Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЖазира Токтыбаева
2 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Д Ә Р І С Тақырыбы: «Иррационализм философиясы» Мамандығы: «5В – Жалпы медицина» Пән: «Философия» Курс: 2 Уақыт (ұзақтығы) : 1сағат (50 минут) Қарағанды – 2011 ж. Аға оқытушы:Нұрмаханова Н.Ж
3 Тақарыбы : « Иррационализм философиясы » Дәріс мақсаты : Студенттерді Иррационализм философиясы мен таныстыру. Дәріс жоспары : А. Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. Өмір философиясы. Ф. Ницше философиясы. Батыстық адамның ғылыми рационалдығылығының белсенділеуіне кедергі келтіретің потенциалдық мүмкіндіктерімен себептерді анықтау. Санасыздық идеясы және сихоанализ ( А. Шопенгауэр ). Санасыздық идеясы және психоанализ ( З. Фрейд ). Санасыздық идеясы және психоанализ ( К. Юнг ).
4 XIX ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның басты бағыты 2: 1. иррационализм; 2. «өмір философиясы»; Иррацнонализм - табиғаттағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тау тас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Қоршаған дүние тұтастығы, ішкі заңдылықтары, даму заңдары жоқ, ақылға емес, аффект, ерік-тілек сияқты қозғаушы күштерге ғана бағынатын бөлшектелген, түйдектелген хаос екендігі туралы ой иррационализмнің басты идеясы.Иррационализмнің көрнекті өкілі - Артур Шопенгауэр ( ). Өз творчествосында ол Гегель диалектикасы мен тарихилық принципіне қарсы шығып, кантиандық пен гипотонизмге қайта оралуға шақырды. Волюнтаризмді өз философиясының универсалды қағидасы деп жариялады (волюнтаризм - қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш - ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым). Өзінің «Дүние-ерік және қабылдау ретінде» («Мир как воля и предствление») атты кітабында Шопенгауэр логиканьщ жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша философия материалистер сияқты объектілерге де, субъективті идеалистер сияқты субъектіге де емес, тек қана сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі тиіс. XIX ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның басты бағыты 2: 1. иррационализм; 2. «өмір философиясы»; Иррацнонализм - табиғаттағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тау тас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Қоршаған дүние тұтастығы, ішкі заңдылықтары, даму заңдары жоқ, ақылға емес, аффект, ерік-тілек сияқты қозғаушы күштерге ғана бағынатын бөлшектелген, түйдектелген хаос екендігі туралы ой иррационализмнің басты идеясы.Иррационализмнің көрнекті өкілі - Артур Шопенгауэр ( ). Өз творчествосында ол Гегель диалектикасы мен тарихилық принципіне қарсы шығып, кантиандық пен гипотонизмге қайта оралуға шақырды. Волюнтаризмді өз философиясының универсалды қағидасы деп жариялады (волюнтаризм - қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш - ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым). Өзінің «Дүние-ерік және қабылдау ретінде» («Мир как воля и предствление») атты кітабында Шопенгауэр логиканьщ жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша философия материалистер сияқты объектілерге де, субъективті идеалистер сияқты субъектіге де емес, тек қана сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі тиіс.
5 Қабылдау объективті шындық та, танушы субъект де емес, обьект пен субьектте бөлінеді. Дәл осы обьект негізінде жеткілікті негіз заңы жатыр жэәне ол өз кезегінде 4 дербес заңға жіктеледі: 1. болмыс заңы - кеңістік пен уақыт үшін; 2. себептілік заңы - материалды дүние үшін; 3. логикалық негіз заңы таным үшін; 4. адам әрекеттерінің мотивациясы заңы. Осылайша қоршаған дүние (объект түсінігі) болмысқа, себептілікке, логикалық негіз бен мотивацияға тіреледі. Субъекттің қабылдауы соншалықты күрделі емес. Таным процесі адам санасының: 1. тікелей танымы; 2. рефлективті танымы; 3. интуициясы арқылы іске асады. Қабылдау объективті шындық та, танушы субъект де емес, обьект пен субьектте бөлінеді. Дәл осы обьект негізінде жеткілікті негіз заңы жатыр жэәне ол өз кезегінде 4 дербес заңға жіктеледі: 1. болмыс заңы - кеңістік пен уақыт үшін; 2. себептілік заңы - материалды дүние үшін; 3. логикалық негіз заңы таным үшін; 4. адам әрекеттерінің мотивациясы заңы. Осылайша қоршаған дүние (объект түсінігі) болмысқа, себептілікке, логикалық негіз бен мотивацияға тіреледі. Субъекттің қабылдауы соншалықты күрделі емес. Таным процесі адам санасының: 1. тікелей танымы; 2. рефлективті танымы; 3. интуициясы арқылы іске асады.
