Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЛидия Рылеева
1 16:51:22 Тақырыбы: « Ел болашағы білімді ұрпағында » атты танымдық ойын.
2 16:51:22 Мақсаты; Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың сана сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту. Ойлау,сөйлеу қабілетін шыңдау туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілін арттыру, олардың бойына табиғаттың, ұлттық мәдениеттіңқұндылықтарын сіңіру. Сабақ түрі;Танымдық ойын сабағы Пән аралық байланыс; қазақ тілі, әдебиет,орыс тілі Көрнекілік; ұлағатты сөздер,ақын өлеңдері,табиғат суреттері. Ұлағаты сөздер;Ақыл- шырақ,қара түнді ашатын Білім- жарық, нұрын саған шашатын. Абай Құнанбаев
3 16:51:22 Сабақтың барысы; Мұғалім; Армысыздар,Құрметті ұстаздар мен оқушылар,Бүгінгі сайыста болашақ қоғам адамын рухани интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі күннің күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе, Бүгінгі сайысымыздың « Ел болашағы білімді ұрпағында » деп аталу себебі, бүгінгі жастар мен сендер сияқты бүлдіршіндер- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңісіңдер,мақсат- болашағы бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды насихаттау.Туған ел,табиғатқа деген сезімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретініміз қуанышпен айтамыз. « Білім болашақтың қолында » деген ұранмен сайысымызды бастаймыз. Өмірдің өзі адамды теңестірген Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген, Айнала отырып ап иісі қазақтың Азаматын өзара күрестірген. Ортаға сайысқа қатысатын оқушылардышақырайық.Сайысымызды бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныс болайық.
4 16:51:22 Сайыс кезеңі; 1.Сәлем-сөздің атасы.Таныстыру. 2.Бәйге 3.Әдебиет әлемі 4.Көненің көзі 5.Өнер алды-қызыл тіл 6.Бір сөзбен айтқандақ 7.Шешен кісі сөз бастар. Сайысқа5 « в » сыныбынан 5 оқушы қатысып отыр.Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен белгіленеді. Мұғалім;Сәлемдесу игі дәстүр киелі, Сөзбен қарап кейде шешер шиені. Жақсы сөзге жан семірер қашанда, Жолданады сайыскерлер сәлемі.
5 16:51:22 I кезең « Сәлем сөздің-атасы ».Әр оқушы өздерін таныстыру. 1.Карина; « Асау тұлпар,күш жинаудан ескен орынды Оқуменен еңбекке сал барыңды » 2.Малика; « Ал, балақай,күш жинаудан қалыспа, Содан кейін қыран болып қалыта » 3.Гаухар; «.Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады » 4.Риза; « Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні ғаріп. » 5.Қадиша; Қандай сынақ болса- дағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске.
6 16:51:22 III кезең Әдебиет әлемі. Қай ақын тапшы кәне алғырлар,Ой тастайық жұмбақ жанның сөзіне, Әдебиетте бір ұғатын көп сыр бар Авторын тап қарап алып сөзіне-дей отырып,ұяшықтарда жасрылған ақын - жазушылардың шығармалары берілген.Осы өлеңдеріне қарап қай ақынның қай өлеңі екенін анықтайық.Әдебиет пәнінен теориялық сұрақтарда қойылады.1.Сені көлден айырған Лашын құстың тепкін Мені ерден айырған Хан жәңгірдің екпіні(.Авторы кім?Шығарманың аты.)Жауабы;М.Өтемісұлы « Қызғыш құс » 2.Ел қыстап күн көреді жанабында, Дәм болар,алуан-алуан балығында. Тас-таста алтын таста сынамаққа Сонда да аққан өзен қаныбында (Авторы кім? Тақырыбы) Жауабы;Ы.Алтынсарин.Өзен
7 16:51: АҚСАҚ IV кезең « Көненің көзі – ақылдың сөзі ». Осы әріптердің артында « Ақсақ киік » өлеңінен түсініксіз сөздер жасырылған. Сол сөздердің мағыналарын ашу керек. Саяқ-некен – некен-саяқ аз мөлшерде деген мағынада Бетеге – шөптің аты Бетпақ дала – шөл даланың аты Бөкен – ең сұлу, көріткі аң Шөбі сұйық – шөбі, оты аз мағынада V кезең « Өнер алды-қызыл тіл » Туған жер, табиғат туралы жатқа мақал-мәтел айту Халық өмірдегі өз бақыларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалалар жасап отырған.
8 16:51:22 VI кезең « Бір сөзбен айтқанда » Сұрақтарға бір сөзбен жауап беру. Адамдар оның байлығын пайдаланыуды және оны қорғауды үйренді (табиғат) Барлық Одақ болып жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шықты (қызыл кітап) Даудың бәрін әділ шешетін қазақтың үш кемеңгері (Төле, Әйтеке, Қазыбек) Жер-кім? Кімді осылай ардақтап көтеру керек? (Ана, Ананы) Біздің елімізде нені қорғау туралы нешінші жылы заң қабылданды?
9 16:51:22 VII кезең « Шешен кісі сөз бастар » Халық өзінің қиялдаған арманына жетемін деген сенімінен айырылмаған. Шешендік сөздер қуаныш үстінде дем берушілік, реніш үстінде жұбатушылық қызмет атқарған. Ондай адамдарды « От ауызды – орақ тілді » деп атаған. Ендігі сайысымызды « Табиғат – біздің досымыз » деген атпен әрбір оқушының монологін тыңдайық. Мұғалім: Құрметті оқушылар мен көрермендер, ұстаздар. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді кезекті әділ- қазылар алқасына береміз.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.