Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемҚұрақ Мейрамбек
1 МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ АНАЛОГИЯНЫҢ ОРНЫ
2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АНАЛОГИЯ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететiн оқыту әдiстерi аз емес. Сондай әдiстердiң бірі математика сабағында аналогияны қолдану әдістемесі. Аналогия - ғылыми танымның негізгі әдiстерiнiң бірі болып табылады. Аналогия (грек сөзінен алынған қазақша аудармасы «сәйкестік, лайықтылық,үйлесiмдiлiк» деген мағыналарда) қазiргi заманымыздың өзгеруiмен, өңдеу әдістерінің дамуына байланысты қазiргi таңда білімнің жаңа түрлерiне жол ашатын бiрден-бiр маңызды әдiстердiң бірі болып табылуда.
3 АналогияАналогияның түрлері : ның түрлері : Аналогияның түрлері: сапа мен қасиеттер аналогиясы қарым - қатынастар аналогиясы
4 Аналогияны қолданып есептер шығарудың оқушыларға пайдасы Аналогия - бұл көпжақты ұғым және оны ойланып қолдану ойлаудың жемісті тәсілі. Аналогияның айрықша сипаты - бір жүйедегі қатыстар мен қасиеттердi екiншi жүйеге көшіру болып табылады. Оқушылардың бір объектiнi оқып үйренудегi бiлiмдердi екiншi объектiге көшіру қабiлетiн қалыптастыру, оқытудағы ең маңызды мәселе. Сонымен қатар аналогияны қолдану оқушының шығармашылық қабілетін дамытатыны, ал аналогияны игеру дәрежесі адамның шығармашылық даму дәрежесін қалыптастыратыны анықталған.
5 Аналогияның айрықша сипаты - бір жүйедегі қатыстар мен қасиеттерді екінші жүйеге көшіру болып табылады. Сондықтан математика мұғалімі аналогия әдісін меңгеріп, оқулықтан аналогтық әдісті пайдаланып шешілетін есептерді таңдап ала білуі керек. Математиканы оқыту әдістемесінде аналогиялық әдістің ерекшелігі сол аналогия жаңа білімдерді игеруде және оларды практикалық қолдануларда пайдаланып қана қоймай бір есепті шығару жолын іздестіріп, берілген есепке ұқсас есептерді қарастырады. Ол есепті шығарып болған соң, берілген есепке сол жолмен аналогияны пайдаланады.
6 Мысал ретінде бұрыш түрлерін пайдаланып үшбұрыштар мен трапецияларды бұрыштарына байланысты классификациялауда аналогия әдісін пайдалануды көрсетейік.
8 Дарынды психолог, әрі математик Д. Пойа есеп шығару барысын төрт кезеңге бөледі: Есепті түсіну (есептің шарты). Есепті шығару жоспарын құру (талдау). Бұл жоспарды орындау (синтез). Өткенге көзқарас (есептің шешілуін ұғыну).
9 МАТЕМАТИКАДАҒЫ АНАЛОГИЯ Білім дегеніміз бұл – барлық оқып-үйренгендерді ұмытқаннан кейін қалғаны деген қағида бар. Осындай жоғары ретті математикалық білімнің маңызды құрамдас бөліктерін көрсететін интеллекттік құндылықтардың арасында аналогияны табу және қолдану маңызды орынды иемденеді. Бұл тәсіл жайлы Кеплер Аналогия табиғаттың барлық сырларын біледі деген пікірін бекер айтпаған. Түрлі құбылыстар арасында соншалықты терең емес сәйкестіктерді табу ойлау қабілетінің жандануына, алдыңғы алынған білімнің аса бір жарық, сирек және эмоциональді әрленген қалыпта іске қосылуына септігін тигізеді.
10 Мысал келтірейік:
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.