Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАкерке Кудиярова
1 Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Түркістан-2014 ж Қабылдаған: Мұстафаев А. Орындаған : Кудиярова А. Болатбек А. Тобы:Жм-320 Тақырыбы: Жүрек – қантамыр жүйесінің патологиясында сканограмма, сонограмма, рентгенограмма альбомының құрылуы
2 Жоспар: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім а) Жүректің рентгенограммадағы көрінісі б )Сканограмма және сонограмма дағы жүректің көрінісі III.Қорытынды IV.Пайдаланған әдібиеттер
3 Жүрек – бұлшық етті, қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай жұмыр ағза. Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады.Салмағы 250–300 г. Ол 4 қуыстан тұрады. 2 жүрекше, 2 қарыншадан.
5 Жүрек пен қан тамырларды рентген тәсілі арқылы зерттеу. Жүрек пен қан тамырларды рентген тәсілі арқылы зерттеп, тексеру сәуле ашылысымен-ақ қолданылған – 97 жылдары жүрек дерттерін анықтау туралы бірнеше ғылыми еңбектер жарық көріп те үлгерді.
7 Әрине, жүректі көзбен көріп тексерген кезде, оның көлемін, жиырылысын бірнеше бағытта қарап өзгерістерін анық байқауға болады. Перкуссиямен тексергенде жүрек тұсынан шығатын дыбыс арқылы жүректің пішінін дұрыс анықтауға болмайтыны белгілі. Сондықтан рентгенокимография, электрокардиография тәсілдерін қолданып қосымша жүрек қызметін анықтауға керек мағлұмат алуға болады.
9 Жүректің бірінші болып жарақаттанатын мүшесі сол жак жүрекшемен қарыншаның қан жүретін жолы (90%) одан кейін қолқа қақпақшалары (50%).Оң жақ қарыншамен жүрекше арасындағы қан жүретін жол 20%, өте сирек жарақаттанған өкпе күре тамырының қақпақшалары көрінеді (1%).
12 Зерттеудің мақсаты. Зерттегенде жүректің көкетке орналасуын, жиырылу қасиетін және ығысуын зерттейді: 1.Жүректің көкетке қиғаш орналасуы; 2.Тік орналасқан түрі; 3.Көк етке көлденең орналасқан түрі;
13 Жүректің адамның дене құрылысына байланысты өте жиі қиғаш орналасқан түр – нормостениктерде кездеседі. Тік орналасқан түрі – астениктерде, көлденең түрі гиперстениктерде болады.
14 Нормастеник
15 астеник
16 Гиперстеник
17 Рентгенограммадағы жүректің көрінісі. Қалыпты жағдайда жүректің көлеңкесі қиғаш орналасқан. Сопақшаға немесе ассиметриялық көлбеген алмұртқа ұқсайды.Көлеңкенің нұсқасында доғалар жақсы көрініп тұрады.Жүректің пішіні түрліше болуы мүмкін.Ол адамның дене бітіміне, дененің орналасуына, демалуына және т.б. байланысты.
19 Сау адамның жүрегіне тән – бар доғалар айқын белі бар қиғаш орналасқан, мөлшері қалыпты, пішіні және конфигурациясы өзгермеген, өзінің дене бітіміне сай болады. Аурудың түрін анықтау үшін жүректің пішіні мен конфигурациясының өзгерістері өте маңызды.Пішінінің өзгерістері қанның ағу жағдайы мен жүректің камераларының өзгерістеріне тікелей байланысты.
21 Сол жақ қарыншадағы қан келетін жол ұлғайған жағдайда жүректің көлеңкесі солға және артқа қарай кеңейеді.Екінші қиғаш бағытта қарағанда сол жақ қарыншаның үлкейген көлеңкесі жүрек артындағы ауаны тарылтады. Оң жақ қарыншадағы қан келетін жол ұлғайған жағдайда оң жақ қарыншаның көлемі өскендіктен жүректің кесе көлденең көлеңкесі үлкейеді.Оң жақ қарыншадан шығатын жол үлкейсе камераның жоғарғы бөлігі кеңеюге ұшырайды. Бетпе бет түсірілген рентгенограммада өкпе күре тамырының ісінгенін табамыз.
