Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
2 Сабақтың мақсаты: Кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту, кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
3 Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер, кітаптар, журналдар, нақыл сөздер, «Үлгілі оқулықтар» көрмесі, көрініс: «Оқулықтар мұңы» А.Байтұрсынұлы, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтың портреттері.
4 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Кіріспе әңгіме. -Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз. Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр-сырын ұғып, түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ерте кезден бастап-ақ адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша түрінде қалдырып отырған.
5 Мектеп табалдырығын аттаған өздеріңдей жас бүлдіршіндер өмірінің ең басты кезеңін, білім бастауын «Әліппенден» алады. Қолындағы су жаңа кітапқа қызыға да, тамсана да қарайды. Ал осы оқулықтарды шығарып, кітаптарды жазып, ұрпағының сауатты, білімді болуы үшін маңдай терін төгетін ұлы ақын- жазушыларымыздың еңбегі аса зор, әрі жауапты екенін біз білуге тиіспіз.
6 Алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Алғаш әліппені жазған да осы кісі. Сондықтан да «Әліппенің атасы» атанған. Алғаш «Қазақ хрстоматиясы» атты оқулықты да осы кісі жазған.
7 Ал, ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, оқулық жазған, балаларды оқуға, білімге шақырған Ы.Алтынсарин атамыз.
8 Сонымен қатар, қазақ балаларының білімді, сауатты, өнерлі болуына еңбегі сіңген ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз. Ол балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазды.
9 ІІІ. Кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз? - Ежелгі заманда Мысырда, Греция мен Римде балшықтан арнайы тақтайшалар құйылды. Оның бетіне үшкір қаламшалармен жазулар жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді. Міне, осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.
10 - Ерте кезде кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Адамдар өздерінің көргендерін, білгендерін тастардың бетінеқашап жазып, суреттерде салып отырған.
11 - Ежелгі Мысырда «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға оралып жасалды. Міне, осылайша «Орама кітаптар» шықты. (Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жасаған) - Ертеде адамдар жазуды әр түрлі аңдардың терісіне жазған. Ол үшін теріні жуып тазалап,илеп, кептіріп содан соң жазулар жазған. Осылайша пергамент кітатар дүниеге келді.
12 - Қағаздан жасалған кітапта тұңғыш рет Қытайдан шықты. Кітаптың іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтынмен, күміспен және басқа бағалы заттармен әшекейленіп жасалды. -Кітап басудың үлгісін ХІ ғасырда Қытай өнерпазы Би шэн, ХV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты. - Кітап шығару оңай шаруа емес. Ол үшін қаншама адамның маңдай тері төгіледі. Оған жұмысшының да, ақынның, жазушының да, суретшінің де еңбегі сіңеді.
13 IV.Кітап бізді неге үйретеді? - Кітап сөзі арабтан шыққан. Қазақшасы «жазу», «жазба» дегенді білдіреді. - Кітап-адамзат жасалған ең ұлы кереметтердің бірі. - Кітап-адам баласын тек жақсы қасиеттерге баулиды. - Кітап-дүниенің қыр-сырын танып білуге көмектеседі. - Кітап –адамды мейірімділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйретеді. - Кітапты көп оқыған адам білімді, сауатты, өнерлі болады. - Кітап-ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын білім мен тәрбие беретін құрал. - Кітап арқылы адамның танымдық қабілеті артып, рухани дүниесі байыды. - Адам баласы ғылым мен білімді, өнер мен өнегені кітаптан алады. Сондықатан «Кітап-жан азығы» деп бекер айтылмаған. - Кітапты көп оқыған адам білімді болады. Ал білімді болсаң елге сыйлы боласың.
14 V. Кітап туралы жұмбақтар -Қабат-қабат, қаттама Ақылың болса, аттама. -Бір сандық бар қасыңда Іші толған ақылға Болғың келсе білімді. Оған қарай жақында -Сөзі-дана, үні жоқ Сөйлемейді тілі жоқ Қолыңа алсаң шешен Ақылы асқан көсем. (кітап)
15 VI.Көрініс «Оқулықтар мұңы»
16 VII. Мақал-мәтел 1.Оқу –білім бұлағы Білім –өмір шырағы. 2. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар 3.Оқу инемен құдық қазғандай. 4.Білім қымбат, білу қиын. 1.Оқусыз білім жоқ білімсіз күнің жоқ 2.Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. 3.Оқу, оқу түбі-оқу 4. Білімдіге дүние жарық Білімсіздің күні қаріп
17 VI. Кітап туралы өлеңдер 1-оқушы: Оқулықты мектебің Берер саған теп – тегін Білмесің – ау, сен бірақ, Қаншама еңбек кеткенін. 2-оқушы: оқулықты құрметте Күтіп ұста кірлетпе Кішілерге табыс ет Дақ түсірмей бір бетке 3-оқушы: Саған білі жемісін Оқулығың береді. Қаншама адам сол үшін Маңдай терін төгеді
18 ІХ.Ән. «Жас дәуірдің түлегіміз».
19 ХІ. «Үлгілі оқулықтар» көрмесі
20 ХІІ. Қорытынды: -Міне, балалар, бүгін біз кітап туралы көп нәрсе білдік. -Кітапты қалай ұстау керектігін ұғындық. Кітаптан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындық. -Алдағы уақытта кітапты күтіп, ұқыпты ұстайтындарыңа сенемін.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.