Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАЛТЫНАЙ ОНГАРСЫНОВА
2 Бабыл (Арабша: بابل,) немесе Вавилон,Вавилония – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді:Арабша 1)ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2- мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ирак
3 Вавилон патшалары Тигр мен Ефратқа жақын орналасқан, географиялық жағдайы тиімді қалаларды пайдаланды, Азиямен қиылысатын негізгі сауда жолдары, сонымен қатар саяси жағдай вавилон патшаларына тиімді болды. Өйткені Мари және Эшнура күшейген Ашшурмен күресте әлсіреді, ал Аарса Эламиттердің қысымына шыдауға мәжбүр болды. Қосөзен тарихында ерте Вавилон патшалығының ( б.э.д.) өмір сүруі елеулі дәуірді құрайды. 300 жыл аралығында оңтүстік бөлігі өздерінің шаруашылығын даму мен саяси әсер ету жағынан биік шыңдарға жетті. Ол Қосөзенің барлық алдыңғы мәдени нәтижелерді өзіне сіңірді. Вавилон, бірінші аморейлік патшалық тұсындағы елеусіз қалашық, Вавилондық династия кезінде ол эллистік дәуірге дейін өзінің басқару мәнін жоғалтпаған ірі сауда, саяси және мәдени орталыққа айналды.
5 Хамурапи б.з.б жылдардағы Вавилон патшасы. Қосөзен аралығын мекендеген арамей тайпасынан шыққан. Хамурапидың кезінде Вавилон өрлеп, дамыды. Шебер саясаткер әрі қолбасшы Хамурапи әскери күш пен дипломатияның көмегі арқасында 35 жылдың ішінде Вавилонға Ассирияны, Месопотамия ның оңт. және орт. бөлігін бағындырды. Оның кезінде тауар- ақша қатынастары, жеке меншік, құл иеленуші шаруашылық дамыды. Мемлекеттің орталықтануы мен патша билігі күшейді. Ол Хаммурапи заңдарынан көрініс тапты ВавилонАссирияныМесопотамия ныңХаммурапи заңдарынан
6 ВавилонВавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапипатшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері жылдары ежелгі Эламныңастанасы Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.Хаммурапи1760Диорит ЭламныңСузы Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамияқалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады.ЛуврдаСузыНиневияМесопотамия Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум адам) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум төмен құлайтын) танылды. Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), әлеуметтік әділеттілікті бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады.
7 Қосөзенді мекендеген ежелгі халықтардың сенім-нанымдарының арасында суға табыну ерекше орын алған. Вавилондық астрономдар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің, Айдың айналу заңдылықтарын, олардың тұтылу уақытын дәл анықтай отырып, өмірлік қажеттілігіне пайдалана білген. Вавилондық абыздардың ілімдеріне сай, адамдар құдайларға қызмет жасау үшін жаратылған. Вавилон құдайларының саны өте көп болған. Олардың ішіндегі ең бастылары болып Күн құдайы - Шамаш, Ай құдайы - Син, ауа райы құдайы - Адад, махаббат құдайы - Иш-тар, өлім кұдайы - Нергал, соғыс құдайы - Ирра, от құдайы Вильги саналған. Вавилондықтар өз құдайларын адамдармен салыстырып, адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекетімен сәйкестендірген. Құдайлар адам тағдырын шешкен. Құдайлардың пиғылын текабыздар ғана білген. Тек солар ғана құдайлармен тілдесіп, болашақты аспан денелерінің қозғалысы арқылы аныңтап отырған. Сондықтан адамдар патшалар мен абыздардың айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырысқан.
8 Қосөзеннің ежелгі тұрғындарының діни нанымдары олардың монументтік өнерінен көрініс тапты. Қалаларда құдайларға арналған ғибадатханалар салынды. Ғибадатхана жанынан бастары көкке өрлеген, кірпіштен өріліп, терассалармен қоршалған Зикураттар салынды. Зикураттар (мұнаралар) әр түрлі бояулармен боялған, терассалар гүлдермен, көкпен өрілген. Вавилон көркем-өнерінің сәулеттік ескерткіштері біздің заманымызға аз жетті. Себебі, вавилондықтар сарайлар мен ғибадатханаларды кірпіштен салатын болған, ал кірпіштің ұзақ уақытқа шыдамайтыны белгілі. Дегенмен, қазіргі кезде жартылай сақталған сарай қалдықтарын зерттей келе, өнертанушылар еуропалық сәулет өнерінің Қосөзен аралығы сәулет өнерінен көп үлгі алғандығын анықтап отыр. Вавилон орасан үлкен, шулы Шығыс қаласы болған. Қалада үлкен 24 даңғыл болған, негізгі көркі Этеманка құдайына арнап салынған, биіктігі 90 м. Вавилон мұнарасы «әлемнің жеті кереметінің» біреуі саналған. Вавилон мұнарасының айналасын "әлемнің тағы бір кереметі" Семирамиданың аспалы бақтары көріктендіріп тұрған.
9 Хаммураппидің мұрагері тұсында Вавилонның орталық үкіметі қайта әлсірей түсті. Оның оңтүстік облыстары бөлініп,солтүстік батыс жағынан кіші азияның хеттер мен каситтер деген халықтары басып кірді.Б.з.д. дейінгі 1595 жыл шамасында Вавилонды тонап кеткен хеттердің шабуылы тек қатты соққы болса,ал өасиеттер біртіндеп вавилонға енді де,нық орнығып алды міне,сондықтан II мың жылдықтың ортасында Вавилонда касcиттер әулеті (б.з. дейінгі жылдарда) орнады. Касситтер елдің жергілікті жауынгерлерін ығыстырып,әскери шоңжарлардың үстемдік етуші топтарын құрды.Жауынгерлер егіншілікпен айналысатын елдерді басып алды.осылайша белгілі бір дәрежедегі ауылшаруашылық, яғни қауім қайта өркендей бастады.Сонымен қатар,егіншілік техникасы жетілдіріліп, көршілес елдермен, мысалы Егитпен тікелей байланыс орнатылды. Аз ғана уақыттың ішінде,кішкене кідірістен кейін елдің қайта өресі кеңіп, даму жолына түседі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.