Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАида Тлеулес
1 Тақырыбы: Туроперейтингтің Қазақстанда пайда болу алғышарттары және оның кәсіпкерлер үшін тартымды факторлары СОӨЖ Қабылдаған: Ақтымбаева А.С. Орындаған: Қарымбай А.Б.
2 Туризм саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс-шара болып табылады. Ол тәжірибеде ұйымдастырушылардан шығармашылық мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез-келген кездескен мәселелер бойынша тәжірибелік тапсырманың стандарттык емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.
3 Туристік кәсіпкерлік қызметке оң әсер ету аспектілері: жұмыс орындарын құру; халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы; урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды; әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету; мәдени құндылықтар; ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру.
4 туристік қызмет- терге деген сұраныс бастапқы инвести- циялар туризмнің пайдалы- лығының жоғары деңгейі Шығыс- тардың қайта- рымдылы- ғының қысқа мерзімі Туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты:
5 ҚР-дағы туризм саласында шағын кәсіпкерлік қызметтің дамуы
6 Туризмді дамыту жөніндегі қызмет 2006 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейде келісілген іс- шараларды жоспарлауға, туристік саланы тұрақты дамытуға арналған, ішкі туризмнің көлемін ұлғайту есебінен мемлекеттің кіріс пайдасын және халықты жұмыспен қамтудың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.
7 Туристік қызмет көрсетудің маңызды бөлігі тұрғындардың тұтынатын қызметінен және арнайы әлеуметтік-сауықтыру сипаттағы, яғни бірнеше факторларды құрайды. басқа гуманитар лық, саяси демалу тәрбиелік спортпен айналысу мүмкіндігі эстетика лық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу
8 Туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған. Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді.
9 Туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметін туристік операторлар қызметі деп атайды. Туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі – туристік агенттер қызметі.
10 Туризм елімізде мемлекеттің халықаралық қызмет және экономиканың кіріс секторының шеңберінде халықаралық кәсіпкерліктің және іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі болып табылады. Тарихи-танымдық, табиғи тартымдылық, жағрафиялық орналасу тұрғысынан қарағанда, нарықтық қатынастардың белді буыны – туристік бизнес индустриясын дамытуда еліміздің маңдайы жарқырап тұрғаны белгілі.
11 Туристік бизнестің қазіргі даму жағдайын талдай отырып, біз республикадағы туристік кәсіпкерлік қызметті жетілдіру мен дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып отырмыз. Туристік қызмет нарығының тиімділігін арттырудың басты жолдары: Туристік қызмет нарығының инфрақұрылымын дамыту; Мәдени-тарихи ескерткіштерді сақтау; Материалдық- техникалық базаны нығайту; Статистиканы жетілдіру; Туризмдегі туристік өнімдер мен білім сапасын арттыру; Туристік бизнесті дамытуды басқаруды жетілдіру; Туристік қызмет нарығын норма-тивтік-құқықтық реттеу механизмін жетілдіру; Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
12 Үлкен факторлар жиынтығының әсерi нәтижесінде әлемдiк қалалар халықаралық туризм жүйесiнде маңызды элемент. Олар туристік орталықтардың арнайы категориясын құрап отыр және де көптеген маңызды ерекшелiктерге ие. Әлемдiк қалалардың бәрi көп мәндi туристтiк орталықтардың қатарына жатады. Олар танымдық, іскерлік, көңіл көтеру және басқа да туризм түрлері үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Туристік қызметтердің алуантүрлілігі, оларды қиыстырудың кең мүмкіндіктері қаланың тартымдылығын өсірудегі маңызды фактор болып отыр.
13 Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
14 нақты табыстың өсуі;табыстың тең бөлінуі; валютаның тұрақтылығы; тиімді конъюктуралық жағдай. Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар
15 Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар: экономикад ағы дағдарыс құбылыста ры; өндірістің құлдырауы (жұмыссыз дықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау); валютаны ң тұрақсыз болуы; тиімсіз конъюктур алық жағдай.
16 Қазіргі кезде «Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының «Туризм туралы Заңы» сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық бағыттары анықталған:
17 -туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның бір қалыпты өрістеуін бақылау; -туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы объектілерді салу; -шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен қатынас жасап, тәжірибе алмасу; -туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру; -халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру; -ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру мақсатында пайдалану; -туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту ойымен жұмылдыру.
18 Отандық экономистер ішінде туризмнің даму мәселелерімен айналысқан әйгілі ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө.К.Шеденов, К.С.Мухтарова, С.С.Сатылбалды, Д.К.Ильясов, Г.М.Дуйсен, М.Р.Смыкова, У.Б.Баймуратов, С.Р.Ердавлетов, Л.Ж.Кельбуганова, Г.Б. Уахитова, Р.А.Раева және басқалар терең де жан-жақты зерттеді
19 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі күнде дейін 1276 – ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, оның ішінде 789-туроператорлар және 372-турагенттер. 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасалған. Туризмнің дамыған аймақтары –Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Астана қалалары. Туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған 2001 жылы 13 маусымда қабылданған. Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді.
20 Назарларыңызға рахмет!!!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.