Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемБутенова Акбота
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті Экология және өмір қауіпсіздігі кафедрасы ПӘНІ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ 1 Дәріс ТАҚЫРЫБЫ: Кіріспе АҚТАУ 2013 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті Экология және өмір қауіпсіздігі кафедрасы ПӘНІ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ 1 Дәріс ТАҚЫРЫБЫ: Кіріспе АҚТАУ 2013
2 Дәріс мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып,экологияның бөлімдерін, оның зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы ұғындыру. Негізгі ұғымдар: экология, экологиялық факторлар түрлері, экологияның салалары. Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Экологияның мақсаты мен міндеттері. 2.Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары. 3. Экологияның негізгі даму кезеңдері. 4. Экологияның зерттеу әдістері. 5. Экологияның салалары 6. Коммонердің экологиялық қағидалары. 7.Тұрақты дамуды іске асырудағы экологияның ролі.
3 1.Экологияның мақсаты мен міндеттері Экология – ағзалардың арасында болатын (дарақтар,түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді,құбылыстарды табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі әлемдік ауытқуларды адамның іс–әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
4 Экология – гректің oikos-үй,тұрақ, мекен және logos-ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни тірі ағзалардың тіршілік ортасы мен қарым қатынасын зерттейтін ғылым саласы. Экология терминін неміс биологы Эрнесть Геккель 1866 (1869) жылы ғылымға енгізген. Экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.
5 2. Экология ғылымының зерттейтін бағыттары: 1.Ағзалардың бірі-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы 2.Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты өзгерістер 3.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері 4.Адам-биосфера-қоғам арасындағы үйлесімді байланысты зерттеу 5.Биосфера шегінде биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын қамту 6.Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды әлемдік нормаға жеткізу.
6 3.Экологияның негізгі даму кезеңдері Экология ғылымының дамуы 3 кезеңге бөлінеді Биологиялық зерттеулердің жалпы сипат алу кезеңі I – кезең ( ) Бұл кезең ХVI- ғасырдың басы мен ХVIII ғасырдың аяқ кезін қамтиды. К.Линней ( ), Ж.Ламарк ( ), А.Декандоль ( ), И.ИЛепехин ( ), К.Мебиус ( ), Н.А.Северцов ( ), В.В.Докучаев ( ) және т.б. ғалымдар экологиялық сипаттардағы ғылыми еңбектерінде зерттеулер жүргізіп,экология ғылымдарының дамуын зор үлес қосты. А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы» атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты.Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» туралы ілім және тағы басқа ұлы табиғат зерттеушілердің еңбектері жарық көрді.
7 II – кезең (1924 – 1980ж.). Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов сынды ғалымдар жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Бұл кезең экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, көптеп шығарыла бастады. Атап айтқанда, Д.Н.Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», А.Тенслидің «Экожүйелер туралы ілім», В.И.Вернадскийдің «Биосфера», Н.В.Сукачевтің «Биоценоз» атты ғылыми еңбектері жарық көрді.
8 III – кезең (1980 – 2000жылдар) Осы кезде экология- бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, нарықтық (экономикалық) жағдайлар мен әлемдік мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті.
9 1 кезең Биологиялық зерттеулердің жалпы сипат алу кезеңі 2 кезең Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі 3кезең Экология ғылымының өрлеу кезеңі XXI ғасыр-экология ғасыры
10 4. Экологияның зерттеу әдістері Далалық зерттеу әдісі- табиғи жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Бұл зерттеу арқылы түрдің тіршілігін, дамуын, әртүрлі факторларға әсерін анықтауға болады. Тәжірибелік (зертханалық) зерттеу әдісі - табиғаттағы қарым- қатынастардың себебін анықтайды. Бұл зерттеу жасанды факторлардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Математикалық моделдеу әдісі - математикалық белгілердің көмегімен зерттеуге алынған жүйенің кейбір көрсеткіштерінің мәндерін өзгерту арқылы соңғы нәтиженің қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.
11 5. Экологияның салалары Аутэкология – жеке ағзалар (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Демэкология (популяциялық )– бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобын, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар ретінде зерттейді. Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейді. Геоэкология – ландшафтыдан биосфераға дейінгі экожүйенің бағыныштылық деңгейлерін зерттейтін экологияның практикалық тарауы. Табиғи ортаның техногендік әсерден аймақтық және жалпы өзгерісін зерттейді.
