Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемГеоргий Васильев
1 Қазақтың байырғы өлшем бірліктері
2 Ұзындық өлшемдері Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық. Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш – иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш – үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам – адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған.
4 2. Қалыңдық өлшемдері Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі. Қалыңдық өлшемге тұтам, сүйем, қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдаланылған.
5 3. Көлем өлшемдері Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең.
6 4. Салмақ өлшемдері Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.). Бір шелек (су, сүт) – 10 литр. Бір торсық (айран) – 6-7 литр. Бір саба (қымыз) – литр. Бір қап (ұн, қант) – кг. Бір арқа (жүк) – кг. Найза қап, қанар – кг. Пұт – 16 кг, жуық. Бір құлақ су – текше метр. Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.60 кг.16 кг
7 5. Қашықтық өлшемдері Әудем жер – тиіп тұрған жер. Шақырым – 1000 метр. Дауыс жетер жер – 2- 3 шақырым. Көз ұшындағы жер - 2,5-3 шақырым (Кейбір қырағы кісілер шақырымнан көреді). Бір бауыр (бой жазар) жер – 4-5 шақырым. Қозы көш жер – 6-7 шақырым. Құнан шаптырым жер – 8-10 шақырым (құнанды шақырымға да шаптырады). Бір көш жер шақырым. Ат шаптырым жер – шақырым. Түстік жер – шақырым. Күншік жер – шақырым. Ара қоным жер – шақырым.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.