Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемЗарина Жансеитова
1 ОМАР ХАЙЯМ
2 Мазмұны 1 Жалпы мағлұмат 2 Өмір баяны 3 Нақыл сөздері 4 Басты еңбектері
3 Жалпы мағлұмат Туған күні:18 наурыз 1048 Туған жері:Нишапур, Ұлы Хорасан Қайтыс болған күні:4 желтоқсан 1131 (83 жас) Қайтыс болған жері:Хорасан Шығармашылығы:Мектеп/дәстүрПарсы математикасыі, Парсы әдебиеті, Парсы философиясы Негізгі қызығушылығы:Ислам математикасы, Ислам философиясы, Ислам астрономиясы, Парсы әдебиеті Ықпал еткендер:Әбу Райхан әл-Бируни,Ибн Сина, Фарид ад-дин Аттар18 наурыз1048НишапурҰлы Хорасан4 желтоқсан1131Әбу Райхан әл-БируниИбн СинаФарид ад-дин Аттар
4 . Өмірбаяны Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, һайям – осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол Болмыс және борыш туралы трактат (1080), Үш сауалға жауап, Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры, Өмір сүру туралы трактат (1980 – 91), Наурызнама (1095 – 98), Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат (1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады.лашық үйСамарқандАристотельАрабпарсы
5 Мұндағы уақыт айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің ( барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме зерттеуінің Параллель түзулердің шын мәні туралы деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған. Алгебра Евклид Параллель
6 Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. Қатынастарды құру және оларды зерттеу туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т.б. математиктер дамытты. Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де шұғылданды.Әбу Наср әл-Фарабимедицинамузыкалық
8 НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал : әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс ; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс. Ілмектер : өмір, қағида, ереже, тамақ, жалғыздық Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды. Ілмектер : жұрт, дос, дос болу, Достық Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін. Ілмектер : бөтен, сену, дос, сатқындық өмір қағида ереже тамақ жалғыздық жұрт дос болу Достық бөтен сену дос сатқындық
9 Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан ; бірі кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам. Ілмектер : өмір, заң, азық, дос Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды. Ілмектер : дос, жұрт Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді. Ілмектер : адам, сана өмір заң азық дос жұрт адам сана
10 Басты еңбектері Арифметика мәселелері. Әл - жебр мен әл - мүкабала есептерінің дәлелдемелері туралы. Евклидтің еңбегіндегі қиын мәселелерге түсініктемелер (« Негіздерге түсініктеме ») Даналық таразысы Болмыс туралы. Фалсапалық кітап Омар Һайям өлеңдер жинағы. Дүниенің болуының жалпылығы туралы.
11 Омар Хайямның Нишапурдағы мүсіні, Иран
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.