Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемAidana Zhumagaliyeva
1 Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Жергілікті иммунитет. Шырышты қабаттарын өкпемен ассоцациаланған лимфоидты тіндер Тақырып: Жергілікті иммунитет. Шырышты қабаттарын өкпемен ассоцациаланған лимфоидты тіндер Орындаған:Жұмағалиева Айдана Тексерген:Козубаева Д.Б. Семей 2015
2 Кіріспе Көптеген ғасыр бұрын атақты иммунолог Безредка А.М. ғылымға Жергілікті иммунитет түсінігін енгізген. Ол жергілікті иммунитетті жекелеген мүшелердің инфекцияны қабылдамауының қалыптасуы деп анықтама берді. Ол тері және қорғаушы белок- антиденелерді түзбеуі. А. М. Безредканың ұсынған жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы болып табылатын органдарға профилактикалық вакцина енгізу ғылымның алтын қорында қалды.
3 Жергілікті иммунитет дегеніміз организмнің сыртқы ортамен жанасатын беткей қабаттарын бөтен биологиялық агенттерден қорғайтын бейімделу комплексі.
4 Сүйек кемігі – қан шығарушы орталық орган Инкапсулданған органдар –тимус, көкбауыр, лимфа түйіндері. Шырышты қабаттардың инкапсулданбаған лимфоидты тіндері. Иммундық жүйе органдары мен тіндері келесіге бөлінеді:
5 Лимфоциттер, макрофагтар және де басқа көмекші жасушалардың жиынтығы көптеген мүшелер мен тіндерде анықталған. Олар әсіресе шырышты қабаттарда көп мөлшерде кездеседі. Мукозды эпителийдің астында эпителиальді жасушалармен тығыз байланысқан лимфоциттер орналасады.Осы лимфоидты жиынтықты шырышты қабатпен ассоцирленген лимфоидты тін деп атайды. (MALT - mucosal-associated lymphoid tissue). Лимфоидты тіннің көп мөлшері асқорыту жүйесінде, әсіресе жіңішке ішекте орналасқан. Т- және В-лимфоциттер рециркуляцияға қатысады: МАLT-тан лимфа ағынымен шығып, қайтадан қайтып келеді. Бұл тіннің жергілікті иммунды жауабы В-лимфоциттердің активтелуімен байланысты.
6 жыныс-зәр шығару жүйесінің шырышты қабаттарының лимфоидты тіндері бронх пен бронхиолалардың шырышты қабаттарының лимфоидты тіндері, жұтқыншақтағы лимфоидты Пирогов сақинасы кіреді Ас қорыту жүйесімен ассоцирленген лимфоидты тін терімен ассоцирленген лимфоидты тін Шырышты қабаттардың лимфоидты тіндеріне
7 Секроторлық антидене организмге шырышты қабат беттеріне түскен микробқа қарсы тұрудың маңызы өте зор. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына дем алу кезінде түсетін инфекция қоздырғышы жергілікті иммунитет және секреторлық антидене көмегімен таралмай, залалсыздандырылады.
8 Кейбір инфекцияларға, мысалы грипке, плазмалық антиденелерге қарағанда секреторлық антиденелердің қарсылығы жоғары болады. Секреторлық антиденелер плазмалық антиденелер сияқты вирустарды; токсинді; бактерияларды бейтараптау қасиетіне ие. Секреторлық антиденелердің шырышты қабаттардың беткейінде, яғни микробтардың кіру қақпасында орналасуы инфекцияның пайда болуы мен дамуы туралы ескерту жасауында маңызды рөл атқарады. Мысалы, дизентериямен ауырған наұқастарда 1-апта ішінде шырыш қабаттарында агглютининдер табылды, ал қан плазмасында ол әлі пайда болмаған еді.