6 Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы - ерік. Ерік - Шопенгауэр түсінігінде абсолютті бастама, барлық нәрсенің тек – тамыры барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш. Ерік сонымен қатар тіршілік негізінде жатқан жоғары космостық принцип. Ерік: ' 1. сана негізінде жатады; 2. заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Ерік – заттардың ең жалпы мәні деп түсіндіргенде Шопенгауэр Канттың «санада тек қоршаған дүние заттарының бейнелері (образдары) ғана бейнеленеді (аффициацияланады), ал олардың ішкі мәні шешілмес жұмбақ («өзіндік зат») болып калады» деген теориясына сүйенеді. Шопенгауэр бұл теорияны волюнтаризм тұрғысынан қолданды: 1. қоршаған дүние - адам санасындағы түсініктер дүниесі ғана; 2. дүниенің, оның заттарының, құбылыстарының мәні «өзіндік зат» емес, ерік; 3. құбылыстар әлемі мен мәндер дүниесі дегеніміз - қабылдаулар дүниесі мен еріктің әлемі; 4. әр адамның еркі оның өз әрекеттерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдегі жалпы ерік, заттар мен құбылыстардың еркі - дүниедегі сыртқы құбылыстардың, заттардың қозғалысы мен кұбылыстардың пайда болуына себепші болады: 5. тірі организмдердің ғана емес, өлі табиғаттың да «бейсаналық». «қалғып жаткан» еркі бар; 6. дүние - еріктің жүзеге асуы. Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы - ерік. Ерік - Шопенгауэр түсінігінде абсолютті бастама, барлық нәрсенің тек – тамыры барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш. Ерік сонымен қатар тіршілік негізінде жатқан жоғары космостық принцип. Ерік: ' 1. сана негізінде жатады; 2. заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Ерік – заттардың ең жалпы мәні деп түсіндіргенде Шопенгауэр Канттың «санада тек қоршаған дүние заттарының бейнелері (образдары) ғана бейнеленеді (аффициацияланады), ал олардың ішкі мәні шешілмес жұмбақ («өзіндік зат») болып калады» деген теориясына сүйенеді. Шопенгауэр бұл теорияны волюнтаризм тұрғысынан қолданды: 1. қоршаған дүние - адам санасындағы түсініктер дүниесі ғана; 2. дүниенің, оның заттарының, құбылыстарының мәні «өзіндік зат» емес, ерік; 3. құбылыстар әлемі мен мәндер дүниесі дегеніміз - қабылдаулар дүниесі мен еріктің әлемі; 4. әр адамның еркі оның өз әрекеттерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдегі жалпы ерік, заттар мен құбылыстардың еркі - дүниедегі сыртқы құбылыстардың, заттардың қозғалысы мен кұбылыстардың пайда болуына себепші болады: 5. тірі организмдердің ғана емес, өлі табиғаттың да «бейсаналық». «қалғып жаткан» еркі бар; 6. дүние - еріктің жүзеге асуы.
