Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователембактыгуль кумыспекова
1 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған: аға оқытушы Мейрамова Нұргүл Амантаевна Қарағанды ж.
2 Мақсаты : студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіндіру. Студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерңмен таныстыру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру.
3 1. Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. 2. О. Конт - әлеуметтанудың негізін салушы. 3. Г. Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. 4. Э. Дюркгеймнің әлеуметтануы. 5. М. Вебер әлеуметтануы
4 Біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Социология
5 Қоғам өмірі адам баласын ежелден қызықтырды. Оның теориялық тұжырымдамаларын жасауға ежелгі грек ойшылдары Платон ( б. з. д ) мен Аристотель ( б. з. д ) үлкен үлес қосты. Антикалық алғашқы әлеуметтанушыларды әлеуметтік философтар деп атайды. Олар қазіргі әлеуметтанушылар сияқты салт – дәстүрді, адамдар арасындағы қарым – қатынасты зерттеді, фактілерді жинақтап қорытты, тұжырымдар жасады, бәрі – бәрі қоғамды қалай жетілдіру керектігі жөніндегі практикалық нұсқаулармен аяқталады. Антикалық дәуірде « қоғам » мен « мемлекет » ұғымдары ажыратылмай, синонимдер ретінде қолданылады.
6 Платон. Жалпы әлеуметтану мәселелеріне арналған алғашқы еңбек Платонның « Мемлекеті ». Ол еңбек бөлінісінің ерекше рөлін баса көрсетіп, бірінші болып стратификация теориясының негізін қалады. Оның теориясы бойынша қоғам үш топқа бөлінеді : 1) Жоғарғы мемлекет басшылары, даналар, аристократтар ; 2) орта, тәртіпсіздік пен бүлікшіліктерді басатын әскерлер ; 3) Төменгі, қолөнершілер мен шаруалар кіреді. Аристотель. Әлеуметтанулық ой жүйесінде Аристотельдің орны ерекше. Оның ілімінде қоғамдағы тәртіптің тірегі – орта топ. Одан басқа қоғамды екі топ бай – плутократия және меншігі жоқ - пролетариат бар. Мемлекет мынадай жағдайда жақсы басқарылады : 1) егер кедейлер тобы мемлекетті басқарудан шеттетілмесе ; 2) байлардың мүдделілік өзімшілдігі шектелсе ; 3) Орта топ көпшілікті құрап қоғамда тұрақтылық қалыптасады. Қоғамды жетілдіру адамдарды теңестіру емес моральдық жағынан елді көтеру керек деп үйретеді
7 Конфуцийшылардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі.
8 Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті. 1- кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде – ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады. 2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың жылдарын қамитды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды ( практикалық ) ғылымға айналды. Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады. 3- кезең. ХХ ғасырдың жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой - тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады. 4- кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
9 Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуы француз философы Огюст Конттың есімімен байланысты ( ) Ол ең алдымен Батыстағы позитвисті философияның негізін қалаушы. Оның 1830 жылы Позивтисті философияның курсы деп аталатын 6 томы жарық көрді. Осының үшінші томында алғаш рет Әлеуметтану деген ұғымын енгізген
10 теологиялықпозитивтік метафизи- калық О.Конт адамның интеллектуалды дамуының үш сатысын ұсынады:
11 О.Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея: қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану
12 Герберт Спенсер ( ) Ағылшын социологы Г. Спенсер ғылымға алғашқы болып « әлеуметтік институт » терминін енгізді Олар : туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
13 Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады: Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау Әлеуметтік эволюция идеясы
14 Қоғам биологиялық организмге ұқсас, тіршілік үшін күрес әлеуметтік тұрмыстың басты принциптерінің бірі, табиғатпен қоғамды жақындастырушы эволюция идеясы міне, оның еңбегіндегі негізгі мәселелер осы. Спенсердің әлеуметтік ілімдері ( органикалық теория ) деп аталады. Онда қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырлады. Оның құрамдас бөліктері өзара тығыз байланыста болып, бір - біріне сәйкес қызмет етеді. Қоғамның идеялды күйі тендік болып табылады. Тендіктің бұзылуы қоғам үшін қауіпті сондықтан қоғамдағы барлық әрекет тендікті сақтауға ықпал етуі керек, өйткенәі біз барлық жерде тендікке ұмтыламыз.
15 Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917 ж. ж.). Эмиль Дюркгейм француз фиолософы және социолог, Бардосконың (1887 ж ) және Париждің (1902 ж ) университетітің профессоры болған,LAnnee- sociologique (1898 ж ). Дюригеймнің социологияны тани бастауына Конт әсер етеді, тағы да Монтескье, Руссо, Конта, Селисера, Ш. Релувье. Оның шығармалары Өзін өлтіруші, Қоғамдағы еңбектің айырмашылығы (1893 ж ), Социологи ялық әдістердің ережесі (1895 ж ), ең үлкен шығармаларының бірі Элиментарлы діни өмірдің формасы (1912 ж ) жазған.
16 Э. Дюргейм әлеуметтік таным жеке индивиттердің мінез - құлқы мен санасына емес, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек деп түсіндіреді. Әлеуметтік фактілер – адамдардың біріккен әрекеті мен ұжымдық санасынан қалыптасқан ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт - дәстүрлер мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т. б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез - құлқын айқындайды.
17 Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология « социологизм » деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы ( яғни, әдістемелері ) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек. Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
18 М. Вебердің негізгі ойы - жалпыны қамтитын рационалдық ( латын тілінде rationalis- ақыл - парасаттық ) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір. Бұл : 1. рационалды тиімді шаруашылық ; 2. рационалды бюрократия, яғни пісіп - жетілген қоғамды басқару жүйесі ; 3. рационалды құқық – адамдар арасындағы қарым - қатынасты реттейтін нақты және іс - әрекеттегі нормалар мен тәртіптер ; 4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды
19 Түсіну, ұғыну Идеалды тип Вебердің әлеуметтанулық теориялары:
20 Қолданылған әдебиеттер. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, Нысанбаев Ғ. Социология : жоғары оқу орындарының студенттеріне оқулық / Ғ. Нысанбаев. - Алматы : Эверо, Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3- х томах. - М.: Наука, Аитов Н. А., Биекенов К. У. Социология. Алматы : Қазақ университеті, Тажин М., Аяган Б. Социология негіздері. Алматы, 1992.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.