12 Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарды жүргізеді. Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.
13 `Адамзат (Адам) экологиясы – ауыл, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық пен сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, мәдениет этика, адам баласының экологиялық құқығын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре отырып зерттеп, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – ойымен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді. Қала экологиясы- адамның қала ортасымен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді. Өнеркәсіптік экология - өнеркәсіптің және адамның барлық шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерін зерттейді. Радиациялық экология- биосфераға радиоактивті заттардың таралуын, мөлгерін, ионды сәулелердің организмдерге және оның популяцияларына, биоценозға тигізетін әсерін зерттейді.
14 6.Б.Коммонердің экологиялық қағидалары: 1.Барлығы бір-бірімен байланысты. Биосферадағы тірі организмедердің біреуінде болған өзгеріс, міндетті түрде басқаларына да әсер етеді. 2.Барлығы да өз орнын табуы керек. Табиғатта барлық организмдердің өз орны бар, яғни табиғатта артық нәрсе болмайды. 3.Табиғат бәрін жақсы біледі. Адам баласының табиғат заңдарын әлі толық білмейтіндігін аңғартады. 4.Еш нәрсе бостан босқа берілмейді. Табиғаттан алғаныңның орнын толтыруды ұмытпа.
15 7.Тұрақты дамуды іске асырудағы экологияның ролі Тұрақты даму - [ағылш. sustainable development, тікелей нақтылы аудармасы - үздіксіз қолданатын даму] - бұл біздің қазіргі уақыттағы қажеттіліктерімізді қамтамасыз ете отырып, бірақ келешек ұрпақ қажеттілігін қамтамасыз етуге қауіп төндірмейтін даму. Қоршаған ортаны қорғау-тұрақты дамужың қажетті бөлігі.Қоршаған орта жағдайын нашарлатпау және экологиялықжәне техногенді апаттарды тоқтату бойынша алдын-алу шаралары қабылдануы тиіс; Табиғатты ұтымды пайдалану қалпына келетін ресурстарды сарқылмайтындай етіп, ал қалпына келмейтіндерді үнемдеп пайдалануға және қалдықтарды өз уақытында ұқсату мен оларды қауіпсіз көмуге негізделуі тиіс;
16 Термин сөздер Биоценоз- белгілі-бір территорияда өмір сүретін әртүрлі түрлердің жиынтығы. Экожүйе- зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекетттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы
17 Бақылау сұрақтары: 1.Экология ғылымы нені зерттейді? 2. Экология грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? 3. Экология ғылымының негізгі мақсаты қандай? 4. Экология терминін кім,қай жылы енгізген? 5. Экологияның қандай салалары бар? 6.Коммонердің экологиялық қағидаларын ата? 7.Тұрақты даму деген ?
18 Бекітуге арналған тест тапсырмалары 1.Ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяция аралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы қалай аталады? A) Нооэкология B) Экология C) Синэкология D) Әлеуметтік экология E) Ғаламдық экология 2. Экология ғылымдарының ең басты мақсатын көрсет: A) популяцияның тұрақтылығын сақтау B) жануарлар дүниесінің алуантүрлілігін сақтау. C) өсімдіктер дүниесінің биосферадағы маңызын айқындау D) экологиялық ахуалдың өзгерісін бақылау E) биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.
19 3.Экология ғылымы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастыратын қай сала? A) Қолданбалы экология B) Нооэкология C) Геоэкология D) Адам экологиясы E) Өнеркәсіптік экология 4. Бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізетін қай сала? A) Эйдэкология B) Аутэкология C) Нооэкология D) Демэкология E) Геоэкология
20 Әдебиеттер тізімі: 1.Сағымбаев Г.Қ. Экология негіздері Алматы-1995ж 2.Сатбаева Г.С., «Әлеуметтік экология және тұрақты даму», Алматы, 2009ж 3.Тонкопий М.С.,Сатбаева Г.С., Ишкулова Н.П., Анисимова Н.М. Экология және тұрақты даму. Алматы- 2011ж 4.Әлинов.М.Ш. Экология және тұрақты даму.-Алматы,2012ж 5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика – 2000 ж.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.