Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемИндира Отарбаева
1 Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, алғын көп шалдыарған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. ©Абай
2 Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. А. Байтұрсынов Сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. М. Жұмабаев
3 Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір - бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы Приходская школаға да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
4 Абайдың балалары ДілдәдәнКүлбаданӘйгерімнен Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан Мағауия Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже
5 Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананы айқындай бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.
6 Ғылым таппай мақтанба Интернатта оқып жүр Пайда ойлама, ар ойла Жасымда ғылым бар деп ескермедім Әсемпаз болма әрнеге Жазғытұры Жаз Күз Қыс Желсіз түнде жарық ай Қансонарда бүркітші шығады аңға Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы М ен жазбаймын өлеңді ермек үшін Құлақтан кіріп бойды алар Өзгеге, көңілім, тоярсың Қ араша, желтоқсан мен сол бір-екі ай Білімдіден шыққан сөз
7 Ал,сенейін,сенейін Ала қойлар Есек пен бұлбұл Дұға Әншілер Қасиетті дұға Қарға мен бүркіт
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.