7 Ерік мәселесінен баска Шопенгауэр басқа да философиялық мәселелерді адам тағдыры, еркіндік, қажеттілік, бақыт, адам мүмкіндіктері сұрақтарын қарастырады. Философиясының оларға беретін сұрақтары тұтас алғанда пессимистік сипатта. Адам және оның санасы негізіне ерікті алғанына қарамастан Шопенгауэр адамның табиғатқа ғана емес, оның өзіне-өзінің билік ете алу мүмкіндігіне сенбейді. Адам тағдыры заттар мен құбылыстардың бүкіл-әлемдік хаосы тізбегінде жүреді және бүкіләлемдік қажеттілікке бағынышты. Жеке адамның еркі қоршаған дүниенің еріктер жиынтығы алдында шарасыз, әрі оған бағынышты. Шопенгауэр адам бақытына сенбейді. Шопенгауэр философиясы (оның жеткілікті негіз туралы төртгік заңы, волюнтаризмі мен пессимизмі, т.б.) өз замандастарына түсініксіз болды, қабылданбады, танылмады да. Әйтсе де Шопенгауэр философиясы бейклассикалық идеалистік философияның (иррационализм, символизм, «өмір философиясы») және позитивизмнің дамуында үлкен рөл атқарды. Ерік мәселесінен баска Шопенгауэр басқа да философиялық мәселелерді адам тағдыры, еркіндік, қажеттілік, бақыт, адам мүмкіндіктері сұрақтарын қарастырады. Философиясының оларға беретін сұрақтары тұтас алғанда пессимистік сипатта. Адам және оның санасы негізіне ерікті алғанына қарамастан Шопенгауэр адамның табиғатқа ғана емес, оның өзіне-өзінің билік ете алу мүмкіндігіне сенбейді. Адам тағдыры заттар мен құбылыстардың бүкіл-әлемдік хаосы тізбегінде жүреді және бүкіләлемдік қажеттілікке бағынышты. Жеке адамның еркі қоршаған дүниенің еріктер жиынтығы алдында шарасыз, әрі оған бағынышты. Шопенгауэр адам бақытына сенбейді. Шопенгауэр философиясы (оның жеткілікті негіз туралы төртгік заңы, волюнтаризмі мен пессимизмі, т.б.) өз замандастарына түсініксіз болды, қабылданбады, танылмады да. Әйтсе де Шопенгауэр философиясы бейклассикалық идеалистік философияның (иррационализм, символизм, «өмір философиясы») және позитивизмнің дамуында үлкен рөл атқарды.
8 Шопенгауэрдің философиялық дәстүрін жалғастырған Фридрих Ницше( ) болды. Ницше иррационализмге жақын «өмір философиясын ың» негізін қалаушы деп саналады. Бұл бағыттың өзекті ұғымы - нақты адам үшін басты және жалғыз реалдылық -өмір ұғымы. Ницше тусінігінде философияның мақсаты адамның қоршаған дүниесі бейімделіп, өзін өмірде барынша іске асыруына көмектесу. Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницше адам еркін бірнеше түрге жіктейді: 1. «өмірге ұмтылыс»; 2. адамның өз шегіндегі ерік ( «ішкі стержень»); 3. басқарылмайтын, бейсаналық ерік - (сезімдер), аффектілер; ^ 4. «билікке ұмтылыс». Шопенгауэрдің философиялық дәстүрін жалғастырған Фридрих Ницше( ) болды. Ницше иррационализмге жақын «өмір философиясын ың» негізін қалаушы деп саналады. Бұл бағыттың өзекті ұғымы - нақты адам үшін басты және жалғыз реалдылық -өмір ұғымы. Ницше тусінігінде философияның мақсаты адамның қоршаған дүниесі бейімделіп, өзін өмірде барынша іске асыруына көмектесу. Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницше адам еркін бірнеше түрге жіктейді: 1. «өмірге ұмтылыс»; 2. адамның өз шегіндегі ерік ( «ішкі стержень»); 3. басқарылмайтын, бейсаналық ерік - (сезімдер), аффектілер; ^ 4. «билікке ұмтылыс». «Өмір философиясы»
9 Еріктің соңғы түрі - «билікке ұмтылысқа» Ницше ерекше мән береді. Ницше пікірінше, «билікке ерік» белгілі дәрежеде адамдардың бәріне тән. Табиғаты бойынша «билікке ұмтылыс» өзін-өзі сақтау инстинктіне жақын: адам ішінде жасырын жатқан қауіпсіздікке ұмтылыстың сыртқы көрінісі және адам әрекеттерінің қозғаушы күші. Ницше пікірінше әрбір адам, әрбір мемлекет саналы немесе, бейсаналы түрде сыртқы дүниеде өз «Менін» кеңейтуге тырысады. Ницше философиясы (оның басты идеялары - өмір адам үшін жоғары кұндылық екендігі «өмірге ерік», «билікке ерік») негізінде адам және оның өмірі мәселесі тұрған -прагматизм, феноменология, экзистенциализм. т.б. сияқты қазіргі заманғы философиялық концепцияларға ізашар болды. Вильгельм Дильтей ( ) - «өмір философиясы» бағытының өкілі. Дильтей қоршаған дүниенің көптүрлілігі мен адам өмірінің бірегейлігі ойлауға (идеяга) негізделген Гегель философиясын сынады. Ойлау (идея) орнына Дильтей философия негізіне «өмір» ұғымына қоюды ұсынды. Еріктің соңғы түрі - «билікке ұмтылысқа» Ницше ерекше мән береді. Ницше пікірінше, «билікке ерік» белгілі дәрежеде адамдардың бәріне тән. Табиғаты бойынша «билікке ұмтылыс» өзін-өзі сақтау инстинктіне жақын: адам ішінде жасырын жатқан қауіпсіздікке ұмтылыстың сыртқы көрінісі және адам әрекеттерінің қозғаушы күші. Ницше пікірінше әрбір адам, әрбір мемлекет саналы немесе, бейсаналы түрде сыртқы дүниеде өз «Менін» кеңейтуге тырысады. Ницше философиясы (оның басты идеялары - өмір адам үшін жоғары кұндылық екендігі «өмірге ерік», «билікке ерік») негізінде адам және оның өмірі мәселесі тұрған -прагматизм, феноменология, экзистенциализм. т.б. сияқты қазіргі заманғы философиялық концепцияларға ізашар болды. Вильгельм Дильтей ( ) - «өмір философиясы» бағытының өкілі. Дильтей қоршаған дүниенің көптүрлілігі мен адам өмірінің бірегейлігі ойлауға (идеяга) негізделген Гегель философиясын сынады. Ойлау (идея) орнына Дильтей философия негізіне «өмір» ұғымына қоюды ұсынды.
