Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемГульден Кипшакбаева
1 Ағзалардың көбеюі. Қаралатын сұрақтар: 1. Микроспоро- және микрогаметогенез. 2. Мегаспорогенез және ұрық қалтасының түзілуі. 3. Ұрықтану
2 Мейоз процесін спорогенез процесі деп түсінген жөн. Себебі, мейоздан кейін пайда болатын төрт клетка (тетрада) аталықта - микроспора, аналықта – мегаспора деп аталады. Сондықтан микроспораның дамуын - микроспорогенез, мегаспораның дамуын - мегаспорогенез деп атайды.
3 Мейоз Тозаң клеткасы І анафаза ІІ анафаза Микроспора тетрадасы А
4 Микроспорогенез. Тозаңқаптың ортаңғы бөлігін спора түзетін ұлпа алып жатады. Оның диплоиды клеткалары мейоз жолымен бөлінеді де, әрбір клеткадан төрт - төрттен гаплоидты микроспора (тетрада) пайда болады. Микроспораның цитоплазмасы тығыз, ал ядросы үлкен болып келеді.
5 Мейоздық бөлінудің соңында пайда болатын гаплоидты хромосома саны бар төрт клетка - микроспоралар (тетрада) бірге ортақ қабықшамен қапталып жатады. Ортақ қабықша еріп, әрбір микроспораның жеке клетка қабығы пайда болады. Бұл уақытты тозаң түйіршігі деп атайды.
6 Микроспорада екі қабық пайда болады - сыртқы экзина, ішкі - интина, өте жұқа екі қабатты пленка тәрізді болады. Көптеген өсімдіктерде экзинаның тіс тәрізді, тікен тәрізді, ойыс тәрізді түрлері болады және экзинада 1, 2, 3 кейде одан да көп тесіктер болады, ол арқылы тозаң түтіктері шығып тұрады. Тозаң түйіршігінің пайда болуымен микроспорогенез аяқталады
7 Микроспорогенез Тозаң клеткасы І анафаза ІІ анафаза Микроспора тетрадасы
8 Микрогаметогенез – тозаңқапта (аталық гаметофитте) гаметаның түзілу процесі, немесе аталық жыныс клеткасының пісіп жетілуі. Бұл микроспорогенез процесі аяқталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң басталады. Мысалы, бидайда ол күннен соң жапырақ қынабынан масағы шығып келе жатқанда басталады.
9 Микрогаметогенез Микроспора Бірінші бөлінудің Екінші бөлінудің Пісіп жетілген метафазасы метафазасы спермийлер 1-вегетативті клетка, 2-генеративті клетка, 3-екі спермия
10 Алдымен тозаң түйіршігінің ядросы бөлінеді. Бұл бөліну митоз жолымен жүреді. Нәтижесінде екі клетка түзіледі: бірі вегетативті, екіншісі генеративті. Әрі қарай вегетативті клетка бөлінбейді, онда қор заттары жиналады. Генеративті клетка ядросы тығыз, жұқа қабықты пішінді болады.
11 Кейбір өсімдіктерде гүлдеуге күн қалғанда тозаңқапта генеративті клетка бөлінеді, нәтижесінде екі аталық клетка - спермийлер түзіледі. Ал енді біреулерінде генеративті клетканың бөлінуі және спермийлердің түзілуі тозаң түтіктерінде жүреді
12 Мегаспорогенез (аналық)– жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымбүршіктерінде жүреді. Өсімдіктің түріне қарай аналықтың жатынында орналасқан тұқымбүршіктің саны әр түрлі болып келеді. Астықтарда - 1, бұршақтарда – 1 - 7, көкнәр тұқымдастарында – мыңдаған. Тұқымбүршікте: интегумент және нуцеллус қабаттарын бөліп қарастырамыз. Интегумент нуцеллус қабатын толық қаптап жатады және тозаң жүретін микропиле жасайды.
13 Әрбір тұқымбүршіктің нуцеллус қабатында 1 археоспориалды клетка болады. Археоспориалды клетка нуцеллустың басқа клеткаларымен салыстырғанда үлкен болып келеді, ядросында бір ядрошығы бар, цитоплазмасы қою болады. Клетка мейоз жолымен бөлініп, нәтижесінде төрт мегаспора (тетрада) түзіледі. Әрбір мегаспораның хромосома саны гаплоидты болады
14 Мейоз (мегаспорогенездегі) Археоспориалды І анафаза ІІ анафаза Мегаспора клетка тетрадасы
15 Мегагаметогенез. Көптеген өсімдіктерде осы төрт мегаспораның біреуінен ұрық қалтасы пайда болып, қалған үшеуі жойылып кетеді. Ұрық қалтасы халаза жағындағы мегаспорадан пайда болады. Оның ядросы үш рет митоз жолымен бөлініп, нәтижесінде сегіз ядролы ұрық қалтасын түзеді. Сегіз ядроның төртеуі халаза жағында, ал қалған төртеуі микропиле жағында орналасады. Әр қарама-қарсы ағындағы ядролардың бір- біреуі ортаға келіп қосылады
16 Халаза жағындағы клеткалар - антиподтар (4) деп аталады. Микропиле жағындағы клетканың біреуі жұмыртқа клеткасы, қалған екеуі синергидтер (2) деп аталады да, жұмыртқа клеткасы екі синергидтің ортасында орналасады. Жұмыртқа клеткасы ірі, ұзын, алмұрт пішінді, ядросы үлкен, бір ядрошығы болады.(3)- орталық клетка.
17 Ұрықтану. Аталық және аналық жыныс клеткаларының (гаметаларының) қосылуын ұрықтану дейміз. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын - спермия, аналық гаметасын - жұмыртқа клетка деп атайды. Тозаң клеткасы аналықтың аузына түсіп, мойыны арқылы гүл түйініндегі ұрық қалтасына қарай жылжиды. Ұрық қалтасына енген тозаң түтігі жарылады да, одан спермиялар (хромосома жиынтығы n) босап шығады.
19 Екі спермияның біреуі жұмыртқа клеткасын (хромосома жиынтығы n), ал екіншісі орталық клетканы (хромосома жиынтығы 2n) ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық (спермия (n)+ жұмыртқа клеткасы (n) = ұрық (2n)) дамыса, орталық клетканың ұрықтануынан қор затын жинайтын ұлпа (орталық клетка (2n )+ спермия (n) = қор жинаушы ұлпа (3 n)) пайда болады. Триплоидты қор жинаушы ұлпаны дара жарнақтыларда эндосперм, қос жарнақты өсімдіктерде тұқым жарнағы деп атайды.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.