Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемТаншолпан Мусина
2 Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз. Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар. Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb). Ереже! Грамматикалық ережелерге сай shall сөзі тек бірінші жақта жекеше және көпше түрде (I shall, We shall) қолданылады. Басқа жақтарда (екінші, үшінші жақтар: you, he/she/it, they) will көмекші сөзі қолданылады. Бірақ, қазіргі кездегі ағылшын тілінде бірінші жақта да will сөзі қолданыла береді.
3 Мысалы: I (or We) shall learn English Мен (немесе біз) ағылшын тілін үйренемін (үйренеміз). Askhat will come tomorrow Асхат ертең келеді. My grandfather will go to Astana Менің атам Астанаға барады. Болымсыз: Your mother will not (wil not=wont) work on next week Сенің анаң келесі аптада жұмыс істемейді. Сұраулы: Will they call us? Олар бізге телефон соға ма?
4 Present Simple арқылы келер шақтың жасалуы Ауыспалы осы шақ (Present Simple) арқылы келер шақтағы сөйлемді жасау үшін осы шақ сөйлемінде міндетті түрде келер шаққа қатысты мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы: We have an exam on next Friday Келесі жұмада біздің емтиханымыз бар. Sayat comes tomorrow Саят ертең келеді. The bus goes tonight Автобус бүгін кешке (түнде) жүреді.
5 Futere Tense сөйлемдері нақ осы шақ (Present Continuous) арқылы да жасалады.Бірақ сөйлемде келер шақтың мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы: I am visiting you tomorrow Мен ертең сізге (саған) қонаққа барамын. What are you doing on next Sunday? Келесі жексенбіде не істегелі жатырсыз?
6 going to тіркесі арқылы да келер шақ сөйлемдерін жасауға болады. Оның формуласы мынадай: to be + going to + verb Мысалы: I am going to have a test Мен (алдағы уақытта) тест тапсырғалы жатырмын. My brother is going to study Mechanical Engineering Менің ағам машина жасау мамандығын оқиды. Алдағы уақытта сол мамандыққа түседі. Are you going to do this work later? Сен бұл жұмысты кейінірек жасайсың ба?
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.