Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемайсулу адилбек
1 Презентация Тақырыбы: Дәрігердің науқастармен қарым-қатынасы
2 Жоспар O Кіріспе O Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау
3 КІРІСПЕ Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.
5 Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағандықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмыс бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.
6 Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.
8 Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
9 Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
10 Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.
11 Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
12 Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы.
14 Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.
15 Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты. Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?
16 Ø Қатынас кезінде дәрігер қолданатын вербальды және вербальды емес сұқпаттасу құралдарын қаншалықты жоғары дәрежеде қолдана алды? Ø Науқас адаммен қатынаста өзіне деген сенімділікті тудыра алдыма? Ø Жедел жағдайдағы науқастарды қабылдау кезінде, оларға жедел жағдайынан шығуға қанщалықты көмектесе алды. Ø Дәрігер созылмалы сырқаттармен дұрыс жұмыс жүргізе ала ма? Ø Науқасқа, оның жақындарына қайғылы ақапартты жеткізуді жоғар деңгейде жүргізе алады ма және отбасына қаншалықты қолдау көрсете алады. Ø Өз әріптестерімен сыйластықпен қарап, жақсы қарым-қатынас орната алады ам? Ø Орат және кіші буынды медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болады ма?
17 Қорытынды Қорыта келгенде, дәрігердің коммуникативтік дағдыларды жоғары деңгейде жүргізе алуы, оның жұмысының нәтижелі болуына оң әсерін тигізеді және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін дәргердің қарым- қатынасқа түсе алу деңгейін бақылау арқылы бағалауға болады.
18 Қолданылған әдебиеттер
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.