Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемКазбек Аманбек
2 Тақырыбы: ҚУАНЫШ-ЖАН ШУАҒЫ
3 Мақсаты: Оқушылардың бақыт, сыйластық, махаббат, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру. - өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту. - мейірімділікке тәрбиелеу.
4 Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, қағаздан жасалған күннің шуақтары.
5 ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ - Ой, тамаша! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл күйін көтереді. Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі, оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесеміз.
6 МӘТІНМЕН ЖҰМЫС БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗ ҚУАНЫШЫ
7 Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.
8 Ал биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді естілді. Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлденелерді айтқан болды.
9 Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. Міне, қазір көктем –деп ойлады бала. Біреудің көзіндегі жасты тиып, жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!
10 -Кішкентай бала табиғат- тың сұлулығын неліктен байқамады? -Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін? -Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
11 - Балалар, дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ. Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы, айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінеді. Барлық адамдар, табиғат, айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді. Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты! Біз де көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.
12 Ойын жаттығу: Көршіңе қуаныш сыйла ойыны
13 «ҚУАНЫШ» Адамның көңіл күйі жақсы болса оқуға, еңбекке ынтасы артады. Қоршаған ортасына, отбасына, достарына деген сүйіспеншілігі тереңдейді.
14 «ҚУАНЫШ» өлеңі Бір-ақ сәтте қас қағым Көршімізді кеше әлгі Қуантып-ақ тастадым Деп: Балаңыз бес алды. Бүгін балабақшадан Ертіп келгем баласын. Болып өс, - деп, - жақсы адам, - Шын қуанды нағашым. Ата-әжең біртіндеп, Азайғаны батады. Ас-салау-мағалей-кум -деп, Қуанттым бір атаны. Дей көрмеңдер: Шаршады, Тұрам осы сөзімде. Қуантамын баршаны, Қуанамын өзім де. Е.Ашықбаев
15 -Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма? -Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер. -Ал өз сыныптастарыңды қалай қуантар едіңдер?
16 СЕРГІТУ СӘТІ: ҚУАНЫШТЫ СӘТ Шаршадым Уһ! дедім, Ренжідім Туһ! дедім, Қорықтым Ой! дедім, Өкіндім Аһ! дедім, Шарасыз Еһ! дедім, Таңырқап О! дедім, Кейідім И! дедім, Біліп ап Е! дедім, Қуанып Ха-ха-ха! дедім.
17 Тапсырма: Суреттерге қарап, балалардың көңіл күйлеріне байланысты әңгіме құрастырыңдар.
18 - Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса, жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында Қуаныш-Өмір шаттығы деп айтқан болатын. Дәйексөз: Қуаныш-өмір шаттығы.
19 Берілген ағаштың жапырақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.
20 Жүректен жүрекке Достық әні Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгілік достармыз, Біз мәңгіге біргеміз. Ф.Оңғарсынова
21 -Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіншілігінше айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет. Қортындылау:
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.