Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемArai Serikkyzy
1 Ғылыми жоба Су моншақтан бұйымдар жасау Серік Арай Зайсан ауданы, Жарсу ауылы. Секция: «Шебер қолдар» Бағыты: Этно мәдениеттану Сыныбы:10 Оқыту тілі: қазақ тілі Мектеп: Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Жарсу орта мектебі» Жетекшісі: Куйекбаева Гульбаршын Советқызы Жобаны бастау мерзімі: 2014 жыл
2 1.« Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»-деп М.Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе. 2.Қолөнер – ұрпақтың ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осы халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ар-намысы, ұлтжанды әрбір адамның борышы. 3.Қолөнер – қыз баланы әсемдікке баулып, өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, дәріптеуге, ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді. Сонымен қатар қыз баланы үнемділікке, ұй тұрмысына қажетті бұйымдарды дайын күйінде сатып ала салмай,өз қалауынша өрнектеп, әсемдеп, қолдан өзі жасап алуға тәрбиелейді.
3 Сәндік-қолданбалы өнер. Су моншақпен кестелеу өнері. Бисердің шығу тарихы. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі, түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға ):алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа әрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеьерлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Қол өнер-мол өнер. Қазақ халқының қол өнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталаған мазарлар мен ескерткіштерден, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларында сәнді ою-өрнектері ағаштан оюланып, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары. Барлық қол өнері сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Осыдан 6 мың жыл бұрын әйнек өнері пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте-бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдерін әшекелеуге айналды. Бисердің отаны-Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды.Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады
5 1.Инені аузыңа салмау керек. 2.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды 3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды. 4. Бисерлер шашылып қалмас үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.
8 Na 2 O CaO*2SiO 2 CaO K 2 O *2SiO 2 AI 2 O 3 (Мn, Au, Co, Fe)- рубин,сапфир,аметист PbO *Co*2SiO 2 - лағыл,хрусталь
9 Сумоншақтан сәнді алқалар жасауға болады. Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг) алқалар деп атайды. Алқа –мойынға тағылатын сәндік бұйым. моншақ неолит дәуірінде тастан, сүйектен, қол дәуірінде – металдан жасалған. Ежелгі мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған. Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезік, тұмарша тоқуға болады.
28 Қортынды Мен сумоншақ өнерін зерттей келе бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екеніне көзімді жеткіздім. Сол себепті бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез –құлқын, өзінің тілін, дәстүрін жоғалтпау керек деп түсінемін. Қазір бисермен сәнделген жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәнді киімдерді, немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдерді жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі талғампаз адамдардың көңілінен шығып, үлкен ұсыныстарға ие болып отыр. Бисерден тоқылған бұйымдардың түрлері өте көп. Бұл уақыт талабы, сондықтан жастар өнерді сұраныспен қабаттастыру арқылы еңбек етуге, шығармашылық ізденіске бағытталуға тиіс деп ойлаймын.
29 Әдебиет Бисер И.В. Бапанова 2001 Оралбекова Т..Дүйсебаева Қ Технология оқулығы 9- сынып Ермилова Е.В.. Товченик И.А.,2009 Биссермен жұмыс Технология сабагына окушыларды окыта отырып тэрбиелеу. Журнал «Мектептегі технология» бет эстетика тәрбие беру 25 жастардың үлттык сана сезімін қалыптастыруда тарихи мұражай алатын орны бет Еңбек сабақтарына оқушы іздену жобалау әрекеттерін еске алу Ас үй жабдықтары 21-23бет.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.