Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемРаниль Досмухамбетов
2 АРИСТОТЕЛЬ Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі Орындаған: Досмухамбетов Р Муратбаев Т
3 Аристотель грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика,метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат,үкімет, этика, биология және зоология.
5 Ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.
6 Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді. Аты "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б.з.д. 384 жылы туылған. Стагира қаласының орыны бұл күндеріСалоникиден 55 km қашықтықта жатыр. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. 18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон Аристотельді өте ұнатты деу қиын, Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Әрине, ол бүкіл өмірінде Платонға деген құрметінен айныған жоқ. «Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде». Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінде Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай Афинадан кетед
7 «Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде». Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінде
8 Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады, (түр-форма, мән, сапа, сан, материя, қозғалыс, уақыт, т.б.). Аристотельдің пікірінше, адамдар «қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы.
9 МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс- әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
10 Платон мен Аристотель пікірталасы. Флоренция, Италия, «Museo dell'Opera del Duomo» мұражайы
11 Саясатта ол былай деп жазады: Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты. Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.
12 Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе [. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді
13 Аристотель бойынша, философияны зерттеу жеке заттардың қасиетіне бойлау арқылы заттардың ортақ қасиетін игеру деп есептесе, Платон бойынша философия баршаға ортақ жалпылық идеяны тану керек деді. Платон априори (тума білуді) негіз етсе, "Үйрену дегеніміз ұмытып қалған тума біліміңді еске түсіру" десе, Аристотель дедуктивті (жалпыдан жекеге өту, зерделеп білу) және индуктивті (жекеден жалпыға өту, тәжірибеге сай білу) логиканы негіз етіп логикалық ақыл мен тәжірибелік бақылауды басты назарға алды. Аристотель ескерткіші, Фрайбург университеті, А. Берманн туындысы Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді. Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады. (Метафизика, М., 1934,с45). Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.
14 Аристотель ескерткіші, Фрайбург университеті, А. Берманн туындысы
15 Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын. Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды. Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді. Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.
16 Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді: 1.Теориялық пәндер математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді. 2.Тәжірибелік пәндер адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика 3.Поэтикалық пәндер ақындық шығармашылық, сурет, музыка қатарлылар. Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, табиғат дегеніміз – форма және мән.
17 Афина мектебі, Рафаэль. Үлкен суреттің орталық бөлігі. Суретте кезекті пікірталас сәті бейнеленген: Платон (сол жақта) және Аристотель (оң жақта). Ұстазы Платон бір қолында «Тимей» кітабын ұстап, саусағымен аспанды нұсқап, бәрінен биік Идеяны, барлығының артында тұрған идеал рухты дәріптейді. Ал, шәкірті Аристотель бір қолына «Никомах этикасын» ұстап, алақанымен жер- әлемді нұсқап, осынау нақты шындықтарды, заттардың мәні мен қасиетін тәжірибелі зердемен тануды айтады. Бұл Платон мен Аристотельдің ең негізгі көзғарас айырмашылғы болатын.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.