Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАсем Оспанова
1 Мейоз
2 (гректің meiosis - кішірею) – гаплоидты хромасомалары бар жасушалардың түзілуін қамтамасыз ететін, бөлінудің ерекше түрі. Мейоз екі бірінен соң өтетін жасушалық бөлінуді құрады: мейоз І (бірінші бөліну) және мейозІІ (екінші бөліну). Мейоз
3 Әр мейоздық бөліну төрт фазадан өтеді : профаза метафаза анафаза телофаза
4 Бұл ең ұзақ және күрделі фаза, оны жиі бес кезеңге бөледі: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез. Профаза
5 Лептотена - жіңішке жіпшелер сатысы. Бұл сатыда хромосомалардың жіпшелері екі ееленіп, шумақ түзіледі. Әрбір хромосома екі жіпшеден тұрады. Лептотена
6 Зиготена Зиготена – қосарланған жіпшелер сатысы. Бұл сатыда гомологты хромосомалар бір- біріне тартылып жаұындасады. Биваленттерге бірігеді, сонда әр хромосома төрт хроматидтен тұрады. Хромосомалардың өзара жақындасуын конъюгация деп атайды. Осыдан кейін хромосомалар ширатылып, өзіне тән пішіні мен мөлшеріне келеді.
7 Пахитена Пахитена - мейоз процесіндегі ең ұзақ уақытты алады. Бұл кезде жұп хромосомалардағы ақпарат алмасуы – кроссинговер жүзеге асады.
8 Диплотена Диплотена – жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы. Диплотена сатысында крнъюгация барысына қарама-қарсы процесс жүреді, яғни жақындасқан хромосомалар бір-бірінен ажырайды. Ұқсас хромосомалар бір-бірінен алшақтағанда, X тәрізді фигуралар пайда болады. Олар хиазмалар деп аталады.
9 Диакинез Диакинез – хромосомалардың ұзындығы аздап қысқарып, көлденеңінен жуандай бастайды. Осы кезде хромосомалардың санын анықтап, пішіні туралы мағлұматтар алуға болады. Соңынан хромосомалар кариоплазмаға ретсіз таралады, бұл – метафаза басталғанның белгісі.
10 Метафаза Метафазаның басында ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Осы ядро қабықшасының еруіне байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Хроматидтер экватор жазықтығына жинақталады, соңынан оларды ферменттердің жәрдемімен ахроматин жіпшелері әләп алады.
11 Анафаза Центромералар бөлінбей екі полюске қарай тартылады. Әрбір хромосома екі жіпшеден тұрады. Сондықтан анафазада қарама – қарсы полюске бүтін хромосомалар тартылады. Осыған байланысты пайда болған жас ядродағы хромосома саны бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар санының осылай азаюын редукциялану деп атайды.
12 Телофаза Телофазада тең бөлінген ұқсас хромосомалар екі полюске жинақталады, ядро қабығы түзіліп, ядрошықтар түзіледі. Жасушаның заттары бұрынғы қалпына келеді. Сонымен бірінші телофазадан соң гаплоидты хромосома жиынтығы бар екі жасуша түзіледі. Осыдан кейін қысқа уақытты интерфаза кезеңінен өтіп жасушаның екінші мейоздық бөлінуі басталады. Сонымен мейоз процесінің нітижесінде бір диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша пайда болады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.