Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемМария Жанабатырова
2 Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Әдіс ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда – бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үшін таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды алуға мүмкіндік береді.
3 Теория мен әдістің бір-бірінен айырмашылығы: а) теория – бұрынғы іс-әрекет пен ізденістің нәтижесі, ал әдіс кейінгі іс-әрекеттің, бастамасы және алғышарты; ә) теорияның негізгі міндеті – түсіндіру және болжам жасау, ал әдістің негізгі міндеті – реттеу және бағыт – бағдар беру; б) теория нысандарының мәні мен заңдылықтарын бейнелейтін идеалды түсініктер жүйесі, ал әдіс шындықты өзгерту мен ақиқатты тануға жол көрсететін реттеу, ережелер, кеңестер жүйесі; в) теория мәселені шешуге бағытталады, ал әдіс оны зерттеудің тетігі мен жолын айқындайды.
4 Талдау Педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Талдаудың түрлері: механикалық бөлу; динамикалық құрамды анықтау; құбылыстардың себептерін табу; білім және оның құрылымы деңгейлерін анықтау және т.б. Абстрак циялау Латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс. Біртұтастың бір жағы; сәті; бөлігі; шындықтың бір бөлігі; дамымаған, біржақты, фрагментарлы; қасиеттің белгілі сәтінде танушы субъектінің бір уақытта қызығушылығын анықтайтын, бірқатар қасиеттер мен зерттелетін құбылыстан ойша қозғалу процесі; ойлаудың абстракциялау әрекетінің нәтижесін көрсетеді. Жалпы лау Заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру үрдісі. а) абстрактілі-жалпы, бірқатар бірлікті заттардың жеңіл ұқсастығын білдіретін сыртқы ұқсастық ә) нақты-жалпы, өзара іс-әрекеттегі бірқатар бірлікті құбылыстардың болуы мен дамуының заңы.
5 Контент- талдау (мазмұн), мазмұнды талдауды білдіреді және қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулердің стандартты әдісі. Қолдану кезеңдері: 1.Қарастырылатын әдебиеттерді қажетті критерийлер арқылы зерделеу. 2.Хабарламаларды сәйкесінше таңдауды қалыптастыру. 3. Талдау бірліктерін айқындау. 4.Санау бірліктерін анықтау. 5.Есептеу реті. Индук ция Бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты, зерттеудің логикалық тәсілі. Индукцияда аталған тәжірибелер жалпыға қарай жүреді. Дедук ция Таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым үрдісінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту.
6 Әдебиеттерді зерттеу әдісі 1. Жүргізілетін іс-әрекеттің тақырыбын жазып алу. 2. Қандай сұрақтарға жауап алу керектігін анықтап, белгілеу және 2 тармақтарда жазылған сөйлемдерді мұқият оқу. 4. Бұл ұғымдарды бөлек карточкаларға жазу және өзіндік ізденіс – ақпараттық жүйе негізгі тақырыптық айдарларын таңдау. 5. Негізгі ұғымдардың арасындағы қисынды байланысты көрсететін кесте-сызба жасау. 6. Кесте-сызба негізінде болашақ шолу мәтінінің жоспарының нұсқасын жасау. 7. Алдағы жұмыстың негізгі ұғымдарының тізімін қарау. Қандай ұғымдар бойынша белгілі ғылыми ақпаратты тауып, игере алатынды, ал қайсылары бойынша жаңа білім алу керектігін анықтау. 8. Әр тарауда релевантты, перцинентті және прототипті ұғымдарды бөліп көрсету. 9. Ғылыми құжаттарды оқу, ой елегінен өткізу, ақпараттарды жазып алу, жүзеге асыру.
7 Нобайлау (модельдеу) әдісі Нобайлау – жаңаны жасау, соның негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны жайында біртұтас ақпарат жинақтауға мүмкіндік беретін, педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Модель сөзі француз тілінен аударғанда үлгі деген мағынаны білдіреді. Педагогикадағы модельдеу – педагогикалық материалдарының, құбылыстардың, үрдістердің модельдерін, көшірмесін құрастыру. Нобай (модель) – физикалық конструкциялардың, таңбалы формалар мен формулалардың зерттелетін нысанға ұқсас сұлба түріндегі жасанды бейнесі. Ғылыми нобай – бұл ойша елестетілген немесе материалды түрде жүзеге асқан жүйе. Ол зерттеу пәнін бейнелеп көрсетеді және оның орнын басуға қабілеттілігі соншалық, нобай арқылы зерттеу туралы жалпы ақпарат алуға мүмкіндік туады.
8 Педагогикалық нобайлау дегеніміз – педагогикалық жүйелерді, үрдістерді немесе жағдайларды, оларға қол жеткізудің негізгі жолдарын өңдеу мен жасау әдісі, мұнда таным нысанының өзі емес, оның үлгісі. Нобайлар болжамдық, теориялық, құрылымдық- мазмұндық, математикалық, жобалық болуы мүмкін. Педагогикалық нобайлау кезеңдері: Алғашқы кезеңде – болашақ нобай негізі болатын зерттеушіні қызықтыратын нысан жайындағы тәжірибені зерделеу, терең талдау, болжам құру орындалса, Екінші кезеңде – зерттеу бағдарламасын құрып, соның негізінде практикалық жұмыстар жасау, нобайға, болжамға өзгерістер енгізу кезеңі. Үшінші кезеңде – нобайдың соңғы үлгісі жасалып, жүзеге асырылады, тәжірибеде сынақтан өтеді..
9 Дидактикада нобайлау маңызды міндеттерді шешу үшін қолданылады: Оқу материалының құрылымын оңтайландыру; Оқу үрдісін жоспарлауды жақсарту; Танымдық әрекетті басқару; Оқу-тәрбие үрдісін басқару; Диагностика, болжам жасау, оқытуды жобалау
10 Эмпирикалық әдістер Жанама, тікелей, ашық, жабық Сұқбат Сұрақ-жауап әдісі Сауалнама Тестілеу Әңгімелесу Тұлғалық, зерделік, ашық т.б. Бақылау Мектеп құжаттарын зерттеу Педагогикалық эксперимент Салыстыру
11 Бақылау – педагогикалық шындықты тану тәсілі болып табылады. Бақылау – адамды жүйелі мақсаты бағытталған түрде зерттеу үшін қолданылатын, кең түрде таралған, негізгі зерттеу әдістерінің бір түрі. -тұрмыстық мағынасы – адамның қоршаған әлемдегі өзгерістермен ажырамас байланыста болуы, яғни қоршаған әлемге бейімделу мүмкіндігі туып, өз әрекетінің жүйесін әлемде өзгеріп жатқан жағдайларға сәйкестендіріп бейімдеу; - оқу барысында бақылау – оқушы немесе студентке белгілі бір заттар, үрдістер, байланыстар, сандар және сапалар, кеңістік жайлы ой қалыптастырады. - педагогикалық бақылау – түрлі жағдаяттарды оқушының, студенттің тәртібін тікелей қабылдаудан тұрады. - инспекторлық бақылау – мұғалімнің немесе тәрбиешінің кәсіби іс- әрекетін нақты бір жағдайда педагогикалық үрдісті тексеру құрылымынан тұрады.
12 НАЗАРЛАРЫ Ң ЫЗ Ғ А РАХМЕТ!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.