Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемИлес Назерке
1 « Астана медициналық университеті» АҚ Медициналық психология және коммуникативтік машықтар кафедрасы Тақырыбы : Эмоция Орындаған: Ілес Назерке 114 Ом Қабылдаған: Мусина Гүлзат Астана 2015
2 Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нөтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып жек шілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
4 Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама- қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар оз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
6 Сезімдердің екінші ерекшелігі олардың актив (қажырлы} жөне пассив (солгын) болып бөлінуінен көрінеді. күш беріп, өрекетке үмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалык, ал бүлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достык, айбаттылық т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. ссзімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
8 Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бүл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттерДІҢ емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мөреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жүмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
10 Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не унамды эмоцйялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді. Бүлар белсенді әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мүндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кіреді.
11 Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекше л ік: оларда сан алуан мәнерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата- бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін өзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауга болады.
13 Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байкалатын мөнерлі қозғалыстарды алайык-Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры үрейі ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр тұрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.
15 Эмоция және оның түрлері Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo толғану) адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.Көңіл адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез- құлқына санадан тыс әсер етеді
17 Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.
18 Эмоцияны ң бір т ү рі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қ ыс қ а уа қ ыт қ а созылса да, б ү р қ етіп қ атты к ө рінетін эмоцияны ң т ү рі. Аффект кезінде адамны ң есі шы ғ ып кетпейді. Дені сау болатын адамдарда аффекттерді адамны ң жеке басыны ң кемшілігі т ү сіну керек. Б ұ л – адамны ң ө зін ме ң гере алмауы, ерік т ә рбиесіні ң кемістігі. Ерік жігері к ү шті адам м ұ ндай ұ ш қ ала қ ты ққ а, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді.
21 Құмарлық- адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Эстетикалық сезім – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Интелекттік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл ой әрекетімен тығыз байланысып жатады.Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. сезімдер жатады.
25 Назар аударғаныңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.