 оқу жылына негізгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қосымша «Сиқырлы қылқалам» үйірме жұмысы жоспарланып өткізіліп жатыр. Бұл вариативтік сабақ бағдарламасы балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады.
21 Күннің екінші жартысында қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жоспарланып өткізіледі
22 Қорытынды Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін. Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа әдіс- тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.