Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемСтанислав Бирюков
3 Повесть (хикаят) – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі.Ал повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
5 Қажымұқан Мұңайтпасұлы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу сол заманда нағыз ерлік еді. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған 1871Ақмола1871Ақмола Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 1906орыс1906орыс
6 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады. ЫстамбулТүркия 1911ЫстамбулТүркия Ұлы Отан соғысыҰлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды. Ұлы Отан соғысы Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. 1948Оңтүстік Қазақстан облысы1948Оңтүстік Қазақстан облысы Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға қазақтың нағыз хас батыры.
8 Жаяу сүйреген шана
9 Не болады деп ойлайсыз? Оған қандай дәлеліңіз бар? Шын мәнінде не болды?
10 Үй тапсырмасы: Қар күреген бала, Жаяу сүйреген шана бөлімдерін мазмұндау. Қар күреген бала, Жаяу сүйреген шана бөлімдерін мазмұндау. Бөлімдерге жоспар құру Бөлімдерге жоспар құру
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.