Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемМади Дос
2 Байланыс жүйесі (Система связи; communications system) жиынтық импульстерін, үндік сигналдарды және пернетақта белгілерін аныктап, сондай-ақ жүйе шегіндегі және жүйеден тыс қажетті аралық қосылыстарды қамтамасыз ететін, бағдарламамен басқарылатын процессорлы комплекс. Байланыс жүйесі сандық компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ететін еске сақтаушы құрылғыны және нақты қосылыстарды орындауға арналған арнайы аппараттық құрал- жабдықтары бар сөрелі плата ұстағышты қосады. Байланыс жүйесі көсіпорындағы тұтынушыларға деректер терминалдары мен телефон аппараттарын жалпы пайдалану және деректерді тарату үшін байланыс қызметін ұсынады
4 Байланыс жүйесі өте ауқымды да күрделі ғылым саласы. Байланыс арнасы, хабар жеткізу арнасы таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпарат қабылдағышқа) кез келген хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылардың жиынтығы не физикалық орта. Байланыс арнасы ақпараттың түріне қарай (телеграфтық, телефон|дық, теледидарлық, телемеханикалық, т.б.) не байланыс желісінің тармағына қарай (сыммен берілетін, радиорелелі, талшықты-оптикалық, Жер серігі арқылы жүзеге асырылатын, т.б.) ажыратылады.
6 Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді. Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5- сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью- Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
7 Қазақстандағы байланыс жүйелері. 20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск Алматы, СамараАтырауЖаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы Орбита ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді.
8 Байланыс
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.