10 Өмір адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмір мынадай белгілерге ие: 1. тұтастық; 2. көптүрлі рухани бастамаға ие; 3. жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте. Дильтей пікірінше, философия материя, сана,диалектика, т.б. туралы «схоластикалық» пікірталасты доғарып, өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс (феномен) ретінде қарастыруға тиіс. Сонымен қоса Дильтей саяси-әлеуметтік сұрақтарға және тарих мәселесіне үлкен мән берді. Тарих - прогреске апаратын айқын және заңды процесс деген концепцияны терістеді. Дильтей пікірінше, тарих - жеке адамды ғана емес, тұтас халықтардьың иірімге тартатын хаос, кездейсоқтықтар тізбегі. Тарих барысын өзгерту мүмкін емес. Өмір адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмір мынадай белгілерге ие: 1. тұтастық; 2. көптүрлі рухани бастамаға ие; 3. жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте. Дильтей пікірінше, философия материя, сана,диалектика, т.б. туралы «схоластикалық» пікірталасты доғарып, өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс (феномен) ретінде қарастыруға тиіс. Сонымен қоса Дильтей саяси-әлеуметтік сұрақтарға және тарих мәселесіне үлкен мән берді. Тарих - прогреске апаратын айқын және заңды процесс деген концепцияны терістеді. Дильтей пікірінше, тарих - жеке адамды ғана емес, тұтас халықтардьың иірімге тартатын хаос, кездейсоқтықтар тізбегі. Тарих барысын өзгерту мүмкін емес.
11 Әдебиеттер : негізгі Әбішев Қ. « Философия » Алматы Бегалинова К. К., Альжанова І. К. « Философия » Алматы Кішібеков Д. К., Сыдыков Ұ. « Философия » Алматы Мырзалы С « Философия » Алматы Қосымша : 1. Мардашвили К. К. « Как я понимаю философию » М Спиркин А. Г. « Философия » 3. Кохановский Л. В. учебник для Вузов Ростов н - Д : Феникс 1998 Проблемалық сұрақтар : ( Пікір - таласқа арналған ) А. Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы туралы сіздің көзқарасыныз ? Өмір философиясының басты мәселелерін атаңыз ? Ф. Ницше философиясына әсіресе билікке ұмтылған жігер ұғымына қалаай қарайсыз ? Онымен келісісіз бе ? Батыстық адамның ғылыми рационалдық белсенділігі деген не ? Батыстық адамның ғылыми рационалдығылығының белсенділеуіне кедергі келтіретің потенциалдық мүмкіндіктердің себептерін анықтаныз және оларды атаңыз ? Ерік, интуиция, бейсеналық түсініктері. Рациональдық емес мәселе ( ерік, сезім, интуиция, бейсаналық ) және оның рациональдық трғыда зерттелуі. Рациональдық еместіге деген иррациональдық ыңғай. Санасыздық идеясы және сихоанализ ( А. Шопенгауэр ). Санасыздық идеясы және психоанализ ( З. Фрейд ). Санасыздық идеясы және психоанализ ( К. Юнг ). А. Бергсонның санасыздық идеясы.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.