Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемсаламат сарынбетов
2 Үйге тапсырма: Мұрат Мөңкеұлы Өмірі мен шығармашылығы Орындаған: Тобы: Қабылдаған:
3 Мұрат Мөңкеұлы ( ж.ж) Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат танып, арабша жазу үлгісін үйренеді.
4 Өмірі мен шығармашылығы Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алған. Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы ташкент қаласы. «Мұрат ақынның сөздері» деген атпен жинақ шығарған. Мұрат ақынның шығармалары орыс тіліне аударылған. Жасынан «шешен бала, тапқыр бала» атанады ж. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау жерінде туған. Басты шығармасы – «Үш қиян» Өлеңдерінің тақырыбы – ел бірлігі, адами қасиеттер. Махамбеттің өлең – толғауларын жаттап өскен Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен
5 Мұрат, бір жағынан, өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан, халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметшіл ақын. Х.Досмұхамедұлы Мұрат мен көрген ақындардың ішіндегі ең күштісі. Мұрын жырау Сеңгірбайұлы
6 Мұрат – ұзақ эпикалық жырларды жатқа айтатын жыршы әрі оларды бабына келтіре орындайтын өнерпаз. «Қырымның 40 батыры» «Қарасай - Қази» «Шалгез» Мұрат – айтыс ақыны Жылқышы ақын Бала Ораз Өтебайұлы Жантолы қыз
7 Ақын өз өлеңдеріне кітап поэзиясын жырға қосқан ақындардың бірі. Соның бірі «Үш қиян»- бұл өлеңде ақын қарапайым халықтың тұрмыс-салтын, өзінің ішкі ойларын, арман мен үмітінде айтып, жырға қосқан ақынның бірі. Бұл жырда ақынның идеялық ойының өте әсерлі тұстары көп болды. Соның ішінде «Сарыарқа» күйінде халықтың басынан кешкен қиын заманды жырға қосқан. «Қарасай қазы» мен «Қазтуған»батыр туралы айтылып, қазақтың басынан кешкен қиын-қыстау кезеңді жырға қосқан. Бұл жырда батырлардың өз елін қорғаудағы жанын беруге бар екенін суреттейтін тұстар өте көп. Бұл өлең қазақ халқының психологиялық жағынан тілдің, мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал еткен өлең жырдың бірі болды. Ол кісінің қойын дәптерінен табылған мына үш өлеңінде: («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа». Біздің қазіргі күнімізге дейін Махамбеттің өлеңдерін осы өмірге алып кеген ақынның бірі.
8 Мөңкеұлы Мұрат өзінің өлеңдерінде сонау ғасырдан келе жатқан қазақ елінің салт-дәстүрін есте ұстап, өзінің жырларына толық пайдалана білді. Сонымен бірге ол кісі қазақ әдебиетіне озық үлгі тастаған ірі тұлғалардың бірі болды. Мөңкеұлы Мұрат өзінің сол кездегі патша үкіметіне қарсы, қарпайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, ауыр тұрмысын жырға қосқан ақын. Мөңкеұлы Мұрат бұрынғы кезең мен қазіргі кездің қоғамын ашып көрсете білген көзі ашық ақын-жыршының бірі болды.
9 Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
10 Мұрат ақын туралы еңбектер Мөңкеұлы Мұраттың еңбектері «Мұрат ақынның Ғұар Қазиұлына айтқаны» (Қазан 1908ж), «Ақын» (1912 ж), «Мұрат ақынның сөздері» (Ташкент 1924ж), «Бес ғасыр жырлайды» (1989ж), «Алқаласа әлеумет» (1991ж) т. б. Және де Мөңкеұлы Мұраттың шығармалары орыс тіліне аударылған. Мөңкеұлы Мұрат шығармаларын зерттегендер: Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Б. Омарова, Қ. Мәдібаев, Қ. Жұмалиев.
11 Үш қиян Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатка» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы 1873 жылдын шамасында болған. Еділдің бойы қанды қиян, Жайықтың бойы – майлы қиян, Маңғыстау бойы шанды қиян, Адыра қалғыр үш қиян! Үш қиянның ара бойынан Жеті жұрт кетіп жол салған. Жеті жұрттың кеткен жер, Қайырсыз болған неткен жер?! Адыра қалғыр көк Жайык, Көпір салып өткен жер, Асанкайғы, Казтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шораның шұбап кеткен жер.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.