22 Қарама – қарсы (алдыңғы) бағытта түсірілген жүрек көлеңкесінің көрінісі 1.Сол жақ қарыншаның нұсқасы 2.Қолқаның жоғарылаған бөлігінің нұсқасы 3.Оң жақ қарынша 4.Оң жақ жүрекшенің нұсқасы 5.Сол жақ жүрекше құлақшасының нұсқасы 6.Жоғарғы қуыс вена нұсқасы 7.Өкпе артериясы 8.Дене ортасы сызығы 9.Омыртқалар 10.Оң жақтағы кардио-диафрагмалдық бұрыш 11.Сол жақтағы кардио-диафрагмалдық бұрыш 12.Қолқа доғасы 13.Оң жақтағы атрио-вазвлдық бұрыш
23 Бірінші (оң) қиғаш бағытта түсірілген жүрек көлеңкесінің көрінісі 1.Сол жақ қарыншаның нұсқасы 2.Қолқа нұсқасы 3.Оң жақ қарынша 4.Оң жақ жүрекшенің нұсқасы 5.Сол жақ жүрекшенің нұсқасы 6.Артериалдық конус нұсқасы 7.Ретрокардиал алаңы 8.Ретростернал алаңы
24 Екінші (сол) қиғаш бағытта түсірілген жүрек көлеңкесінің көрінісі 1.Сол жақ қарыншаның нұсқасы 2.Қолқа нұсқасы 3.Оң жақ қарынша 4.Оң жақ жүрекшенің нұсқасы 5.Сол жақ жүрекше нұсқасы 6.Кеңірдек 7.Кеңірдек бифуркациясы 8.Ретрокардиал алаңы 9.Ретростернал алаңы 10.Сол жақ бронх
25 Сол жақ бүйір бағытындағы түсірілген жүрек көлеңкесінің көрінісі 1.Сол жақ қарыншаның нұсқасы 2.Қолқаның жоғарылаған бөлігінің нұсқасы 3.Оң жақ қарынша нұсқасы 4.Сол жақ жүрекше нұсқасы
26 Жүректің патологиясы. Жүректің көлеңкесін үлкейген немесе кішірейген деп ажыратады.Көлеңкенің үлкеюі 2 жағдайда байқалады. 1.Жүрек гипертрофиясы; 2.Жүрек дилятациясы; Бұл өзгерістер қан жүруге қарсылық ұлғаюының нәтижесінен жүрек қызметінің күшеюінің салдарынан пайда болады. Жүрек гипертрофиясы уақыт өте дилятацияға ауысады.Осы алғашқы белгілердін нәтижесінде жүрек ақаулары немесе патологиясы дамиды.
27 С оңғы жылдары КТ, МРТ, ЭКГ, УДЗ, сканограмма, сонограмма секілді көптеген зерттеу құралдарын пайдаланудамыз. Бұлардың рентгеннен айырмашылығы әр органды жеке жеке ішіне қарай тексеріп көруге болады. Мұндай аппараттар қазіргі таңда технологияның дамуына байланысты көптеген ауруханалар мен клиникаларда мүшелердің патологиясын анықтауда қолданылуда.Осының нәтижесінде ішкі мүшелерде болып жаткан патологиялық жағдайларға анық көз жеткізе аламыз.
28 Жүректің сканограммалық көріністері
30 Ультрадыбыстық сканограмма
32 Сонограммалық зерттеу әдісі
34 Қ орытынды Рентгенограмма және сканограмма, сонограмма туралы аудиторияда түсінік қалыптасты деп ойлаймыз. Әр болашақ студент үшің жүректің барлық зерттеу аспаптарында қалыпты жағдайдағы көрінісін білу қажет. Ол жүректі диагностикалауда өте маңызды.
35 Пайдаланған әдебиеттер: 1.Сәулелік диагностика. Хамзин Әбілкәрім. Алматы 2010ж 2.
36 Назар аударғандарыңызға рахмет !!!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.