Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемPeryzat Tleubekkyzy
1 Дәріс-1 Қаңқа жүйесі
2 Дәріс жоспары: Қаңқаға жалпы сиппаттама. Сүйектердің дамуы. Сүйектердің мүше ретінде құрылысы. Сүйектердің дамуының жас ерекшелігі. Сүйектердің бірігуінің түрлері. Буындардың құрылысы. Омыртқа жотасы. Омыртқалардың құрылысы, олардың бір- бірінен айырмашылығы. Омыртқа жотасының бірігуі. Омыртқа жотасының иілуі. Сүйектердің құрамы мен химиялық қасиеті.
3 Қаңқа (skeletos) – адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Адам қаңқасы төрт бөліктен тұрады: 1. тұлға ( омыртқа жотасы, қабырғалар, жауырын, бұғана, төс сүйегі) 2. қолдың ( қар, білек, қол сүйектері) 3. аяқтың ( жамбас, сан, аяқ басының сүйектері) 4. бастың қаңқалары ( ми, бет сүйектері) Қаңқа қызыметі: 1. Механикалық: - адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Сондықтан адам тік жүреді, қозғалады. 2. Биологиялық: - қаңқа зат алмасуға қатысады, - қан сүйектерде пайда болады, - минералды тұздардың алмасуына қатысады
4 Сүйек мүше ретінде. Сүйек, os, ossis – дененің негізгі тіреуіш мүшесі. Негізін тығыз (қатты) және кемек (борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен ( периост) қапталған. Сүйек ұлпасынан тұрады. Сырты қатты, ұлпасы тығыз болып келеді, ішкі жағы кеуек, борпылдақ ұлпадан тұрады. Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланған. Сүйек қалыңдап өседі, сол себепті жасқа байланысты сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектердің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапқышы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.Денедегі сүйектердің жалпы саны 200-ден астам. Олар адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Сүйектің химиялық құрамы: 1.Органикалық заттардан (1/3), негізі оссеиннен; 2. Бейорганикалық заттардан (2/3), негізінен кальций тұздары. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекке аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде оссеин көптеу болғандықтан олар өте иілгіш көп сына бермейді.
13 Омыртқаның бірігуі Дененің тірегі болып табылатын меншікті бағананың өзін түзетін омыртқа денелері өзара омыртқа аралық дисктер (discus intervertebralis)деп аталатын симфиздер арқылы қосылып, байланысады. Әрбір осындай диск талшықты- шеміршекті табақша болып табалады. Бұл талшықтар табақшаның беттерінде аса берік фиброзды сақина (annulus fibrosus) түзеді, табақшаның ортасында жұмсақ талшықты шеміршектен тұратын арқа хордасының қалдығы сілікпетәрізді ядро (nucleus pulposus) болады. Бұл ядро күшті қысылған және ұдайы кеңеюге тырысады, сондықтан ол серпіндіріп және буфер тәрізді соққыларды жұмсартып тұрады
16 Қабырға (costae) Қабырға (үстінен көрініс) А I қабырға; Б II қабырға: 1 қабырға томпағы; 2 қабырға ойығы; 3 мойыны; 4 басы; 5 денесі Қабырға (costae) Қабырғалар 12 жұп, иілген ұзын сүйектер. Оның омыртқа және төстік ұшы бар. Омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Төс жағынан қабырға шеміршекке өтеді. Үш топқа бөлінеді: Жоғарғы 7 жұп-негізгі қабырға, 3 жұп-жалған, 2-жұп кезеген қабырғалар. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, басқаларға қарағанда қысқа, төс сүйекпен байланыспайды
17 Қабырға (үстінен көрініс) А I қабырға; Б II қабырға: 1 қабырға томпағы; 2 қабырға ойығы; 3 мойыны; 4 басы; 5 денесі Қабырға (costae) Қабырғалар 12 жұп, иілген ұзын сүйектер. Оның омыртқа және төстік ұшы бар. Омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Төс жағынан қабырға шеміршекке өтеді. Үш топқа бөлінеді: Жоғарғы 7 жұп-негізгі қабырға, 3 жұп-жалған, 2-жұп кезеген қабырғалар. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, басқаларға қарағанда қысқа, төс сүйекпен байланыспайды
18 Төс пен қабырғалардың бірігуі (алдынан көрініс): 1 ішкі қабырғааралық бұлшық ет; 2 сыртқы қабырғааралық бұлшық ет; 3 төс денесі; 4 төс-қабырға буыны; 5 төс-қабырға қосылысы; 6 – шеміршек аралық буын; Төс пен қабырғаның бірігуі ( артқы көрініс) 1 латеральды көлденең қабырға буыны; 2 ішкі қабырғааралық мембрана; 3 сыртқы қабырғааралық бұлшық ет; 4 сүйек үсті буын; 5 көлденең аралық буын; 6 сары буын. Кеуде қуысының бірігуі Қабырғалар артқы жағынан кеуде омыртқаларымен, алдынан төспен бірігіп, кеуде торын құрайды. Нағыз қабырғаның шеміршекті бөліктері симфиздер немесе жалпақ буындар (articulationes stemocostales) арқылы төспен қосылады. 1-ші қабырғаның шеміршегі синхондроз түзе тікелей төспен бітісіп өседі. Жалған қабырғалардың әр қайсысы ( VIII, IX және X) өз шеміршегінің алдыңғы шетімен тығыз дәнекер бітісу (синдесмоз) арқылы жоғары жатқан шеміршектің төменгі жиегімен қосылады.
19 Қабырғалардың омыртқалармен қосылыстары Қабырғалардың бастарының буындық беттері мен кеуде омыртқаларының шұңқырымен қосылған. Буындық беттерінің әр қайсысы екі көрші омыртқаларының ойысымен терімен буындасады. Қабырғалардың омыртқалармен буындасуы қабырға мойнының бойымен өтетін айналу білігімен бірыңғай үйлесімді буын ретінде әсер етеді.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.