Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемегетаева акнур
2 МЕМЛЕКЕТТІК Р Ә МІЗДЕР
3 Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы конституциялық заң күшi бар Жарлығымен ( ) белгiленген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
5 Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. ҚР мемлекеттік туының авторы суретшi Шәкен Ниязбеков.
6 ҚАЗАҚСТАН PЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы конституц. заң күшi бар Жарлығымен ( ) белгiленген. Ж.Мәлiбеков
7 Тұлпар дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.
8 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi (осы Конституциялық заңға 1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi (осы Конституциялық заңға 2-қосымша); 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (осы Конституциялық заңға 3-қосымша) бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бекiту Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бекiту
9 ӘНҰРАН БАР ҰРПАҚҚА ӨСИЕТ ШАШҚАНДАЙ, ТЕҢГЕМІЗ БАР ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ. КӨК БАЙРАҒЫМ КӨКТЕ БИІК ЖЕЛБІРЕП, БІРЛІККЕ ШАҚЫРЫП БІЗДІ ЖАТҚАНДАЙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
10 СӨЗІ: ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘНІ: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АЛТЫН КҮН АСПАНЫ, АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ, ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ, ЕЛІМЕ ҚАРАШЫ! ЕЖЕЛДЕН ЕР ДЕГЕН, ДАҢКЫМЫЗ ШЫҚТЫ ҒОЙ. НАМЫСЫН БЕРМЕГЕН, ҚАЗАҒЫМ МЫҚТЫ ҒОЙ! ҚАЙЫРМАСЫ: МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ЕЛІМ, ГҮЛІҢ БОЛЫП ЕГІЛЕМІН, ЖЫРЫҢ БОЛЫП ТӨГІЛЕМІН, ЕЛІМ! ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ! ҰРПАҚҚА ЖОЛ АШҚАН, КЕҢ БАЙТАҚ ЖЕРІМ БАР. БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ БАР. ҚАРСЫ АЛҒАН УАҚЫТТЫ, МӘҢГІЛІК ДОСЫНДАЙ. БІЗДІҢ ЕЛ БАҚЫТТЫ, БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ! ҚАЙЫРМАСЫ: МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ЕЛІМ, ГҮЛІҢ БОЛЫП ЕГІЛЕМІН, ЖЫРЫҢ БОЛЫП ТӨГІЛЕМІН, ЕЛІМ! ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!
11 МУЗЫКАСЫ – КОМПОЗИТОР ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТІКІ, СӨЗІ – ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТІКІ.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.