Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемПеризат Асановна
1 Египет. Пирамидалар сырлары
2 Египет пирамидасы Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді, кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
3 Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң- түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1- мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уа- қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
4 Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдай- ға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Бұрын мысырлықтар үйінде де құлшылық бөлмесін жасап қойып, қалада да, көшеде де, егістікте де, ауылдарда да ғибадатханалар жұмыс істеп тұрды. Мұнда дін мысырлықтар-дың ой-пікірін басқарып, олар өлгеннен соң қайта тірілетініне қатты сенді. Халық Зурис – Ніл өзенінің тәңірі, Ра – күн тәңірі деп ойлады. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
5 Ежелгі египеттіктердің діни ілімі бойынша, адамның жаны бірнешеу болады деп есептеледі. Олардың ең бастылары – «Ка» мен «Ба» болса, «Ка» дегені – адамның рухани сыңары, марқұм онымен о дүниеде табысады. Мысырлықтардың наным-сенімінде марқұмның бейіті – «Каның үйі», өлім – жітімді атқарысатын абыз - «Каның қызметшісі». Олар «Ка» өлген адамды о дүниеде тірілтіп, әрі қарай өмір сүргізе береді, «Ба» - «таза рух», рух адам өлгеннен кейін оның бойынан кетіп, көкке көтеріледі, адамның ішкі қуаты, тәңірлік тегі – сол» деп ойлаған. Әубаста о дүниеге перғауындар ғана бара алады деген пікір қалыптасып, перғауындар өлгеннен кейін өз аманаты бойынша отбасы мүшелерін, маңайындағы адамдарды о дүниеге ала кетуге құқылы болған. Содан ол өлгеннен кейін әлгі адамдарды да өлтіріп, пирамиданың жанына жерлеу салты орын алған...
6 Әлем ғалымдары бірауыздан мойындап отырғанындай, Мы-сырдағы Хеопс пирамидасының ғажайып қасиеті шексіз. Тіпті оның барлық өлшемдерін (146,59 метр биіктігін, табан қа- бырғасының 230,35 метр ұзын-дығын және бүйірлерінің 51051І еңістігін) негізге алып олардан «пи» санын, Жерден Күнге дейінгі қашықтықты, Жердің салмағын, оның полярлық радиусын, Күн мен Айдың массасын, Жердің орташа тығыздығын есептеп шығаруға болады.
7 Хеопс пирамидасыны ң сырлары. Пирамиданы адам салғаны рас па? Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі.
8 Таңғаларлық деректер Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
9 Пирамидалар қалай салынды? Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2- сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз- қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай.
10 Хафрдың тұсына таман салынған адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған. Қарапайым құрал- саймандармен мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады. Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген. Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып, жібіген соң торкөз жыралар қазылған. Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған Су тартылған кезде жыраларда шамалы су қалдырылған. Осылайша судың көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды түгел тегістеген.
12 Әрі жырадағы қалдырылған судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл қисайып ауытқымастан мызғымай тұр. Хеопс пирамидасын салуға пайдаланылатын тастар Гизадан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта болған. Жұмысшылар жартастарды бөліп алу үшін оның жарықтарына ағаш қазықтар қағып, су құйған. Ісінген қазықтар жартастарды оңай бөліп жіберетін. Бөлінген тасблоктарды құлату үшін ағаш иінтіректер мен берік арқандар пайдаланылған. Алып тасблоктар аунап түскен кезде, жылжытып әкету үшін астына тізілген жұмыр ағаштар қойылған. Тасты өндіруге 1200 жұмысшы қатысқан. Тастар Ніл өзені және арна арқылы құрылыс алаңына жеткізіліп отырған. Бұл тастар жағада өңдеуден өткізіліп ағаш шаналарға тиелетін.
13 Хеопс пирамидасының ішіндегі құпиялар Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы бағытынан келіп кіреді.
14 Бұл фараонның жаны жұлдызға көтерілсін деген тілектен туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен молаға әкелінген. Пирамиданың іргесіндегі ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған соң, мәйіт жерасты жолымен патша камерасына жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен абыздар жерасты жолына қарай түскен соң, қайтарда шығар жерді гранит тақталармен білінбейтіндей етіп бекітіп кететін. Ал, патша камерамен жалғасып жатқан «Үлкен галерея» деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені 2,1 м ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған. Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік әктасты қаптауыштың астында құпия жасырылған. Патша камерасынан төменіректе ханшайым камерасы да болған. Оған да 2 ауа жолы және жер астына түскен соң екіге айырылатын бөлек дәліз жасалған. Бірақ, оған ханшайымның мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні сақталған. Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір бұл пирамидалар қалашығы саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге қарай онда сиқырлы музыкалар ойналып, төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба мен қалпына келтіру жұмыстары бір толастамайды.
16 Пирамиданы не үшін салған? Ғажайып пирамиданы салдырған қандай күш? Әрине, осындай идеяны ең алдымен өмірге әкелген адамның өз рухы екені талассыз. Ал, адамның рухында мәңгілікке деген құштарлық бар. Ол - адамға Жаратушыдан берілген. Мәңгі дүниенің бар екендігінің нышаны осыдан білінеді. Яғни, өтпелі мынау дүниені емес, ақырсыз ақирет дүниесін адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда, адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген. «Өлместің суы», «Қорқыттың көрі», «Самұрық құс»...осыдан шыққан. Перғауын секілді жарты әлемді билегендер де жанталасып, мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.