9 Ig A класы біржақтылы емес және бұл кластағы құрылысы мен молекулярлық қасиеті бойынша бір-біріне ұқсамайтын антиденелердің көптеген варианттары бар. Ig A-ң молекулярлық салмағы және сидементация константасы 7S. Сонымен қатар бездерде Ig A класының өзіндік құрылысы мен қасиеті бойынша ерекшеленетін және өзіндік секреторлық антидене құрастырылатын иммуноглобулин түрі анықталды. Олар димер мен тример түрінде кездеседі, яғни сәйкесінше 4 және 6 валентті болады. Димердің молекулярлық салмағы , ал тримердің молекулярлық салмағы одан да жоғары. Бұл антиденелердің сидементация константасы -11S -14S -18S
10 Секреторлық иммуноглобулин молекуласының құрамына, яғни ол димер болсын, тример болсын,секреторлы компонент - гликопротеид кіреді. Гликопротеоидтің молекулярлық салмағы 60000, 9.5% көмірсу мен сиал қышқылы болады. Секреторлық компонент Ig A молекула құрамына кіріп, оны тұрақтандырып, клеткааралық кеңістікке өтуін жоғарылатып, протеолитикалық ферменттерге беріктілігін көрсетеді
12 Өкпенің жергілікті қорғаныс жүйесі Өкпенің қорғаныс жүйесі клеткалық және гуморальдық болып бөлінеді. Өкпенің бронх ағашының иммундық жүйесі шырышты қабаттан бастап жұмыс істейді. Осы иммунды жүйенің ерекшелігі шырышпен ассоцациаланған лимфоидты тін.(ШАЛТ) ШАЛТ негізінде көмейде болады. Кішкентай балалардың көмейінің шырышты қабатында лимфатикалық фаликулалар болады. Фаликула ортасында В- лимфациттер, ал биік эндотелиалды венула айналасында Т және В лимфациттер жиналады. ШАЛТ максималды жетілуі кезінде 6 жас, ересектерде 50% кезіндемүлдем жоғалады.
13 Лимфоидты тіннің пластинкасында лимфоциттердің фолликулаларға жиналуы жүреді. Фолликулаларда және оның аймағындағы шырышта В -лимфациттер, өте сирек СД-4 лимфоциттер және дендритті жасушалар болады. Фолликуларалық аймақта Т-лимфоциттер, бұнда СД-4* лимфоциттер СД- 8 лимфоциттерден басымдылығы жоғары. Осы арада дендриттік жасушалар орналасады. Венулалар бұл аймақта биік эндотелий есебінен ерекше пішінді. Биік эндотелиалды венулаларда лимфоциттер қан ағымынан шығып, лимфатикалық шоғырға жиналад ы.
14 Иммунитет құрылымының клеткалық механизмі локальды иммунизация сенсибилизация есебінен Т және В клеткалар ШАЛТ бронхиалды ағашта жүреді.
15 Субэпителиальді плазматикалық жасушалар. Субэпителиальді плазматикалық жасушалар секреттейді иммуноглобулиндерді Ig A, Ig M, Ig G, Ig E, патологияда – Ig D, Ig A және Ig M. Жаңа туған нәрестелерде көп мөлшерде sIg A және sIg M секреттеледі. Олар вирустар мен бактерияларға қарсы әсер етеді. Ересектеу шақта sIg M өндірілуі тоқтап, Ig A негізгі секреттелетін иммуноглобулин болады. Ig G өкпе сасудтарында (тамыр) өндіріледі. Ig G тыныс алу жүйесінің төменгі бөлімінде көп болады.
16 ҚОРЫТЫНДЫ Шырышты қабатпен ассоцирленген лимфоидты тіннің адам организмінде алатын орны зор. Ол жергілікті жауап қайтарып, инфекцияның организмге тарап кетпеуінің алдын алады. Бұл жүйедегі ең маңыздысы ол иммуноглобулиндер: SIgA, SIgG және SIgE.
17 Пайданылған әдебиет тізбегі : -Шортанбаев. Ә. Ә.Жалпы иммунология. Алматы 2008ж; -Галактионов В. Г. Иммунология; -Хаитов Р. М., Игнатьева Г. А., Сидорович И. Г. Иммунология; -Үлкен медициналақ энциклопедиялық сөздік. (БМЭС); Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ., Байдүйсенова Ә.Ө. Клиникалық иммунологиялық және аллергология.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.