Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемМатвей Бахтин
2 Математикадан іс-шара 7-8 сыныптар үшін
3 Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық білімін кеңейту; оны ұштау. 2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу. 3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып, түсіндіре дамыту.
4 Ханның ақылы -тағында Ананың ақылы- жасында Жігіттің ақылы-жақсылығында Ал, Ғалымның ақылы- басында Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін. Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған оқушы /топ/ осы «Ақылды тақияның» иегері болады
5 Қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз: «Ақылды тақия» сайысының бағдарламасы: І. тур. 1) Бәйге 2) Орамал тастамақ 3) Құнды сәукеле ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер 2) Жұмбақтар әлемі 3) Математикалық мақал-мәтелдер ІІІ тур. Математик болу үшін Ақынжанды болу керек
6 І Тур. 1. Бәйге. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық) Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай? (соңғы қызға корзинамен бірге беру керек) 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)
7 Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (13)
8 2. «Орамал тастамақ» ойыны. 2*2*2*2*2=6 2*2*2*2*2=7 2*2*2*2*2=8 2*2*2*2*2=9
9 3. Құнды сәукеле сайысы. Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар.
10 қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы) қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір) Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель) Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса) қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал) Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш) Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама) Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
11 Сәукеле әшекейленген. І төмендегі бөлігі – күміспен көмкерілген ұпайы – 10 ІІ ортанғы бөлігі – алтынмен апталған ұпайы – 20 ІІІ жоғары бөлігі – жақұтпен жарқыраған ұпайы – 30 Күміс бөлігінде – 3 сұрақ Алтын бөлігінде – 3 сұрақ Жақұт бөлігінде – 2 сұрақ
12 ІІ. Тур. 1. Құпиялы бөріктер
13 3. Жұмбақтар әлемі. Атадан 10 боламыз, Бір-бір жастан арамыз. Қосылып кейде басымыз, Азайып кейде қаламыз. Бөлініп кейде арамыз, Көбейтіп те аламыз. (цифрлар) Бүтін, бөлшек бөліктерден Үтір айырып тұрады, Осы санның кім біледі Аты қандай болады? (ондық бөлшектер) Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді Көңілге армандаған қана бермейді. Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін, Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)
14 Нәрселерді санағанда Керек ол бізге ауадай Айтыңдаршы бұл қандай сан Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар) Санасаң сан жетпейтін нүктелерден, Құралған фигура бар қарапайым. Салу үшін сен оны сызғыш ізде, Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу) Түзудің бір бөлігі Екі шеткі нүкте көрігі Ұзындығы және бар Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
15 3. Мақал – мәтелдер сайысы Сандары бар мақал – мәтелдер.
16 ІІІ. Тур «Математик болу үшін, Ақын жанды болу керек.» Математикаға арналған төрт шумақ өлең.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.