Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемУлжан Советбекова
1 Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер Орындаған: ФН-305 топ Әнуарбекова Аяулы Тексерген: Нургазезова А.Н.
2 Жоспары 1.Кіріспе 2.Дән бөлімдері 3.Дәнді дақылдардың құрылысы 4.Астық тұқымдастар 5.Ұн дайындау процесі 6.Ұн сапасының гигиеналық көрсеткіштері 7.Нанның тағамдық құндылығы 8.Қорытынды 9.Қолданылған әдебиеттер тізімі
3 Дәнді дақылдар – дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар – адам үшін негізгі азық, малға жем. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдықконцентраттар, консервілер әзірл еуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.
4 Дәнді дақылдар ақуызкөмірсуферменттер А провитамині және В дәрумені
5 Дән мынадай бөлімдерден тұрады: Эндосперм -дәннің негізгі және ішкі бөлігі, дәннің 84-85% салмағын құрайды, құрамында көмірсулар, белоктар, май мен минералдық заттектердің аздаған мөлшері бар; Қабықтары- олар бірнеше қабаттан тұрады, дән салмағының 14% құрайды, құрамында минералдық заттектері, витаминдер бар; Ұрығы- дәннің 1,5% құрайды, ол дәннің негізінде бүршік түрінде орналасқан, құрамында биологиялық заттектері белоктар, майлар, витаминдер, минералдық заттектер бар;
6 Астық дақылында крахмалмен, майлармен, минералдық заттектермен ерекше химиялық байланыста болатын және суды ұстап тұратын белоктар бар.Осындай комплексті желімтік деп атайды. Ұнның нан пісіру қасиеті желімтіктің сапасы мен мөлшеріне байланысты болады. Желімтіктің әсерінен қамыр серпімді болады, нанды пісіргенде ол жұмсағына кеуектілік береді. Дәнді дақылдардың майлары биологиялық белсенді заттектерге жатады. Себебі оның құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар. Олар тез тотығады.Сондықтан майдың ашып кетуін болдырмау үшін ұн тартар алдында дәннің бүршігін алып тастайды.
7 Минералды қ заттектер темір фосфор калий кальций магний Олар қабықтары мен бүршіктерде жиналған. Дәннің басқа бөлімдерінде аздаған мөлшері кездеседі. Дәннің қабықтары мен бүршігінде В тобының витаминдері көптеп кездеседі.
8 Дәнді өңдеу өнімдерінің біріне жармалар жатады. Халықтың тамақтануында қарақұмық, арпа, сұлы,тары, ұнтақ жармалары пайдаланылады. Ұнтақ жарма бидай дәнінің орталық бөлігінен жасалады. Тарыдан ақталған тары және түйілген тары дайындалады. Күріштен сыртқы қабығы алынған ақталған және дәннің барлық қабығы ажыратылған- жылтырлатылған күріш алынады. Жармалардан тез дайындалатын, жаншылған дәндер дайындалады.
9 Асты қ т ұқ ымдары
10 Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
12 Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші орынды алады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1,8 млн.га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда. Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер– ғалымдарының негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады. Жемдік жаңа сорттарға қойылатын талаптар – тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәннің төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолдануға байланысты дән сапасының жоғары болуы.
13 Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады. Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 пайызы барын анықтауға болады. ТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
14 Ұн дәнді өңдеу өнімі болып табылады. Ұн дайындау үшін қара бидай, бидай, арпа, жүгері, сұлы, күріш, қарақұмық қолданылады. Ұнды дайындау процесі дәнді тазарту мен оны тарту кезеңдерінен тұрады. Ұнның жетілуі маңызды процесс болып табылады. Жаңа дайындаған ұнның нан пісіру қасиеті төмен.Осындай ұннан дайындалған қамыр былжыр келеді, ал пісірілген нанның кеуектілігі төмен болады. Астықтан дайындалған ұн тағы да екі- үш тәулік тұрады.Осы уақыттан кейін ғана ол пісіруге жарамды болады.
15 Түсі Әрбір ұнның түрі мен сортына тән түсі болады. Қара бидай ұнына сұрғыш- ақшыл түс тән. Бидай ұнына сары реңі бар ақ түс тән. Иісі Сапалы ұнның жағымды, балауса иісі болуы керек. Сапасыз ұнның көгерген, шіріген, қышқылдау иісі болады. Дәмі Сапалы ұнның жағымды тәттілеу дәмі болу керек. Ал бөгде ащы және қышқыл дәмі болмау керек.
16 Нанның тағамдық және биологиялық құндылығы нанға қосатын қоспалар, ұнның сорты мен түріне байланысты. Адам күнделікті рационмен г нанды қолдана отырып, күнделікті 25-35г. белок, г көмірсу, минералдық заттар мен витаминдерді алып отырады.Нан минералдық элементтер калий, натрий, хлор, темір, мыс, иод, марганец т.б тасымалдаушысы болып табылады.
17 Дәнді дақылдар зиянкестері ауылшаруашылық дәнді дақылдарын зияндайтын жәндіктер; бұлар екі топқа бөлінеді: сүтқоректілер: сартышқан, қаптесер, қосаяқ,атжалман ж әне басқалары насекомдар: шегірткелер, гессен және швед шыбыны, пырылдақ қоңыздар, даланың көзсіз көбелегі, лепті кебелек және басқалары
18 Пайдаланыл ғ ын ә дебиеттер тізімі: 1.Т.Ш.Шарманов, Тағам гигиенасы. Алматы, 2006ж 2.kk.wikipedia.org 3.
19 Назарлары ң ыз ғ а рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.